kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Асық ойнау тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,- деген болатын.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Асық ойнау тәсілдері»

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК - БҰЛ ТҰЛҒА БОЙЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІҢ ЖИНАҒЫ

Бисенғалиева Әдемі Ғалымжанқызы

Тарих пәні мұғалімі


Торғай аграрлық-техникалық колледжі


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.

«Құзыреттілік» және «құзырет» түсініктері ХХ ғасырдың 90-жылдары отандық педагогика лексиконына кіріктіре басталды да, ағылшын тілінен аударғанда түрлі мағына береді. Мамандардың зерттеуі бойынша құзыреттілік жүйесінде 112 қасиет түрі бар. Ал білім жүйесінде сапа және нәтижеге көзделген құзыреттің жеті қасиетін алуға болады. Осыдан, біз құзыретті оқыту барысында білім алудың білім, біліктілік және шеберліктердің маңызды кешені деп есептеймін. Құзыреттілік бұл тұлға бойындағы барлық қасиеттердің жинағы, оның құзырлығының негізінде пайда болған шеберлігі, бір жұмысты орындаудағы епшілдігі. «Құзыреттілік» түсінігі оқыту үрдісінің нәтижесін бейнелеуде қолданылады; «құзырет» түсінігі алдынғы педагогикада талап етілетін «қалай екенін білем» бағытынан, «қалай қолдануды білем» бағытына негізделеді. Оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогика-психологиялық технологияларда негізделген кәсіби құзырлықтарға ие болу:
- Ақпараттық құзыр;

-Тіл табысу құзыры;

- Оқу-танымдылық құзыр;

- Түсініп бағалау құзыры;

- Жалпы мәдени құзыр;

- Жеке тұлғалығын жетілдіру құзыры;

- Қоғамдық - еңбек құзыры;

- Ақпараттық құзыр теледидар, магнитофон, телефон, факс, компьютер, принтер, модем, көбейткіш және ақпараттық технологиялар (аудио- бейнетаспа, электронды пошта, жалпы ақпарат құралдары, ғаламтор) көмегімен қажетті ақпаратты іздеп, зерттеп және таңдай алып, оны ұйымдастырып, қайта өңдеп жеткізе алады.

Мұғалімнің кәсіби айқындамасы үш блоктан тұрады:
1. Психологиялық-педагогиялық білімділігі – бұл жалпы кәсібі білімі.
2. Психологиялық-педагогиялық біліктілігі – сабақ беру процесінде мұғалімнің өз білімін жеткізе алу қасиеті және қарым-қатынасты ұйымдастыра білуі.
3. Жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерінің маңыздылығы, мұғалімнің мінез-құлқымен өсетін, педагогикалық қызмет процессінің ажыратылмас бір бөлігі ретінде қарастырылады. (Бұл жерде, жалпы мұғалімнің мінез сипаты, студенттерге әсер ете отырып, өзінің біліктілігімен білімін шыңдалуы). Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға студенттің хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады. Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады.»

Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:

- түйінді құзыреттер;

- жалпыланған пәндік біліктіліктер;

- қолданбалы пәндік біліктіліктер;

- өмірлік дағдылар.

«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады:

А) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады.

Ә) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.

Б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің студенттердің алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Білім беру жүйесінде студенттің бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану студенттің қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Студенттің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.

Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады.

Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Студент шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Асық ойнау тәсілдері

Автор: Кабажаев Еркин Ержанович

Дата: 30.01.2019

Номер свидетельства: 497837

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Асы? ойыны "
    ["seo_title"] => string(10) "asyk-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "173479"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423998641"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Асық ату ойыны Асық ату ойыны"
    ["seo_title"] => string(29) "asyk_atu_oiyny_asyk_atu_oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "457320"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1518601505"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Наурызым - асыл айым"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryzym_asyl_aiym"
    ["file_id"] => string(6) "502945"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1552552329"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) ""Ұлттық ойын""
    ["seo_title"] => string(12) "u_lttyk_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "393794"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487580101"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "«?лыс о? болсын!» "
    ["seo_title"] => string(15) "u-lys-on-bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "243474"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445752762"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства