Просмотр содержимого документа
«"Таңғажайып көңіл-күй әлемінде"»
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамыту. Көңіл-күйлерін көтеру. Топта жағымды көңіл күй қалыптастыру.Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру. Іс – әрекет барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе білуге баулу,. Ойын арқылы заттарды салыстыра білу қабілеттерін арттыру.

.
.
.
.
.
Балалар шаттық шеңберіне жиналып(қолдарында шырағы бар), жылы шыраймен сәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі бірге айтады.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш , нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Қазір жылдың қай мезгілі болып тұр?
-көктем
Біз өздеріңмен көңіл күйдің не екенін жақсы білеміз. Кей кезде қуансақ,кейде мұңайып қаламыз.Кейде ренжісек,кейде шаттанамыз,мұңданатын,қайғыратын да кездеріміз болады.Яғни біздің көңіл күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады.Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз. Ойын «Алуан түсті көңіл күй.» Бір,екі,үш,төрт,бес,алты, Ойынымыз басталды.-Біз қазір өз көңіл күйіміздің түсін табамыз.Мен сендерге кішкене бір құпияны ашайын,балалар.Біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түсі болады екен.Міне,менде 5 түрлі түстен тұратын карточкалар бар. Әрқайсысы–әр түрлі көңіл күйді білдіреді.
Ойын «Алуан түсті көңіл күй.» Бір,екі,үш,төрт,бес,алты, Ойынымыз басталды.-Біз қазір өз көңіл күйіміздің түсін табамыз.Мен сендерге кішкене бір құпияны ашайын,балалар.Біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түсі болады екен.Міне,менде 5 түрлі түстен тұратын карточкалар бар. Әрқайсысы–әр түрлі көңіл күйді білдіреді. Қызыл-сергек,белсенді көңіл күй-секіргіміз,жүгіргіміз,қимылды ойындар ойнағымыз келіп тұрады.
Сары – көңілді көңіл күй:жан-жағымызға қуана қарап,шаттанғымыз келеді. Жасыл – көпшіл: барлық балалармен достасып,ойнағымыз келеді. Көк -сабырлы:тыныш ойнап,қызықты кітап тыңдап,терезеге қарап отырғымыз келеді. Қара-іш пыстырарлық – немен айналысарыңды білмейсің. Көк -ашулы көңіл күй:ренжіп,ашуланып тұрмын. Біз қазір мына шеңбер бойымен әрқайсымыздың көңіл күйімізді білеміз,барлығымыз өз көңіл күйіміздің түсін айтып шығамыз. Рахмет,көпшілігіңнің көңіл күйлеріңнің көтеріңкі болғанына мен қуаныштымын.
Ал көңіл күйлері орташаларға біз қазір өз
көңіл күйлерін көтеруге көмектесеміз.Балалар
менің алдымда 3 түрлі бейне бар. Әрқайсысың
осы заттардың бейнелерін қалауларын бойынша
таңдап алыңдар.
Балалар біздің таңдап алған бейнелеріміз қандай мультфильмде кездеседі? Кімнің киіміне, затына ұқсайды? Балалар таңдап алыңған бейнелер бойынша топтарға бөлінеді. Осы кезде хат келді деген дыбыс шығып, психолог балалардың назарын тақтаға аударады.
-Балалар бізге интернет арқылы хат келген секілді. Сендер хаттың кімнен келгенін, онда не туралы жазылғанын білгілерің келе ме?
Иә.
Ендеше тақтаға назар аударайық!
Құрметті:
«Балбұлақ» бөбекжайының бүлдіршіндері!
Мен сендердің сүйікті «Маша мен Аю» мультфильмдеріңдегі Аюмын. Сендерге Маша екеуміздің басымыздан өткен оқиғаларымызды бейнетаспа арқылы жолдап отырмын. Мен сендерді тәртіпті, әдепті және өте зерек балалар деп естіп Машаны жіберіп отырмын. Сол себепті сендерден Машаға үлгі болып, қателіктерін түзеп, тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектесулеріңізді сұраймын. Сендерге үлкен үміт артып, көмектесер деген ойдамын.
Сәлеммен: достарың Аю.
Балалар, Аю бізге Машаны жіберіпті. Міне Машаның өзі де келді. Кел Маша қош келдің. Балалар Машамен амандасып алайық. Ендеше балалар Машамен бірге Аюдың бейне материалына назар аударайық.
Осы жерде интерактивті тақтадан «Маша мен Аю» мультфилімінің үзінді көрсетіледі.
Бейне таспа көрінісін талдау:
Психолог: Балалар Аю Машаны кешіру үшін оған тапсырма берген екен.
Балалар, аюдың тапсырмасына назар аударайық?
І тапсырма. Жаттығу.«Есте сақта»
Мақсаты: көріп есте сақтау (қысқа мерзімдік) қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
Аю: Балалар Маша осы күні өте қатты ұмытшақ болып кетіпті.
Машаға көрген заттарын есінде сақтауға көмектесіңдерші.
Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Балалар суреттерді атайды. К
ейін суреттер жасырылып, балалар естеріңе сақтаған суреттерін қайта жаңғыртады.
Бірнеше пішіндер орналасады. Пішіндерді атап, саның және пішіндердің орналасу
тәртібі бойынша атау. Кім көбірек есте сақтағаны анықталады.
ІІ тапсырма Ойын « Бұл не?»
Мақсаты: сезім мүшелері арқылы заттарды ажырату, заттарды негізгі қасиетіне қарай жіктей білуін дамыту.
Көздері орамалмен байланады. Бір балаға банан, екінші балаға мандарин беріледі. Балалар сезім мүшелері арқылы әуелі заттың пішінін, иісін, дәмін, қатты жұмсақтығын ажыратады. Сосын заттың атын айтады. Осылайша барлық бала кезекпен қобдиша ішінен көзі байлаулы күйінде затты таңдап, сипаттайды.
ІІІ тапсырма:«Менің достарым»
Мақсаты: шығармашылық қиялдарын шыңдау Көрнекі әрекеттік ойлауын арттыру. Ұжымдық еңбекке баулу.
Осы жерде интерактивті тақтадан Аюдың балаларға тапсырмасы орындалады.
Балалар тентек Маша менің достарымның суреттерін де жыртып тастапты. Сендер оны Машаға құрастыруға көмектесесіңдер ме?
Иә.
Психолог: Ендеше тақтаға назар аударайық. Тақтадан Аюдың достарының тұтас суреттері көрсетіледі. Балалар қиындыларды үстел үстінде құрастырады. (Аю, Арыстан, Жираф, Қасқыр, Маша,Қоян).
Олай болса балалар аюдың келесі тапсырмасын тыңдайық
“
“
“
“
“
ІV тапсырма
Суреттер берілген. Сол суреттердің түстерін тауып, бояуымыз қажет. Заттардың түсі қандай болуы керек?
Балалар тапсырманы талдап, түстерді ажыратып, өз түсімен бояйды.
– топ суретті акварель краскамен,
– топ қиындылардан бейне құрастырады
– топ ермексазбен ж ұмыстанады.
Жұмысты аяқтаған соң әр бала өзінің нені, қандай түспен бояғанын айтады және суретте неше зат бар екендігін санайды .
Қорытынды: - Енді балалар біз тренингімізді қорытындылай келе, Машамен бірге қандай тапсырмалар орындағанымызды, нені үйренгенімізді айтайықшы.Балалар жауап береді және Маша нені үйренгенің айтады.
Маша:- Мен балалар сендерден көп нәрсені үйрендім. Жіберген қателіктерімді енді қайталамаймын. Балалар секілді мен де зерек боламын. Сау болыңыз айтып Машаны шығарып салу. Соңында психолог көңіл күй смайликтерін таратып береді.