Просмотр содержимого документа
«Презентация "Таным"»
Мектеп дейінгі жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Хасенова Кульзинеп Зулгаровна
Қостанай қаласы. Мендіқара ауданы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бұл тұжырымдағы негізгі негізгі мақсат-мектепке дейінгі білім беріді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей қамтамсыз ету болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың олардың танымдылық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдылық белсенділікті психологиялық –педагогикалық құбылыс ретінде анықтау,бұл мектеп даярлық кезіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға,мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайларымен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Білім берудің түрлі деңгейлеріне қарай жаңа әлеуметтік сұраныстарының пайда болуы шығармашылық қабілеті бар, саналы, әрі өзбетті іс-әрекетін анықтайтын және осы мақсатқа жету үшін өзін басқара алатын белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етіп отыр. Бұл талаптарды орындау үшін мектепалды даярлықтағы педагогикалық үрдістердің ең дұрыс бағыты белсенділікті іс-әрекеттік тұрғыдан дамыту болып табылады. Бұл төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: баланың қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, оқу дағдысын игерту, белсенділігін, мақсат қою біліктілігін және шығармашылығын тәрбиелеу.
Белсенділікті педагогикалық, психологиялық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлықтағы балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепалды даярлықтың педагогикалық үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер мектепалды даярлық балаларының белсенділігін қалыптастырудың тиімді құралы дамытушы орта екендігін дәлелдеп отыр.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігін психологтар Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б., мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық, танымдық және эмоциялық-еріктік сипаттамаларында белсенділікті А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Н.Н.Поддьяков, А.П.Усова т.б., танымдық әрекет, жеке тұлғалық даму, белсенділікті арттыру Ш.А.Амонашвили, Т.И.Шамова, Ә.М.Мұханбетжанова т.б., мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Е.Манкеш, Қ.Меңдаяқова, Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, Ж.Рысбекова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б., мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева, Шолпан Сапарбайқызы т.б. еңбектерінде зерттелінген.
Психологиялық –педагогикалық әдебиеттердегі талдауда (Т.И.Шамова,С.Л.Рубенштейн,К.К.Платонов,Э.Г.Юдин,Л.П.Буева және т.б)тұлғалық сапа ретіндегі танымдылық белсенділіктің рекшелігінің психологиялық ,педегогикалық және биологялық сипатта айқындалатындығын көрсетеді.
Биологиялық жазғы танымдық белседіліктің қалыптасуына мәселері мектепке дейінгі балалардың анатомиялық –физологиялық ерекшеліктерін талдаумен байланысты болып табылады.
Білім берудің түрлі деңгейлеріне қарай жаңа әлеуметтік сұраныстарының пайда болуы шығармашылық қабілеті бар, саналы, әрі өзбетті іс-әрекетін анықтайтын және осы мақсатқа жету үшін өзін басқара алатын белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етіп отыр. Бұл талаптарды орындау үшін мектепалды даярлықтағы педагогикалық үрдістердің ең дұрыс бағыты белсенділікті іс-әрекеттік тұрғыдан дамыту болып табылады. Бұл төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: баланың қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, оқу дағдысын игерту, белсенділігін, мақсат қою біліктілігін және шығармашылығын тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі кезеңге қарқынды морфологиялық –қызметтік даму тән.Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді,ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдылық белсенділікті қалыптастырады,балалардың психологиялық ойлау,қабылдау,есту,сөйлеуді өзіне сенімділікті және ынталықты дамыта отырып,олардың белсенділік танымдық іс-әрекет пен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі.Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі тәрбиешілерден теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді.
Психологиялық жақтағы мәселелері мына түсінікке негізделеді:танымдылық белсенділік баланың психологиялық –денелік дамуының алғашқы шарты мен нәтижесі болып табылады.Осыған байланысты мектепалды дайындық баланың жоғары психологиялық үрдістерінің, зейін, ойлау рекшеліктерін зерттеу қажет болып табылады.
Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс.Оның негізін сезім мүшелері құрайды.
Қабылдау синтезінің нәтижесінде елестеумен бұрынғы тәжірбие көмегімен пайдаланады.Ойлау-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойлау түрі.Балалардың қызығушылығын ,белседілігін ,ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады.Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір,қортынды шығаруға болатын ойын ұйымдастыру қажет.Ағартушы ұстазЫ.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізгі-оқу,білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да балада оқу мен білімнің,тәрбиенің негізін қалыптастыратын да-ойын әрекеті болып саналады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай ,өсер бала болама?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ойын –таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші оқыту мен тәрбие берідің мазмұнын үнемі ойын элеметтерімен толықтырып отыру керек.
Ойын арқылы дамыған бала мектеп есігін иашқанды білімді,өзінің писхологиялық жағын жетілдіре біледі.Мінез -құлқын ,қабілетін дамытып,дүниетанымын кеңейтеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
Ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады, көрнекіліктер тартымды болса балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттерінің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял.
Зейін
Қажетті ақпаратты алу және артығын ығыстыру үдерісін сипаттайтын маңызды қасиет. Ол нақты қасиеттерге ие: көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы, таңдамалылығы, бөлінуі, алмасуы және ырықтылығы. Айтылған қасиеттердің әрбіреуі бұзылса, баланың мінез – құлқы мен іс – әрекетіне ауытқушылықтар болады. Зейін бөлу қабілеті нашар дамыған, бала бір уақытта бірнеше жұмысты қатесіз орындай алмайды. Зейін ырықтылығы жеткіліксіз, тағы басқа ауытқулар.
Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыстар қажет. Мұндай жұмыс екі бағыт бойынша жүруі тиіс:
Зейіннің негізгі қасиеттерін жаттықтыратын арнайы жаттығуларды қолдану.
Жеке тұлға қасиеті ретінде зейінділікті қалыптастыру жаттығуларын қолдану.
Қабылдау
Қоршаған әлем туралы ақпараттың шамамен 80%-н бала көру арқылы қабылдайды. Мектепалды даярлық жастағы балаларда көріп түсіну және қабылдаудың рөлі зор. Балаларда барлық талдағыштардың түрлері едәуір қалыптасқан, олардың негізінде сезімталдық түрлері дами түседі. Қабылдаудың дамуы мектепалды даярлық жасына дейінгі балаларға объектінің қасиеттерін тануға, бір затты екіншісінен ажыратуға, олардың арасындағы байланыс және арақатынастың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Ес
Мектепалды даярлы кезең есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамытуды күшейтумен сипатталады. Ес мектепалды даярлық жастағы балаларда ырықты сипат түрінде болады. Балалар өз алдарына есте сақтау міндетін қоя алмайды және ересектер мұндай тапсырманы қайта жаңғыртпайды. Сондықтан жаңа білім бала үшін қандай да бір маңызы болуы керек – осы ақпарат оның қызығушылығын қаншалықты оята алса, оны соншалықты жақсы есте сақтайды. Есті дамыту және ынталандыру арнайы жаттығулар мен ойындар ықпал етеді.
Ойлау
Баланың ойлауы – ересектердің ойлануынан ерекшеленетін басты күрделі процесс. Балалардың ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады:
1-Кезең. Көрнекілік – әрекетті ойлау. Бала өз іс – әрекетіне қарапайым тапсырмаларды орындайды – айналдырады, тартады, ашады, басады. Іс жүзінде ол себеп – салдар байланыстарды анықтайды, өзінше жасап көреді, қателеседі.
2-Кезең. Көрнекілік – бейнелі (Нақты – заттық) ойлау. Бұл кезеңде балаға қолымен әрекет жасаудың қажеті жоқ, ол егер қандай да бір әрекет жасаса, не болатынын бейнелі (көрнекілі) елестетуге қабілетті.
3-Кезең. Сөздік – логикалық (абстрактілі — логикалық)ойлау. Балалар үшін ең кұрделі – ойлау процесі. Мұнда бала нақты бейнелермен емес, керісінше, кұрделі анық түсініктермен, айтылған сөздермен әрекет жасайды.
Қиял
Мектепалды даярлық жастағы кезеңде қиял функциялары аса белсенді дамуымен ерекшеленеді. Ол балаларға ертегідегі бейнелер мен оқиғаларды шынайы қабылдауға мүмкіндік береді. Психикалық бейненің кез келген формасы сияқты фантазияны дамытудың позитивті бағыты болуы керек. Ол енжар арманшылдыққа ұласып кетпей, шындық өмірді қиялданумен ауыстырып алмай тұрғанда, қоршаған ортаны жақсы тануға, жеке тұлғаның өзіндік ашылуына және өзіндік жетілуіне көмектесуі керек.
Қорытындылай келе, балалардың белсенді іс – әрекеті дамытудағы ойындар, жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың бастамашылығын, байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу.
Балаларды бір – бірімен, үлкендермен жағымды қарым – қатынаста, ұйымдаса ойнауға, өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет
етуге, емін – еркін демалуға тәрбиеленеді.
Тәрбие құралы, ақыл ойды кеңейтеді, тілді ұстатады, өмірді таныйды, сезімін кеңейтеді
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі
Ерік мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді
Ойын
Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді
Эстетикалық тәрбие беру құралы
Бірінен – бірі ептілікті үйренеді, өзінің денесін нығайтады
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындардан мысал келтірсек «Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту. Барысы: Тәрбиеші балаларға ойын жаттығуын орындауды ұсынады, мұнда сөздерді қимыл-қозғалыспен үйлестіру керек. Ханзада орманда келе жатты (орнында аяқтың ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - жұдырық түйеді, оң аяқпен адымдағанда – жұдырықты жазады). Хан қызын жолықтырды, жолықтырды (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады). Кел, екеуміз секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады). Тағы бір секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады). Қолымызбен шапалақ ұрайық, шапалақ ұрайық (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады). Аяқпен тарсылдатайық, тарсылдатайық (орнында 6 қадам жасап, әрбір қадамға шапалақ ұрады).
«Көгалда» ойын жаттығуы Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөз белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын қалыптастыру. Барысы: Тәрбиеші балаларға қимыл-қозғалысты айтылатын сөздермен үйлестіре отырып, гүлдермен жаттығулар орындауды ұсынады. Жаттығуды әнмен орындауға болады. Бірінің соңынан бірі, жұптасып, үштікпен жүреді. Балалар алаңды (зал) айнала жүгіреді – көгалда жүгіріп, гүл тереді. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс. «бір-екі» деп санағанда, қолдарын екі жағынан жоғары көтереді; бастарын көтеріп, гүлдерге қарайды. «Үш-төрт» деп санағанда – қолдарын екі жақтан төмен түсіреді. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, қолдарына гүл ұстап, арт жаққа жасырады. Денені алдыға еңкейтеді, аяқтары түзу, гүлдерді алдыға сермейді. Бастапқы қалып – отыру, аяқтары екі жақта, түзу, гүл ұстаған қолдары артта, басты тік ұстайды. «Бір» деп санағанда «гүлдерді қою» алдыға еңкейеді. Гүлдерді аяқ арасына неғұрлым алыс қояды. «Екі» деп санағанда – тік тұрады, «үш» дегенде «гүлдерді алу» – алдыға еңкейіп, гүлдерді алады. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, гүлдер қолдарында. «Бір-екі» деп санағанда – отырады, қолдарымен тізені құшақтайды, бастарын алдыға еңкейтеді. «Үш-төрт» деп санағанда – тік тұрады, қолдары екі жақта.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзерттілігі – қоршаған орта туралы білімі, сенсорлық мәдениеті, оларды қолдану біліктілігі, дағдысы және тәжірибесінің жиынтығы. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі зерттелуі күрделі мәселе болып табылады.