Ту?ан елім -ту?ан жерім ?аза?стан.(Ашы? саба? тілдер к?ніне арнал?ан)
Ту?ан елім -ту?ан жерім ?аза?стан.(Ашы? саба? тілдер к?ніне арнал?ан)
Солт?стік –?аза?стан облысы.?.М?сірепов ауданы.Целинный орта мектебі К?зенова М.Т.?аза? тілі ж?не ?дебиеті п?ніні? м??алімі
Та?ырыбы: Ту?ан елім -ту?ан жерім ?аза?стан.(Ашы? саба? тілдер к?ніне арнал?ан)
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: жа?а,?ткен та?ырып бойынша о?ушылар?а сапалы білім беру, с?здік ?орларыны? сапасын к?теру. Буын т?рлерін ажырата білуге да?дыландыру. ?ндестік за?ыны? са?талуын игеру. Практикалы? ж?мыс?а к?п м?н беріп, тілдесімге жетелеу
Дамытушылы?: Жа?а та?ырып бойынша о?ушылар?а сапалы білім беру, с?здік ?орларыны? сапасын к?теру. Буын т?рлерін ажырата білуге да?дыландыру. ?ндестік за?ыны? са?талуын игеру. Практикалы? ж?мыс?а к?п м?н беріп, тілдесімге жетелеу.
Т?рбиелік: Отанын с?юге, ?з Отаныны? р?міздерін білуге, ?адірлеуге, адамгершілікке т?рбиелеу. О?ушыларды сауаттылы??а т?рбиелеу. ?жымда е?бек ету, бір-біріне деген досты? ы?ыластарын ояту.
Просмотр содержимого документа
«Ту?ан елім -ту?ан жерім ?аза?стан.(Ашы? саба? тілдер к?ніне арнал?ан) »
Солтүстік –Қазақстан облысы.Ғ.Мүсірепов ауданы.Целинный орта мектебі Кәзенова М.Т.Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Туған елім -туған жерім Қазақстан.(Ашық сабақ тілдер күніне арналған)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа,өткен тақырып бойынша оқушыларға сапалы білім беру, сөздік қорларының сапасын көтеру. Буын түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Үндестік заңының сақталуын игеру. Практикалық жұмысқа көп мән беріп, тілдесімге жетелеу
Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша оқушыларға сапалы білім беру, сөздік қорларының сапасын көтеру. Буын түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Үндестік заңының сақталуын игеру. Практикалық жұмысқа көп мән беріп, тілдесімге жетелеу.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, өз Отанының рәміздерін білуге, қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір-біріне деген достық ықыластарын ояту.
Психологиялық дайындық: -Балалар, көздеріңізді жүмыңыз. Елестеніші өз туған жеріңіз, еліңізді.Қандай түстеп көріп тұрсыңдар?
Көздеріңіз табиғаттың сұлулығын, көгілдір аспанды, қоршаған ортаны көреді.
-Ендеше, балалар, көздеріңізге қарап табыс, жақсылық тілеңіздер.
Үй тапсырма тексеру.
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Туған елім -туған жерім Қазақстан».
-Балалар, 22 қыркүйек қандай мереке?
Тіл деген – қай тілде болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.Әр халық ана тілі – білімінің кілті. Тіл, сөз дегеніміз – ата- бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Тіл адамдардың болса да басынын өткендері, қилы кезеңдері өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан. Тіл – біздің тұтастығымыз “ Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі - өте бай тіл.
.Жаңа сабақ:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
II.Грамматикалық тақырып:
III.Лексикалық тақырып:
IV.Сөздік жұмысы:
V.Тапсырамлармен жұмыс:
1-4.тапсырма.
VI.Бекіту.
VII.Үйге тапсырма беру.
Балалар тақпақ айтады.
Қазақтың салт- дәстүрлерімен таныстырып шығу. көрсету
Мақал- мәтел оқу,есте сақтау, жазғызу.
Рефлексия :
Балалар бүгін сабақта не түсндіңдер, қандай жаңа сөздер жазылды.
Балаларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады .
1.Қазақстан кандай мемлекет? Тәуелсіздік мемлекет.
2.Елімздің Презеденті кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
3.22-қыркүйек кандай мереке? Тілдер күні.
4.Қазақ халқы қандай адам? Қонақжай халық.
5.ҚР туы қандай түсті? Көгілдір.
6.ҚР мемлекеттік тілі қай тіл? Қазақ
Құрметті қонақтармен, балалар! 22 қыркүйек -Тілдер күні құтты болсын!
Уважаемые гости и ученик поздравляю всехс праздником днем языков!
Сабақтың тақырыбы: Отырар - Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру. ә) тәрбиелік: Оқушыларға ата – бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасқанын айта отырып, елсүйгіштікке, Отансүгіштікке тәрбиелеу. б) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, мәтінмен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мәтін, сөзжұмбақ, суреттер Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) сәлемдесу ә) түгелдеу б) сабаққа назар аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Ортағасырлық қалалар (үш бөліктен) тұрды? Цитадель ----- Патша сарайы, әкімшілік басқару орындары Шахристан ---- Кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері Рабат ------------ Еңбекші халық
«Кім көп біледі?» ойыны.
1. ҮІІ – ХІІ ғғ қалаларды ата. 2. Әл Идриси, Гардизи сияқты саяхатшылар Қимақ, Қарлұқ иеліктеріндегі қалалар жөнінде не жазды? 3. Бұл қалаларды кім басқарды? 4. Х – ХІІ ғғ ірі қалалардың құрылысы туралы не айтасың? 5. Ортағасырлық қалаларды ата. 6. Түркістан қаласының ежелгі атауларын ата. 7. Түркістан атауы қандай мағына береді? 8. Қыпшақ мемлекетінің басты саяси және мәдени орталығы қай қала болды?
ІІІ. Жаңа сабақ: Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү – ХҮ ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.
Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын орталық бөлігін басқалардан бөліп тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал - мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен - жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту: а) Мәтінмен жұмыс Отырар – ертеден батыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша оның орнында осыдан бір жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Есіл өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған медреселер мен ұстаханалардың ашылуы болды. Қала мықты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін екі қақпа болған. Қала бес үлкен дуалмен қоршалған. ә) Сөзжұмбақ «Отырар»
Ү. Сергіту сәті. б) «Кім жылдам?» ойыны 1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды? 2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды? 3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды? 4. Қарапайым халық қайда тұрды. 5. Монғол мемлекетін кім құрды? 6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті? 7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды? 8. Бұл қырғын қалай аталады?
Сабақтың тақырыбы: Зергерлік Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары және олардың жасалу жолдары туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың қолөнере бұйымдарына деген қызығушылықтарын дамыту; Тәрбиелік: оқушылардың ұлтжандылыққа, бабалар өнерін жалғастыруға ұлттық өнерін қастерли білуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру; Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы зергерлік туралы мағлұмат беру, суреттерін көрсету; сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі; Үй тапсырмасын сұрау; Жаңа сабақты түсіндіру; Сабақты бекіту; Бағалау; Өтілген үй тапсырмасын сұрау; Темірді көркемдеп өңдеу дегеніміз не? Ұста мен зергердің айырмашылығы неде? Ісмер деп кімдерді айтамыз? Жаңа сабақ: Зергерлік өнер-ерте заманнан келе жатқан , әр халыққа көп тұрған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, тас және сүйекті пайдаланып , сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару-жарақ, саутыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары, сияқты материалдарды кең түрде пайдаланған. Бұйымдарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ безерлендіру, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты орналастыру, кірктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу т.б.әдістер жетерлік. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға , білезік, жүзік,сақина, ,шолпы, алқа, , қатырма, шашбау т.б.). Ұсталары -батыр балалардың қару-жарақтарын (айбалта , көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісі, қорамсақ, садақ, шоқпар). Шеберлері-үй іші мүліктерін (кебеже, жүкаяқ,ағаш төсек т.б.) Аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшонтайт.б) Музыкалық аспаптар ( асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы т.б.) Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай) Көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл сабақша)т.б. көптеген бұйымдар жасай беруге болады. Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсі үшін , оларға алуан-алуан түрлі әшекейлер бұйымдар жасаған. Олардың ішінде ең көріктісі де, қымбасы да –сәйукеле. Сымбатты сәйкеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезіңде 1-2 мың сом күміс ақша немесе 100 мың жылқының ақшасымен бағалаған. Сабақты бекіту: сөзжұмбақты шешкенде ерекше көзден бүгінгі тақырыбымыздың аты шығады:
Әйелдерге арналған әсем бұйым? алтын адам қай жылы табылды? Қолы епті адам? Зергер құрал-саймандарын не деп атайды? Қыздардың көректі бұйымы? Көп қолданылатын өю өрнек?
Сонымен бүгінгі сабағымызда зергерлік туралы көп мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймың. Зергерлік көнеден келе жатқан өнер. Оны ата-бабаларымыздан қалған мұралар деп атаймыз. Біз бұл бұйымдарды күнделікті өмірде, тұрмыста кездестіре аламыз. Сондықтанда біз сіздерге үйретіп, кейінгі ұрпақтарымызға жалғаса береді деп ойлаймыз.
Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар Сабақтық мақсаты: білімділік: Қазақстандағы зергерлік өнермен таныстыру, туған халқының мәдениетіне деген қызығушылық пен құрмет сезіміне баулу. дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін. шығармашылық қабілеттерін, композиция сезімін, графикалық қабілетті дамыту. тәрбиелік: сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, оқушыларды шапшандыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт-дәстүрге баулып, тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: ұлттық нақышта безендірілген зергерлік бұйымдардың фотосуреттері мен көшірмелері. Керекті құрал-жабдықтар: қайшы.түрлі түсті қағаз. Фольға.биср.желім мен ПВА. Қарандаш.өшіргіш. Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, әдебиеттік оқу, математика. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сарамандық. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. -Біздің Республикамыз қалай аталады? -Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? -Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды? -Тәуелсіздік елімізге не өзгеріс алып келді? -Тәуелсіз ел болғанымызға неше жыл болды? ІІ. Өтілген тақырыпты сұрақтармен бекіту. 1. Жоба көрнекті болу үшін не істеу керек? 2. Макет деп нені атаймыз? 3. Макеттерді неден жасауға болады? ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау IV. Зергерлік қазақтың ұлттық қолданбалы өнері туралы түсінік беру. Зергерлік қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің үй кәсібіне айналған өзге түрлеріне қарағанда кәсіби сипатқа ие болды.Қазақ зергерлеі (парсы тілінен аударғанда зер-зар«алтын» деген мағынаны білдіреді) жеке дара жұмыс жасалған,ал шеберлік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.Зергерлердің қолынан шыққан өнімдердің денін әйелдердің әшекей бұйымдары құрайды.Ерте қазақтың әрбір әйелі күміс сырға,білезік. шашбау сынды әшекейлер таққан, бұл металдан жасалған бұйымдар бүгінгі таңда да ұлттық киімдерді толықтырып келеді.Әшекейге қарап әйелдің қай өңірде тұратынын, жасы мен әл-ауқатын аңғарған.Қазақ қоғамында зергерлік -әшекейлердің түр-пішіні мен саны әйелдің жасына сәйкес келуі тиіс.Жас қыздар қарапайым пішінде жасалған сырғалар мен білезіктер тағады.Ал тұрмысқа шыққаннан кейін біртіндеп қарапайым әшекейлерге ауысады.Әдетте әйелдер бір қолға үш-төрттен жүзік пен сақина таққан. V. 1.Шашбау. 2. Білезік. 3 Сырға. 4.Жүзік - туралы мағұлмат беріледі. VI. Жаңа сабақты түсіндіру.(дайын шаблонмен қапсырманы фольгамен жасалу жолдары көрсетіледі.) VII .Қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алу. «Келісіп пішілген тон келте болмас» деген мақалды қолданып, Жарқылдаған қос қылыш Қолға тисе жоқ тыныш (қайшы) Қайшымен жұмыс кезіндегі техниқалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру. VIII. Сарамандық жұмыс. -Коллаж жасаған кезде суретті дұрыстап, тігінен немесе көлденеңінен орналастырып алу қажет. -Сурет тым ұсақ болмауы тиіс, өйткені коллаж элементтерін қию қиынға соғады. -Коллаж элементтерін мұқият жабыстырамыз.Желім шығып кетіп, жұмысты бүлдірмеуін қадағалаймыз. IX. Мақалдармен жұмыс. Оқушылар өздері білетін мақалдарды айтып мағанасын ашады. X. Бағалау: оқушылардың өз ара жасаған жұмыстарын салыстыра отырып, ережелердің сақталуын, жұмыстың ұқыптылығына қарай және оқушы түсінігін Сұрақ қою арқылы байқау, бағалау. XI. Үйге тапсырма: Әр оқушы өзінің жұмысын аяқтап келеді және зергер сөзіне Сөзжұмбақ құрастырып келу. XII Жұмыс орнын жинақтап, сабақты аяқтау.
Сабақтың мақсаты: Тәуелдік жалғаулары Тәуелдік жалғауы туралы түсінік беру. Зат есімнің тәуелденуімен таныстыру. Тәуелдеу жағдайларын жаттығулар арқылы пысықтау Көркем, сауатты жазу дағдыларын дамыту Оқушыларды достыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, анаграммалар мен тірек -сызбалар Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап Сабақтың құрылымы мен мазмұны: І.Бағдарлау-мотивациялық кезеңі. А) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Тіл туралы өлең жолдарын жатқа оқу. Тіл туралы. Әбділда Тәжібаев. Туған тілім тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. ...Тілсіз хайуан-бишара, Бишараға не шара. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінің екінші шумағы Ал екінші бақытым-тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Қадыр Мырза Әли атамыздың «Ана тілі» өлеңі Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. -Міне, балалар кемеңгер ақын-жазушыларымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен. «Тіл-ұлттың мақтанышы» дегендей қуанышты сөздермен өз сабағымызды бастаймыз. Біздің сабағымызға саяхатшы бала қонаққа келіпті. Оның есімі Кәкімбек. Ол бүгін бізбен бірге болып, өзінің қызықты әңгімелерін айтып, тапсырмаларын береді. Сөйтіп бізбен бірге достасады. Ә) Үй тапсырмасын сұрау. -Мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Астана қалаларында болдым.Астана қаласында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты көрдім. Есіл, Нұра өздеріне бардым. Бұл қалалар маған өте ұнады. Табиғаты тамаша екен. Тау, орман, көлдер мен аң, құстар әр алуан екен. Өнері жақсы дамыған. Әншілер әсем ән айтып, бишілер би биледі. Мен көп достар тауып, олармен қызықты ойындар ойнадым. Бірге кітаптар оқып, әңгімелер айтып, өлеңдер жаттадық. Бір-бірімізге сыйлықтар жасадық. Оқушылармен сұра-жауап өткіземін. Мұғалім: -Енді балалар менің қысқаша ертегіме құлақ түрейікші. Ерте-ерте ертеде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты Зат есім екен. Зат есім өз балаларына арнап түрлі жалғаулар алыпты. 1. Көптік жалғау 2. Тәуелдік жалғау Ол көптік жалғауды өз балаларына бергенде, олар ешқандай өзгермепті. Тек қана саны көбейіпті. Ал, тәуелдік жалғауын бергенде балалары өзгеріп кетіпті. ІІ.Операциялық-орындаушылық кезең. Жаңа сабақ. -Олай болса, біз бүгін Зат есім ақсақалдың балалары тәуелдік жалғауын қалай қабылдауын, яғни тәуелдік жалғауларымен танысамыз. Тәуелдік жалғауы деген не? Ережесі және мысалдармен түсіндіру. Заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншкті) екенін білдіретін жалғауды тәуелдік жалғауы дейміз. Тәуелдік жалғауының үш жағы және жекеше, көпше түрі болады Жекеше Көпше І жақ Менің -м,-ым, -ім Біздің -ымыз, -іміз,-мыз,-міз ІІ жақ Сенің Сіздің -ң, -ың, -ің -ыңыз, -іңіз,-ңіз, -ңыз Сендердің Сіздердің -тарың,-терің, -дарың, -дерің,-ларың,-лерің, -тарыңыз,-теріңіз,- дарыңыз,-деріңіз,-ларыңыз,-леріңіз ІІІ жақ Оның -ы,-і,-сы, -сі Олардың -ы,-і,-сы,-сі Көркем жазу Менің атым-.................... Жасым тоғызда. Зат есімді тәуелдеу үлгісі: Менің әжем Біздің әжеміз Сенің әжең Сендердің әжелерің Сіздің әжеңіз Сіздердің әжелеріңіз Оның әжесі Олардың әжесі Сергіту сәті. «Әуенді тап» ІІІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңі Бағалау парағымен жұмыс. Оқушылар бағалау барағына бір-біріне баға қояды. Бағалау парағы № Оқушының аты-жөні Сұрақ-жауап Көркем жазу Өзіндік жұмыс Есте сақтау диктанты Бүгін не үйрендім? - -Балалар, қазақ тілін жақсы меңгеріп әлемге танытатын сендер болатындарыңа мен сенемін. Өмірде тек қана қуаныш соңдарыңнан еріп жүрсін. Рахмет, балалар, сау болыңдар.
№ мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік қаласы
Сабақтың мақсаты: жаңа сабақты меңгерту.
Білімділік: қазақ тілінің төл дыбыстарының артикуляциясын қайталау; сөйлемдегі сөздердің орын тәртәбі меңгерту. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, тілінде сөйлем құралымын сақтай отырып, сөйлемдер құра алуға дағдыландыру. Дамытушылық: сөздік қорынбайыту; ауызекі сйлеу тілін дамыту; жаңа сөздерді пайдалана отырып, өз туған өлкесі туралы әңгімелей алуға.
Тәрбиелік: экологиялық тәрбие, өз қаласының тазалығын сақтау. Патиротты тәрбие; атақты дерлестері туралы мәлімет беру, туған жеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Сабағымызды бастамас бұрын бір –бірімізді қолдай отырып, сәттілік тілейік.
Балалар сабағымызды сұрақ- жауап арқылы тәлім сәтінен бастайық.
-Әрбір адам? – Туыс, дос.
-Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу.
-Әрбір ісің? – Тіршілік, тіршілік.
-Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік.
Жақсы балалар, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
Тіл дамыту сұрақтары:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сұрақ- жауап
Бүгін аптаның қай күні?
Қазір бізде қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Ауа райы қалай?
Қазір жылдың қай мезгілі және айы?
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздікпен жұмыс:
Сергіту сәті: Жаңа сабақ:
1-Жаттығу. Мәтінді оқы.
Астананың символы –Бәйтерек монументі. Бәйтерек монументін сәулетші Ақмырза Рустемов жобалаған.Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» конкурсында Астана «Бейбітшілік қаласы» аталады.Астанада «Достық пен келесім» сарайы бар. Ондағы үкімет үйіне түрлі мемлекеттердің басшылары келеді.
2-Жаттығу. Сөзжұмбақты шеш.
3-Жаттығу. Сұрақтарға жауап бер.
Сен қай жерде тұрасың?
Онда қандай ескерткіштер бар?
Туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білесің?
4-жаттығу. Тиісті сөздерді аяқтап жаз.
Менің атым- Арман. Мен Қазақстанда тұрамын.Біздің Қазақстан өте әдемі. Мұнда .... бар. Бізің сынып оқушыларытетрға жиі барап тұрады. Мен Отанымды сүйемін.
5-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аяқтап жаз.
Қазақстанның солтстігінде орналасқан қалалары: Астана, Көкшетау, Қостанай.
Оңтүстікте орналасқан қалалар:...., ....., .
Батыста орналасқан қалалар:....,....., ... .
Шығыста орналасқан қалалар:..... .. .
Мақал: Туған еліңнің даңқын арттыр!
Бекіту
Рефлексия
Балалар бүгін сабақта не түсіндіндер, қандай жаңа сөздер жазылды.
Бағалау.
Үй тапсырма:
№ мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Түркістан
Сабақтың мақсаттары: жаңа сабақта алған білімдерін көтеру.
Білімділік: дауыссыз дыбыстарды қайталау. Түркістан қаласы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық:ссөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: сөз еліміздің тарихын біліп, оны құрметтеуге баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Тіл дамыту сұрақтары:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сұрақ- жауап
Бүгін аптаның қай күні?
Қазір бізде қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Ауа райы қалай?
Қазір жылдың қай мезгілі және айы?
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздікпен жұмыс:
Сергіту сәті: Жаңа сабақ:
1-Жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Жалқы және жалпы есім сөздерді екі бағанға бөліп жаз.
Түркістан – көне қала. Ол Қаратау мен Сырдарья өзенінің ортасында орналасқан. Қаланың көне аттары – шабғар, Йасы. Түркістан –«түріктер мекені» деген сөз. Түркестан Қожа Ахмет Йасауи кесені бар. Бұл –ғажайып ғимарат. Қожа Ахмет Йасауи – белгілі түрік ғалымы. Түркістан – қасиетті жер.
Балалар бүгін сабақта не түсіндіндер, қандай жаңа сөздер жазылды.
Бағалау.
Үй тапсырма:
№ мерзімі............
Тақырыбы: Алматы қаласы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу; Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету; Тәрбиелік: Атамекенін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру; Сабақ түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, аударма, ойын элементтері Көрнекілігі: Суреттер, Алматы қаласының суреттері Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен жүздесу, сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа бұру 2. Жаңа сабақ Бүгінгі біздің жаңа тақырып «Алматы қаласы» Жаңа сөздер: Алатаудың етегінде – у подножия Алатау әлемге әйгілі – известный всему миру мұзайдын – ледовый каток балдай – сладкий как мед
Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы. Оқылым: Мәтінмен жұмыс Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан. Сұрақ-жауап Енді, балалар бізге «Сұрақтар әлемінен» хат келіпті. Ол хатта сұрақтар бар екен. Кәне, сұрақтарға жауап берейік. Алматы қандай қала? Ол қайда орналасқан? Алматыда нелер бар? Медеу мұзайдынында нелер өтеді? Мәнерлеп оқу Алматым менің Алматының бағы қандай? Алмасының дәмі балдай. Аспанынан арайлы, Алтын сәуле тарайды. (Н. Әлімқұлов) Айтылым: Кел, сөйлесейік! (диалог) - Асыл, сен Алматы қаласына бардың ба? - Иә, демалыс кезінде апаммен қыдырып бардым. - Алматы қаласының қандай көрнекті жерлерін көрдің? - Көктөбеге бардым. Көктөбедегі әйгілі мұнараны көрдім. - .... Жазылым: Фонетикалық жаттығу Мәтіннен қазақ тіліне тән дыбыстарға басталатын сөздерді тауып жаз. «Ә» - «Ө» - «Қ» - Мәтіннен жуан және жіңішке сөздерді тап. Жуан Жіңішке ....... ......... 3. Сергіту сәті Көп нүктенің орнына тиісті сөз жаз. Алматы ......(қаласының, өлкесінің) оңтүстік жағынды Алатау бар. Алатаудың ... (жағасында, етегінде) «Медеу» мұзайдыны бар. Алматыда ... (көп, аз) адам тұрады. «Ойлан, тап!» 1. Өте, әдемі, қала, Алматы. 2. етегінде, Алатаудың, орналасқан. 3. «Медеу» мұзайдыны, бар, Алматыда. 4. Алматыда, бар, цирк. «Буынға буын қос!» Ал... Қа... Өде.. Мек... Оқу... Оқушыларға хормен оқыту «Сандар сөйлейді!» ……. «Шатыспақ!» Сөздердің дұрысын тап! Лаам Матыал Аалқ Сөздердің аудармасын тап! Край -.. Комната - ... Флаг - ... Вода – су Город - ... Мальчик - ... 4.Үй тапсырмасы. Алматы қаласы туралы әңгіме құрау. 5. Қорытынды. Алматы қаласы туралы не білдік? Алматы қаласында тұрғанымызға мақтан ете аламыз ба?
№ 46 мерзімі 28.11.
Сабақтың тақырыбы: Бебітшілік қаласы Сабақтың мақсаты: Граматикалық тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру және жан - жақты жетілдіру. Білімділік:Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың тілдерін дамыту. Дамытушылық:Оқушылардың таным дүниесін кеңейту. Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, қалаға сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Көрнекі құралдары: мемлекеттік рәміздер, қабырға газеті: Өскемен қаласы, Сабақтың типі: саяхат Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, іздендіру, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Біздің сабағымызға қош келдіңіздер! Туған жер - алтын бесігім Тербеттің мені төсінде Жүреді сенің есімің Ер жеткен кезде есімде. ( «Туған жер» әнінен) Бұл біздің сабағымыздың ең басты мақсаты. Сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Біз автобуспен қаланы аралаймыз, бірнеше аялдамаға тоқталамыз. 1 Аялдама Ауызекі сөйлеу Тыңдаңыздар, сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Сендер қай Республикада тұрасыңдар? 2. Қазақстан Республикасы қандай ел? 3. Қазақстан Республикасының елбасы кім? 4. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар. 5. Әнұранның сөзін, әнін кімдер жазған? 6. Елтаңбада не бейнеленген? 7. Туда не бейнеленген? Егемен еліміз бен тәуелсіз жас мемлекетіміздің рәміздерін білу, олар бейнелеп тұрған ойды терең түсіну - біздің азаматтық парызымыз. 8. Қазақстанның қандай белгілі адамдарын білесіңдер? 9. Қазақстанның астанасы қай қала? 10. Қазақстанда қандай қалалар бар? 11. Сендер қай облыста тұрасыңдар? 12. Сендер қай қалада тұрасыңдар? 13. 30 тамыз қандай мереке? 14. 16 желтоқсан қандай мереке? 2 Аялдама Тапсырманы орындау Мәтінмен жұмыс: Қазақстан Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру. 3 Аялдама Ойлан, тап! Қазақтар көршісімен тату тұрған. Көрші - көрші дестің бе, ыстық бауырсақ жедің бе? – деп бауырсақ болса да бөлісіп жеткен екен. Қазір біз де өзімізге жақсы көрші тауып алу үшін « Көрші – көрші» ойынын бастап жіберейік. Жұппен жұмыс. Сөйлемдерді құрастыру ( 7 сөйлем оқушылар құрастырады). Сөздер кәртішкелерге жазылған. Өскемен Біз Өскемен қаласында тұрамыз. Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Өскемен қаласы 1720 жылы салынған. Қалада көптеген мектептер, медицина мекемелері, кітапханалар, мәдениет сарайы, 3 мұражайы, университеттер бар. Қаланың кең, әдемі көшелері, даңғылы көп. Ол Абай даңғылы, Мұхтар Әуезов даңғылы, Пролетар, Орджоникидзе көшелері. Біздің қала әсем. Қала көшелерінің тарихы. 1 оқушы Карл Либкнехт көшесі. Троицкая көшесі қаладағы ең көне көше. Көше Ертіс өзенінен бастап, Үлбі өзенінен бітеді. Бұл көшеге Өскемен қаласының ең бай адамдары үйлерін салған. 1920 жылы бұл көшеге К. Либкнехт аты берілді. 2 оқушы Мир көшесі Андреев көшесі Ертіс өзенінен басталып, базар аланын қиып өтеді. 1886 жылы бұл көшеде ерлердің бастауыш екі қабатты училищесі салынған. Қазір бұл көше Мир көшесі. Бұл жасыл желекке бөленген тыныш көше. 3 оқушы Киров көшесі 1935 жылға дейін бұл көше Үлкен көше деп аталған. Сол кезде ол үлкен, түзу, шулы көшелердің бірі болды. Бұл жерде бірінші рет қалада тастақ және ағаш тротуарлар салынған, халықтық мерекелер, жаңа жыл өткізілген. Қазір бұл көше – Киров көшесі. 4 оқушы Ушанов көшесі 19 ғасырдың екінші жартысында Никльский көшесі пайда болды. Бұл жерде жоғары мәртебелі адамдар тұрған. Бұл көшенің ең көріктісі Приходской училищесінің ғимараты, 1897 жылы салынған. 1930 жылдан 1958 жылға дейін бұл ғимаратта мұғалімдер училищесі болған. Қазір бұл көше- Ушанов көшесі. 4 Аялдама Аудармашы Мәтінді орыс тіліне аудару Қала Біз үлкен қалада тұрамыз. Қаланың кең, әдемі көшелері, даңғылы көп. Біздің қалада қонақ үйлер, кітапханалар, тоғыз қабатты үйлер бар. Қалада мұражайлар, театр, мәдениет сарайы бар.Біздің қала әсем. Сабақты қорытындылау Ал, балалар! Саяхатымыз өте жақсы өтті. Білімдеріңді жақсы көрсете алдыңдар. Үйге тапсырма 1.Отан туралы мақал - мәтелдер жаттап келу (5) 2.Мәтін: Біздің қала (7 сөйлем жазу) 3.Сөз жұмбақ құрастыру: Өскемен.
№ 43 мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақта алған білімін есіне түсіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
1) Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
2) Бүгін неше сабақ болады?
3) Бірінші сабақ қандай?
4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)
ІІ. Қатемен жұмыс
а) Сөздік жұмысы.
Мәтінмен жұмыс.
Балалар к/б40.
1-жаттығу.Қарамаен жазылған цифрларды сөзбен жазындар.
ІІІ. Сергіту сәті
К/б 41 ережені кім айтып береді. 3тапсырма.Астана қала туралы кім айтып береді
Жазылған диктанта жіберген қателерді жазып шығындар
IV. Үйге тапсырма.
Қайталау.
№ мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның мерекелері.
Сабақтың мақсаттары: жаңа сабақта алған білімдерін көтеру.
Білімділік: Қазақстанның мерекелері туралы мәлімет беру.Қандай Қазақстанда өте маңызды мерекелері бар екенін айту.
Дамытушылық: сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: сөз еліміздің тарихын біліп, оны құрметтеуге баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Біздің сабағымызға қош келдіңіздер!
Тіл дамыту сұрақтары: Сабағымызды бастамас бұрын бір –бірімізді қолдай отырып, сәттілік тілейік.
Балалар сабағымызды сұрақ- жауап арқылы тәлім сәтінен бастайық.
-Әрбір адам? – Туыс, дос.
-Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу.
-Әрбір ісің? – Тіршілік, тіршілік.
-Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік.
Жақсы балалар, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
Тіл дамыту сұрақтары:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сұрақ- жауап
Бүгін аптаның қай күні?
Қазір бізде қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Ауа райы қалай?
Қазір жылдың қай мезгілі және айы?
Үй тапсырмасын тексеру.
Сергіту сәті: Жаңа сабақ:
Бұл біздің сабағымыздың ең басты мақсаты.Қазақстан мерекелері туралы толық мағлумат алу.
1-жаттығу Қазақстан мерекелерін жазбаша орында.
8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні.
22- наурыз – Наурыз Мейрамы
1-мамыр –Қазақстан халықның бірлігі күні.
7-мамыр - Отан қорғаушы күні.
9- мамыр – Жеңіс күні.
4- маусым – Мемлекеттік рәміздер күні.
6- шілде. – Астана күні.
30 тамыз –Конституция күні.
1-қыркүйек – Білім күні.
5- қазан – Мұғалім күні.
2- қазан -Республика күні.
1-желтоқсан - Тұнғыш Перзидент күні.
16- желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Тапсырма.Колдарынызға берілген карточкалардағы тапсырманы орындандар.
1-Карточкада: 16желтоқсан туралы айтып бер./жазбаша/
2-карточкада: 22- наурыз туралы айтып бер.
карточкада: 7-мамыр туралы айтып бер.
2-тапсырма. Топпен жұмыс /Работа в группе/
Парақта жазылған сөздермен сөйлем құрастырында.Әр бала 3- сөйлемнен жазады.
Тұнғын Президент, Нұрсұлтан Назарбаев, Мұғалім күні,1-қыркүйек ,Астан күні, 8 наурыз.
3-тапсырма. Жолдасымен диалог құрастыр.
-Сәлем!
-Сәлем!
-Сен Қазақстан мерекелерін білесің бе?
-Иә, мен Қазақстан мерекелерін білемін.
-Биылғы жылға қандай мереке қосылды?
-2013 жылдан Тұнғыш Президент күні қосылды.
- Ал саған қандай мереке өте ұнайды?
- Маған 22- наурыз.
-Немен саған ұнайды?
- Көктем басталады, мал төлдейді, күн жылынады.
- Сау бол!
-Сау бол!
Бекіту
Рефлексия
Балалар бүгін сабақта не түсндіңдер, қандай жаңа сөздер жазылды.
Тақырыбы: Менің Астанам Сабақтың мақсаты: Астана туралы толық мағлұмат беру. Білімділік:Астана туралы қазақша сауатты әңгімелеу; Дамытушылық:Көптік жалғауды қайталау;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге дағдылану. Оқытуда қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер: Диалогтік оқыту, сұрақ-жауап; топтық жұмыс өзара бағалау мәтінмен ,жұмыс класстер Оқып-үйренудің нәтижесі: • Көптік жалғауды дұрыс жалғай алады; • Астана туралы баяндай алады; • Бағалаудың мәнін түсінеді. Үйрену мақсатындағы бағаны қоса, бағалау: Көңіл-күй рефлексиясы; өзін-өзі бағалау, «2 жұлдыз, 1 тілек» рефлексиясы. Бәрін қоса есептегенде: «Дене мүшелерімен амандасу» тренингі; «Ыстық орындық» (кезекші) Негізгі дерек көздер: дәптер, оқулық, стикерлер, көңіл-күй смайликтері, І Ұйымдастыру кезеңі 1.Психологиялық ықпал Амандасамын Білер қазақ баласы, Сәлем - сөздің анасы, Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. 2. Амандасу тренингі Нұсқау беремін: баспен амандасамыз; құлақпен амандасамыз; қолмен амандасамыз … Дене мүшелерімен амандасады. 3. Кезекшімен «Ыстық орындықта» сұхбаттасу Бақылаймын Кезекші ыстық орындыққа отырады, қалғандары кезекпен оған өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Сабақтың барысымен таныстыру. ІІ Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар кезекпен оқып толықтырады. ІІІ Жаңа сабақ Класстер жұмысы 1-тапсырма. ІV Бекіту «Бос орындық» ойынын ойнау. Оқушылар шеңбер бойынша орындықтарға отырады, бір орындық бос тұрады. Мұғалімнің айтқан сөзі оларға байланысты болса, бос орындыққа отырады. Орнынан тұрып орындыққа үлгере алмағандар не өлең, не ән, не мақал-мәтел, не Қазақстан туралы сөйлем айтады. 2-тапсырма.Сөзжұмбақты шешу. V Қорытынды Көңіл-күй рефлексиясы.
№ мерзімі............
Тақырыбы: Үлкен қалада.
Сабақтың мақсаты: қалалар туралы түсінік беру,
Білімділік:Оқушылардың алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы тиянақтау, қазақша дұрыс сөздерді айта алуға дағдыландыру.
Мынау- қала. Қалада көше, алаң, дүкен, автобус, мектеп бар. Қаланың көшелері кең.
3-тапсырма. Мәтінді оқы,аудар.
Мынау-қала. Бұл қалада биік үйлер, кең көшелер, дүкендер, кітапханалар, театрлар, ауруханалар, мектептер бар. Қалада зауыт, фарикалар жұмыс істейді. Көшеде автобустар, трамвайлар, троллейбустар жүреді. Бұл – үлкен қала.
4-тапсырма .Сөйлем құрап үйрен.
1.Қала.
2.Үлкен қала
3. Қарағанда -үлкен қала.
4. Біз қарағанды қаласындатұрамыз.
5-тапсырма. Сөйлемдерді жаз.
Алматы-үлкен ---------- . Қалада көшелер, мектептер, алаңдар, театрлар----------- . Қаланың көшелері ----------- . Алматы- ---------- қала.
Қорытындылау:
1.Нені білдік?
2.Нені үйрендік?
Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан балаларға тиісті бағасын қою.
Үйге тапсырма беру: сөздік жаттау.
№ мерзімі.......
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Астана»
Мақсаты: өткен тақырыптарды меңгерту.
Білімділік: Білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
Астана – Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан.Астанада Президент сарайы, Парламент ғимараты, « Интерконтиненталь» қонақүйі, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық унивеситтеті, Жастар сарайы, көпқабатты тұрғын үйлер бар.
Астана – мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы.
Бекіту
Үйге тапсырма беру.қайталау.
Рефлексия
Балалар бүгін сабақта не түсндіңдер, қандай жаңа сөздер жазылды.
Бағалау.
№ 54 мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақта алған білімін есіне түсіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
1) Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
2) Бүгін неше сабақ болады?
3) Бірінші сабақ қандай?
4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)
ІІ. Қатемен жұмыс
а) Сөздік жұмысы.
Мәтінмен жұмыс.
Тақтада жазылған сөздерді дәптерге жазыбалындар.
Балалар өткенсабақта диктант қатесін тексереміз. Жіберген қателерге қарап есте сақтандар.
ІІІ. Сергіту сәті
IV. Үйге тапсырма.
Қайталау.
Тест ойыны Задание #1 Вопрос: Астананың символы-Бәйтерек монументі. Выберите один из 2 вариантов ответа: 1) Иә 2) Жоқ Задание #2 Вопрос: Астана қандай? (бірнеше жауап бар) Выберите несколько из 5 вариантов ответа: 1) әдемі 2) ескі 3) кішкентай 4) бас қала 5) суық Задание #3 Вопрос: Қазақстанның астаналарын кезекпен қой Укажите порядок следования всех 4 вариантов ответа: __ Қызылорда __ Орынбор __ Астана __ Алматы Задание #4 Вопрос: Сәйкестендір Укажите соответствие для всех 4 вариантов ответа: 1) Орынбор 2) Қызылорда 3) Алматы 4) Астана __ 1998- __ 1920-1925 __ 1925-1929 __ 1929-1997 Задание #5 Вопрос: Көптік жалғауларды сәйкестендір Укажите соответствие для всех 6 вариантов ответа: 1) рәміз 2) тілек 3) тау 4) қонақүй 5) қыран 6) кітап __ -лар __ -лер __ -дар __ -дер __ -тар __ -тер
Задание #6 Вопрос: Өлең жолдарын дұрыс қой Укажите соответствие для всех 4 вариантов ответа: 1) Болашаққа 2) Шарқырайды 3) Елордасы 4) Мақтанышым- __ асқақ ән. __ Отанның __ Астанам. __ бастаған Задание #7 Вопрос: Сөздердің аудармасын тап Укажите соответствие для всех 5 вариантов ответа: 1) тірегі 2) қыран 3) бостандық 4) ортасында 5) бейбітшілік __ в центре __ свобода __ мир __ опора __ орел Задание #8 Вопрос: Сәйкестендір Укажите соответствие для всех 4 вариантов ответа: 1) Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды? 2) Әнұранның авторлары кімдер? 3) Қазақстан Туы мен Гербінің түсі қандай? 4) Алтын түс ненің белгісі __ Ш. Қалдаяқов, Н.Назарбаев, Ж. Нәжімеденов __ байлық пен берекенің __ 2006 жылы 7 қаңтарда __ алтын және көгілдір Задание #9 Вопрос: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін белгіле Укажите истинность или ложность вариантов ответа: __ тау __ ту __ әнұран __ Бәйтерек __ елтаңба Задание #10 Вопрос: Боливияда өткен конкурста Астана "... қаласы" деп аталды. Запишите ответ: ________________________________________ Задание #11 Вопрос: Әріптерді дұрыс қой: КЕЕРТӘЙБ Составьте слово из букв: КӘБЕТЙРЕ - _________________________________________ Задание #12 Вопрос: -лар жалғауы қай сөздерге жалғанады? Выберите несколько из 5 вариантов ответа: 1) астана 2) қала 3) ғимарат 4) үй 5) оқушы Ответы: 1) (1 б.) Верные ответы: 1; 2) (1 б.) Верные ответы: 1; 4; 3) (1 б.) Верные ответы: 2; 1; 4; 3; 4) (1 б.) Верные ответы: 4; 1; 2; 3; 5) (1 б.) Верные ответы: 3; 4; 5; 1; 6; 2; 6) (1 б.) Верные ответы: 2; 3; 4; 1; 7) (1 б.) Верные ответы: 4; 3; 5; 1; 2; 8) (1 б.) Верные ответы: 2; 4; 1; 2; 9) (1 б.) Верные ответы: Нет; Да; Да; Нет; Да; 10) (1 б.) Верный ответ: "Бейбітшілік". 11) (1 б.) Верные ответы: "Б?ЙТЕРЕК". 12) (1 б.) Верные ответы: 1; 2; 5; Конец «2 жұлдыз, 1 тілек» рефлексиясы. VІ Үй жұмысы 10 көптік жалғауы бар сөз жазу, өлең жаттау. VІІ Бағалау Топ басшылары бағалау дискрипторларына әр кезең бойынша бағалар қойған, соның қорытындысы бойынша өзара бағалау. Мадақтау әдісін қолдану.
№ 54 мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Қала көшелері
Сабақтың мақсаттары: жаңа сабақта алған білімдерін көтеру.
Білімділік: дауыссыз дыбыстарды қайталау. Қала көшелері туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: сөз еліміздің тарихын біліп, оны құрметтеуге баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Тіл дамыту сұрақтары:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сұрақ- жауап
Бүгін аптаның қай күні?
Қазір бізде қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Ауа райы қалай?
Қазір жылдың қай мезгілі және айы?
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздікпен жұмыс:
Сергіту сәті: Жаңа сабақ:
1-жаттығу. Мәтінді оқы.
Қала көшелері.
Біздің елімізде көп қалалар бар. Мысалы: Көкшетауда көп кшелер бар. Әр қалада әр түрлі көшелер бар.Маған ұнайтың қала Астана. Мен Астанада болдым.
2-жаттығу. Орыс тіліне Аудар, сөйлем құрастыр.
Әдемі қала, көп көшелер, ғимараттар, сұлу, жаңа, Қазақстанның қалалары.
3-жаттығу. Диалог оқы.
4-жаттығу.Оқы, озара сөйлесіңдер.
Сен қайда тұрасың?
Мен Алматада тұрамың.
Ал сен ше?
Сабақты қорытындылау Ал, балалар! Сабағымыз өте жақсы өтті. Білімдеріңді жақсы көрсете алдыңдар. Үйге тапсырма: Жолдасымен диалог кұрастыр.
№ мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Астананың көрікті жерлері. Сабақтың мақсаттары: жаңа сабақта меңгерту.
Білімділік: дауыссыз дыбыстарды қайталау. Қала көшелері туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: сөз еліміздің тарихын біліп, оны құрметтеуге баулу
Көкшетау- көркем қала. Оның табиғатты сұлу. Мен жазда Көкшетауға бардым. «Балдәурен» демалыс орнында деалдым. Онда Оқжетпес шыңы, Брабай көлі орналасқан.
Сабақты қорытындылау Ал, балалар! Сабағымыз өте жақсы өтті. Білімдеріңді жақсы көрсете алдыңдар. Үйге тапсырма:
Тәрбиелік: оқушыларды патриотизмге, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: аудару, сұрақ-жауап, Көрнекіліктер: суреттер, плкаттар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу. ІІ. Үй жұмысы. Сұрақ-жауап. ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларға слайдта Астананың көрікті жерлері көрсетіледі, оқушылар бұл қандай қала екенін анықтауы керек. “Топтастыру” стратегиясы. Бүгінгі сабақта жас қала, еліміздің жүрегі – Астананың көрікті жерлері жайында жаңа мәлімет аласыңдар. 1. Тақтада Астана туралы бейне клип қараймыз. 2.Слайд бойынша суреттер. 3. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздік: Әуе айлағы – воздушная пристань Жоғары оқу орны – высшее учебное заведение Ұлттық мәдениет орталығы – национальный культурный центр Өлкетану – краеведение 3. Жаңа білімді меңгерту:(Балалардың білімін жетон арқылы бағалау). А) Топтық жұмыс.( балаларды үш топқа бөлеміз). 1-топ. Оқу орталығы. 2-топ. Жазу орталығы. 3-топ. Өнер орталығы. (Әр топқа үш конверт ұсынылады). Оқу орталығы 1-жаттығу. Астана – әлем картасындағы жаңа есім. Ол ірі әуе айлағы. Қазір Астана қаласы ірі білім және мәдениет орталығы. Онда 42 орта мектеп, 49 балабақша, 7 училище, 9 арнаулы орта және бірнеше жоғары оқу орны бар. Ерекше атап өтетін Президент университеті. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ сазды – драма театры, өнер және тарих, өлкетану мұражайлары, ұлттық мәдениет орталығы, кинотеатрлар, мәдениет саябағы, Бәйтерек, кітапханалар, 2 стадион, спорт кешені бар. 1. Қазіргі Астана қаласы қандай орталық? 2. Ерекше атап өтетін орындарды ата? 2- деңгей. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлімге ат қой?. Жазу орталығы. - Сурет бойынша әңгімелеу -«Астана келбеті» тақырыбына сурет салып 4 Жаңа білімді бекіту. «Астананың көрікті жерлері» Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. 7 Үй жұмысы: Астананың 1 көрікті жерін таңдап алу, сурет әзірлеу, сол суретке қарап әңгімелеу.
№ мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Астана вокзалы Сабақтың мақсаты: Білімділік: сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс және анық айтуға машықтандыру; өз ойларын сауатты жазуға үйрету; көмекші есімдерді дұрыс пайдалану; Дамытушылық: тақырып бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың диалог және монолог түрінде сөйлеу тілін дамыту; Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйрету. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: тыңдалым, айтылым, сөйлесім, оқылым, жазылым, түсіндіру, суретпен, тақтамен, оқулықпен жұмыс, топтық, өзара жұмыс, шығармашылық жұмыстар, үлестірмелі кәртішкелер. Жаңа сөздер: темір жол, жолаушы, жолсерік, жүк қоймасы, жүк вагоны, пойыздардың жүру кестесі, жүрдек пойыз. Қайталайтын сөздер: алдында, артында, астында, жанында, ішінде. Сабақтың материалдық, техникалық жабдықтары: оқулық, сурет – «Вокзалда І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу; оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап арқылы - Біздің қаламызда нелер бар? - Театрлар, сурет көрмесі, саябақтар, стадиондар. - Грамматикадан нені қайталадық? - Тәуелдік жалғауларын және көмекші есімдерді. - Ендеше, бүгін біз жаңа тақырыппен танысайық. Ал ең алдында
а) Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталайық. Сол үшін интерактивтік тақтаға қарап келесі тән дыбыстары мен сөздерді қайталайық (анимация бойынша сөздер бірінен соң бірі тақтаға шығады) Әә [b] Үү Ұұ әр үй ұл әрі жүр ұш әріп жүру тұр бәрі жүрді бұлт дәрі жүргіз сұрақ иә жүргізді тұрады
ә) Келесі сөздерді аударыңдар
Жол – дорога жолдас – товарищ жол жүру – поехать жолға шығару – провожать жолға шығу – выехать жол полициясы – дорожная полиция
ІІІ. Жоспар бойынша жаңа материалды баяндау. 1. Суретпен жұмыс. - Балалар, тақтаға назар аударыңдар. Бұл суреттерде не бейнеленген? (Петропавл, Астана, Алматы қалалар вокзалдарының фотосуреттері)
- Бұл суреттерде вокзал бейнеленген. - Дұрыс. Сонда біздің тақырыбымыз не туралы? Сендер қалай ойлайсыңдар? - Вокзал туралы. - Бұл қандай вокзал? - Бұл железнодорожный вокзал. - Иә, дұрыс. Осы тақырыпқа сай қандай сөздер керек? Орысша айту. - Железная дорога, пассажиры, проводник, багаж, багажный вагон, расписание поездов. 2. Сөздікпен жұмыс. (сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға дағдыландыру) а) мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды. • Темір жол – железная дорога • Жолсерік – проводник • Жолаушы – пассажир • Жүк вагоны – багажный вагон • Жүк қоймасы – багажное отделение • Пойыздардың жүру кестесі – расписание поездов Жүрдек пойыз – скорый поезд.
3. Сурет бойынша жұмыс. Тақтадағы суретті пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіру, сөзбен айту. (суреттерде вокзал, перрон, жолсерік, жүк пойызы)
IV. Бекіту. 1. Сөздерді орыc тіліне аудару. Жол, темір жол, жолдас, жолсерік, жолаушы, жолға шықты, жолың болсын.
Жүру, жолға жүру, пойыздардың жүру кестесі, жүрдек пойыз.
Жүк, жүк вагоны, жүк қоймасы, жүк сақтайтын бөлмесі.
5. Көмекші сөздерді қолданып көп нүктенің орнына жазу. Біздің қалада темір жол вокзалы бар. Вокзалдың ... кассалар, дәріхана, асхана, шағын дүкендері бар. Вокзалдың ... жолаушылар тұр. Вокзалдың ... жүрдек пойыз тұр.
Үй тапсырмасы: дәптерге жазылған сөздерді аударындар
№ мерзімі............
Сабақтың тақырыбы: Астана әуежайы
Сабақтың мақсаты: жаңа сабақты меңгерту.
Білімділік: Жаңа сөздерді пайдалана отырып, тілінде сөйлем құралымын сақтай отырып, сөйлемдер құра алуға дағдыландыру. Дамытушылық: сөздік қорын байыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту; жаңа сөздерді пайдалана отырып, өз туған өлкесі туралы әңгімелей алуға.
Тәрбиелік: экологиялық тәрбие, өз қаласының тазалығын сақтау. Патиротты тәрбие; атақты дерлестері туралы мәлімет беру, туған жеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту.