Мотивациялық к Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу : езең: | Әрекетті туындату, түрткі болу шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрап тұрады. Шеңбердің ортасында үлкен гүл өсіп тұрады. Тәрбиеші балалардың көңілін гүлге аудартып: - Қараңдаршы гүлдің бір жапырағында хат жасырынып тұр екен, қане оқып көрейікші. Тәрбиеші хатты алып оқиды: «Сәлеметсіңдар ме ,балалар! Сендерді көрмегеніме біраз уақыттар болып қалды, сендерді мен өте қатты сағындым менің гүлдер сарайыма бүгін қонақ болып қайтсаңдар қайтеді, сендерді тосамын " сәлеммен Гүл ханшайымы. - Балалар, гүл ханшайымына қонаққа барайық па? -Тәрбиеші мен балалар гүл ханшайымына барады Гүл ханшайымы: - Балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды, сендерді мен өте қатты сағындым, сендерге мен көптеген қызықты тапсырмалар, ойындар да дайындап қойдым, бәріміз қызықты уақыт өткізейікші, сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Гүл ханшайымы: - Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші: Құлпырса қадірлейді,аялайды. Қураса сыпырғышқа жарамайды. -Орыс тілінде гүлді цветок деп айтамыз. -Қане балалар қайталап айтайықшы. -Балалар, қандай гүлдерді білесіндер? -.Ал қане балалар мен сендерге гүлдермен таныстырайын -Балалар, бұл бәйшешек гүлі. Бәйшешек – сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен. -Бәйшешектің түсі қандай? -Жапырағы қандай түсті? -Бәйшешекті орыс тілінде – подснежник деп айтады. Қане қайталап айтайықшы.
| Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын! Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Ал,кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге..... Сәлеметсіздерме,апайлар!
-йә барайықшы (Гүл). -Гүл-цветок Ақ -Жасыл
-Бәйшешек- подснежник |
Дидактикалық ойын Рефлексия | -Балалар ал мынау бақ-бақ гүлі. Бақбақ – көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі.Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады. -Бақ-бақтың түсі қандай? -Жапырағы қандай түсті? -Бақ-бақты орыс тілінде одуванчик деп айтамыз. Қане бәріміз айтайықшы. -Балалар, мынау қоңыраугүл. Қоңыраугүл – жапырағы жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді. -Қоңыраугүлдің түсі қандай? -Жапырағы қандай түсті? -Қоңырау гүлді орыс тілінде колокольчик деп айтады. Қане бәріміз айтайық. Қызғалдақ – көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі. Қызғалдақ – ғашықтық, махаббат белгісі екен. -Қызғалдақтың түсі қандай? -Балалар бұл қызғалдақ гүлі. -Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті? -Қане бірге айтайықшы, орыс тілінде – тюльпан деп айтады. -Балалар бұл раушан гүлі. -Раушанның жапырағы қандай түсті? -Қане бірге айтайықшы, орыс тілінде – роза деп айтады. -Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше бір сергіп алайық. Гүл ханшайымы: -Гүлдер қайда өседі? -Гүлдер далада, бөлмеде, орманда өседі. Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлдер орманда, далада, бөлмеде өседі екен.
Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет? - Дұрыс айтасыңдар балалар, біз гүлдер туралы тақпақтар білеміз бе ?
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар сендер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. енді бір ойын ойнасақ қайтеді? "Гүлдерді құрастыр" Барысы: Балалардың алдарында гүлдердің бөлшектері араласып шашылып жатады, соларды бір түске келтіріп гүлдерді құрастырып қоюлары керек. Гүл ханшайымы: - Балалар мен сендердің келгендеріңе өте қатты қуаныштымын, сендер барлық тапсырмалардан сүрінбей өттіңдер сол үшін мен сендерге өз сыйлығым бар беретін. Тәрбиеші: - Ал балалар, біздің топқа қайтатын уақытымыз да келіп жетті, гүл ханшайымына үлкен рахмет айтып, қоштасайық.
Балалар сендерге іс әрекект ұнады ма? Біз бүгін не туралы үйрендік? Сендер гүлдерді ұнатасыңдарма? Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет? Дұрыс айтасыңдар тамаша балалар рахмет сендерге бүгін сендер іс әрекетке өте жақсы қатыстыңдар сау болыңдар. | -Сары Жасыл: Бақ-бақ- одуванчик.
-Көк -Жасыл Қоңыраугүл- колокольчик
Сары -Жасыл Қызғалдақ-тюльпан -Жасыл Раушан-роза -Гүлдер далада, бөлмеде, орманда өседі - Топырақ, күннің көзі, су қажет.
-Иә, біз гүлдер туралы тақпақтар білеміз. 1.бала: Жақсылықты қолдаймыз, Табиғатты қорғаймыз. Гүлегемізбақтарға Айналасын қоршаймыз. 2 бала: Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер. Өсе берші нұрланып, Өсе берші ырғалып. 3 бала: Гүлсіз бұлбұл сайрамас, Гүлсіз дала жайнамас Бізге нұрын шашады Көздің жауын алады. 4.бала: Гүлдер нәзік болады Қаулап өсіп толады. Қарамасаң аялап Солып, қурап қалады. 5.бала: Бәйшешектен білеміз Көктем келіп қалғанын. Мәз боламыз, күлеміз Көрсек бүршік жарғанын. 6.бала: Үлбіреген бақ-бақ, Үлпілдеген аппақ. «Уф», – десем бақ-бақ Ұшасың ғой қаптап. 7.бала: Қоңыраудай болған соң, Қоңыраугүлі аталған. Бір түбінен жамырап. Бірнеше гүл бас алған. 8.бала: Жомарт мынау табиғат Өсіргендей бізге арнап Қып –қызыл боп жалындап Қырға өседі қызғалдақ. - Иә, ойын ойнайық. Балалар гүл құрастыруда Балалар қуанады Рахмееет сау болыңыз!
Йә Гүлдер Йә Су, ауа,күтім Сау болыңыздар. |