kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Презентация "Денсаулы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар?а денсаулы? туралы т?сінік беру. ертенгілік жатты?у жасау. кун т?ртібі туралы т?сіндіру. Балалармен ойындар ж?ргізу. Балалар?а гигиена туралы білімдерін ?алыптастыру. Ойлауды  дамыту?а арнал?ан тренингтер ?ткізу. ?абылдау ?абілетін дамыту?а арнал?ан тренингтер ?ткізу. Зейінді т?ра?тандыру?а арнал?ан жатты?улар жасату. ?абылдау ?абілетін дамыту?а арнал?ан ойындар ойнату. ?иялды дамыту?а арнал?ан ойындар ойнату. Б?дан к?тілетін н?тиже -балалардын білімге деген ?ызы?ушылы?ы артады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Презентация "Денсаулы?"»

Жобаның тақырыбы:    « Денсаулық» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі “ Өрлеу” БАҰО “АҚФ” Алматы облысы бойнша педагог қызметкерлердің біліктілін арттыру институты  Орындағандар: Бакасова А. Ақсу ауданы

Жобаның тақырыбы: « Денсаулық»

  • Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
  • Өрлеу” БАҰО “АҚФ” Алматы облысы бойнша педагог қызметкерлердің біліктілін арттыру институты

Орындағандар: Бакасова А. Ақсу ауданы

Жобаның мақсаты: Балаларға денсаулық туралы түсінік беру

Жобаның мақсаты:

Балаларға денсаулық туралы түсінік беру

Жобаның міндеттері:  1.Ертеңгілік жаттығулар жасау  2.Күн тәртібі туралы түсіндіру.  3.Балалармен тренингтер, ойындар жүргізу .

Жобаның міндеттері:

1.Ертеңгілік жаттығулар жасау

2.Күн тәртібі туралы түсіндіру.

3.Балалармен тренингтер,

ойындар жүргізу .

Жобаның өзектілігі Балалардың денсаулығын нығайтуға байланысты жұмыстар жүргізу

Жобаның өзектілігі

Балалардың денсаулығын нығайтуға байланысты жұмыстар жүргізу

Денсаулық Гигена талаптары туралы білімдерін қалыптастыру Ұйымдастырылған іс-әрекетте ойын әдістерін қолдану Іс-шараларда жаттығулар мен тренингтер өткізу Ұ

Денсаулық

Гигена талаптары туралы білімдерін қалыптастыру

Ұйымдастырылған іс-әрекетте ойын әдістерін қолдану

Іс-шараларда

жаттығулар мен тренингтер өткізу

Ұ

Гигиена талаптары туралы білімдерін қалыптастыру Біз балаларды жеке гигиена талаптарымен таныстырамыз. Таныстыру барысында бейнефильмдер, суреттер, мультфильмдерді пайдалану тиімді. Таныстыруды табиғат аясында, ертегілер әлеміне саяхат сияқты әдіс-тәсілдермен өткізу бала қызығушылығын арттырады

Гигиена талаптары туралы білімдерін қалыптастыру

Біз балаларды жеке гигиена талаптарымен таныстырамыз. Таныстыру барысында бейнефильмдер, суреттер, мультфильмдерді пайдалану тиімді. Таныстыруды табиғат аясында, ертегілер әлеміне саяхат сияқты әдіс-тәсілдермен өткізу бала қызығушылығын арттырады

Жеке гигена талаптары

Жеке гигена талаптары

Сабақта тренинигтер өткізу Жаңа заман талабына сай тұлға қалыптасады, шығармашылық қабілеті мен ізденімпаздығы артады. Қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттері дамиды. Балалар жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Дене тәрбиесі тренингтері осы қасиеттерді дамытады

Сабақта тренинигтер өткізу

Жаңа заман талабына сай тұлға қалыптасады, шығармашылық қабілеті мен ізденімпаздығы артады. Қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттері дамиды. Балалар жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Дене тәрбиесі тренингтері осы қасиеттерді дамытады

Есте сақтауға арналған тренингтер «Сиқырлы саусақтар» Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру). Өзіңді көрсету (бір саусақпен). Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру). Қорқыту (сұқ саусақпен). Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру). «Менің елім» Қай елде тұрасыңдар? Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар? Сен қай көшеде тұрасың? Ел, жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? «Сөз моншақтар» Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.

Есте сақтауға арналған тренингтер

«Сиқырлы саусақтар»

Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).

Өзіңді көрсету (бір саусақпен).

Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).

Қорқыту (сұқ саусақпен).

Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).

«Менің елім»

Қай елде тұрасыңдар?

Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?

Сен қай көшеде тұрасың?

Ел, жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?

«Сөз моншақтар»

Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.

Ойлауды дамытуға арналған тренингтер

«Логикалық есеп»

Балалар ауызша есепке жауап береді.

Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

«Болған жағдайды бағалау»

Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.

«Көңілді сөз»

Балалар шеңбермен отырады.

Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.

Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.).

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған тренингтер

«Ине мен жіп»

Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

«Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс.

Айлардың аттарын ата

Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата

Әр мезгілде неше ай бар?

Бір айда неше апта бар?

Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

«Не үлкен?»

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

«Сиқырлы қапшық»

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар

«Мен жеңімпазбын»

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

«Құлақ-мұрын»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

«Өз орныңды тап»

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

«Дайын бол»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

«Зейінді бол»

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тренингтер

«Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

«Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

« Орныңды тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

«Ойыншықты сипатта»

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар «Шапалақ» Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті. «Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?» Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші. Көңілді болғанда не істейміз? Ренжігенде... Қорыққанда... Қуанғанда... Таң қалғанда... «Шапалақты тыңда» Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады. «Қанша дыбыс естідіңдер?» Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.

Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар

«Шапалақ»

Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.

«Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?»

Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші.

Көңілді болғанда не істейміз?

Ренжігенде...

Қорыққанда...

Қуанғанда...

Таң қалғанда...

«Шапалақты тыңда»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.

«Қанша дыбыс естідіңдер?»

Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.

Ұйымдастырылған оқу іс- іәрекетінде  ойын әдістерін қолдану Іс-әрекет барысында ойын әдістерін қолдану арқылы баланың өтілетін материалға деген қызығушылығы артып, шығармашылығы дамиды, белсенділігі, іскерілігі артады.

Ұйымдастырылған оқу іс- іәрекетінде ойын әдістерін қолдану

Іс-әрекет барысында ойын әдістерін қолдану арқылы баланың өтілетін материалға деген қызығушылығы артып, шығармашылығы дамиды, белсенділігі, іскерілігі артады.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

«Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

«Ұқсас суретті тап»

Мұғалімнің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.

«Әр түсті заттар»

Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с.

Қиялды дамытуға арналған ойындар «Сиқырлы дөңгелектер» Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.  «Қиял жалғасы» Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.

Қиялды дамытуға арналған ойындар

«Сиқырлы дөңгелектер»

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

«Қиял жалғасы»

Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.

Күтілетін нәтиже Балалардың білімге, оқуға деген қызығушылығы артады; Балалардың жастайынан жеке гигиена талаптарымен, денсаулығын нығайту жолдарымен танысады; Бала мен тәрбиеші арасындағы байланыс күшейеді; Балалардың дене тәрбиесі туралы білімдерін игерудегі қызығушылығы туады, жауапкершілігі артады;

Күтілетін нәтиже

  • Балалардың білімге, оқуға деген қызығушылығы артады;
  • Балалардың жастайынан жеке гигиена талаптарымен, денсаулығын нығайту жолдарымен танысады;
  • Бала мен тәрбиеші арасындағы байланыс күшейеді;
  • Балалардың дене тәрбиесі туралы білімдерін игерудегі қызығушылығы туады, жауапкершілігі артады;

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Презентация "Денсаулы?"

Автор: Бакасова Асем

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310718

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Д?румендер денсаулы? кепілі" "
    ["seo_title"] => string(30) "d-rumiendier-diensauly-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "100302"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402376009"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Презентация. "?лдар мен ?ыздар" "
    ["seo_title"] => string(35) "priezientatsiia-u-ldar-mien-k-yzdar"
    ["file_id"] => string(6) "236823"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1444156607"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Тазалы?-денсаулы? кепілі. "
    ["seo_title"] => string(28) "tazalyk-diensaulyk-kiepili-1"
    ["file_id"] => string(6) "207106"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430331472"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Конспект урока "Денсаулы?-зор байлы?" "
    ["seo_title"] => string(37) "konspiekt-uroka-diensaulyk-zor-bailyk"
    ["file_id"] => string(6) "243677"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445784449"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Конспект внеклассного мероприятия по физкультуре "Салауатты ?мір салты - денсаулы? кепілі" "
    ["seo_title"] => string(95) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-po-fizkul-turie-salauatty-omir-salty-diensaulyk-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "177460"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424663481"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства