Ойын балаларды? негізгі ?ызметі болып табылады. ?р ?асырда?ы ?о?амды? дамуда халы? ?алай ?мір с?рсе, балалар да солай ?мір с?реді. Біра? ?орша?ан орта ?лкендердей емес, балалар?а бас?аша ?абылданады: Бала «жа?адан келуші» болып табылады, о?ан барлы?ы жа?ашыл; ойын кезінде ?лкендерге бая?ыдан м?лім н?рселерден бала «жа?алы?» жасайды.
Балалар ойна?анда алдына ма?сат ?оймайды, оларды? ма?саты ойнау. Біра? ойын бала ?мірінде ?лкен р?л ат?аратынын ескермеуіміз д?рыс болмас еді. Жетілдіру ж?не ?йрету ойындары бала т?рбиесіне ж?не ?сіп келе жат?ан бала а?засына тікелей байланысты. Ойында баланы? к?ші жетіледі, ойлау ?абілеті, тап?ырлы?ы дамиды.
Ойын барысында балаларды? ?йымшылды? ?асиеті пайда болады ж?не ?андайда бір жа?дайды таразылау?а ?йренеді, шыдамдылы?ын шы?дайды. Мектепке дейінгі жаста?ы балалар?а ойынны? ма?ызы ?те зор, себебі ойын олар ?шін саба?, е?бек, ?лкен ?леммен танысу.
Ойын педагогикалы? процеске т?тастай кірістірілген жа?дайда ?ана т?рбиелеуді? ??ралы болып табылады. Т?рбиелеуді? ??ралы ретінде ойынны? ??ндылы?ы, ойнап жат?ан балалар ?жымына ?сер ете отырып, педагог ?жым ар?ылы ?р бала?а ?рекет етеді. Ойын кезінде балалар ?мірін ?йымдастыруда, т?рбиеші ойынды? ?арым ?атынас ?ана ?алыптастырып ?оймайды, сонымен ?атар ойыннан тыс ж?не ?р т?рлі жа?дайда?ы балалар ?ылы?тарыны? тиімді ?рекеттерін бекітеді. Балалар?а д?рыс жетекшілік еткен жа?дайда ?ана ойын т?рбиелеу мектебі болады.
Ойын балаларды? ?орша?ан ортаны игерудегі ал?аш?ы о?у ??ралы болып табылады. Ойынды ?орша?ан ?леммен танысуда ?олдану ар?ылы т?рбиеші т?сінік ше?берін ке?ейту ?шін ба?алы болып табылатын н?рселерге, балалар назарын ба?ыттау?а м?мкіндік алады. Сонымен бірге ойын балаларды? ?ызы?ушылы?ын, ойын мазм?нын ??нарландыру ?шін білімді игеру ?ажеттілігін ту?ызады, ал ойын ар?ылы, ойын барысында ал?ан білімді т?рлі жа?дайларда ?олдана білуді ?алыптастырады. Ойынды бас?ара отырып, педагог балаларды білуге, іздеуге, к?ш жігерін к?рсету ж?не таба білуге белсендіруге т?рбиелейді, балаларды? рухани ?лемін ??нарландырады. Ал, осыны? барлы?ы балаларды? а?ыл есіні? жетілуіне ?сер етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ойын балалардың негізгі қызметі болып табылады. Әр ғасырдағы қоғамдық дамуда халық қалай өмір сүрсе , балалар да солай өмір сүреді. Бірақ қоршаған орта үлкендердей емес, балаларға басқаша қабылданады: Бала «жаңадан келуші» болып табылады, оған барлығы жаңашыл; ойын кезінде үлкендерге баяғыдан мәлім нәрселерден бала «жаңалық» жасайды.
Балалар ойнағанда алдына мақсат қоймайды, олардың мақсаты ойнау. Бірақ ойын бала өмірінде үлкен рөл атқаратынын ескермеуіміз дұрыс болмас еді. Жетілдіру және үйрету ойындары бала тәрбиесіне және өсіп келе жатқан бала ағзасына тікелей байланысты. Ойында баланың күші жетіледі, ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Ойын барысында балалардың ұйымшылдық қасиеті пайда болады және қандайда бір жағдайды таразылауға үйренеді, шыдамдылығын шыңдайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ойынның маңызы өте зор, себебі ойын олар үшін сабақ, еңбек, үлкен әлеммен танысу.
Ойын педагогикалық процеске тұтастай кірістірілген жағдайда ғана тәрбиелеудің құралы болып табылады. Тәрбиелеудің құралы ретінде ойынның құндылығы, ойнап жатқан балалар ұжымына әсер ете отырып, педагог ұжым арқылы әр балаға әрекет етеді. Ойын кезінде балалар өмірін ұйымдастыруда, тәрбиеші ойындық қарым қатынас қана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар ойыннан тыс және әр түрлі жағдайдағы балалар қылықтарының тиімді әрекеттерін бекітеді. Балаларға дұрыс жетекшілік еткен жағдайда ғана ойын тәрбиелеу мектебі болады.
Ойын балалардың қоршаған ортаны игерудегі алғашқы оқу құралы болып табылады. Ойынды қоршаған әлеммен танысуда қолдану арқылы тәрбиеші түсінік шеңберін кеңейту үшін бағалы болып табылатын нәрселерге, балалар назарын бағыттауға мүмкіндік алады. Сонымен бірге ойын балалардың қызығушылығын, ойын мазмұнын құнарландыру үшін білімді игеру қажеттілігін туғызады, ал ойын арқылы, ойын барысында алған білімді түрлі жағдайларда қолдана білуді қалыптастырады. Ойынды басқара отырып, педагог балаларды білуге, іздеуге, күш жігерін көрсету және таба білуге белсендіруге тәрбиелейді, балалардың рухани әлемін құнарландырады. Ал, осының барлығы балалардың ақыл есінің жетілуіне әсер етеді.
Дидактикалық ойынның түрлері
Әңгіме ойын. Әңгіме ойын негізі ол балалардың тәрбиешімен, тәрбиеші балалармен, балалар бір бірімен қарым қатынасы болып табылады. Бұл қарым қатынас ойындық үйрету мен ойындық әрекетте ерекше сипатқа ие. Әңгіме ойында тәрбиеші өзінің атынан емес балаларға таныс кейіпкер атынан сөйлейді және сонысымен ойындық қарым қатынасты ғана сақтап қоймайды, баланың қуанышын күшейтеді, ойынды қайталап ойнауға талпындырады. Әңгіме ойын тыңдай білуге және тәрбие сұрақтарын тыңдауға, балалардың сұрақ қоюына мен жауап беруіне, әңгіме мазмұнына назар аудара білуге, айтылғанды толықтыруға, сын айта білуге тәрбиелейді.
Әңгіме ойынның негізгі құралы ол сөз, сөздік бейне, бір нәрсе туралы сөз бастау болып табылады. Ойынның нәтижесі балалардың қанағат алуы.
Әңгіме ойынды өткізу тәрбиешіден үлкен өнерді талап етеді.
Тапсырма ойындар. Саяхат ойындары секілді сондай құрылымдық элементтері бар, бірақ мазмұны бойынша қарапайым және ұзақтылығы бойынша қысқа болып келеді. Оның заттар, ойыншықтар, сөздік тапсырмалары сияқты әрекеттер негізі болады. Ойындық тапсырма мен ойындық әрекеттерде бір нәрсені жасау ұсынысы негізделген: «Себетке қызыл түсті заттарды жинастыр», «Сақиналарды көлемі бойынша қой», «Қоржыннан дөңгелек пішінді заттарды ал».
Жұмбақ ойын. Жұмбақ ерте кезден бастап пайда болған.
Жұмбақты халық ойлап тапқан және онда халықтың даналығы көрінеді. Олар білімді, тапқырлықты тексеру үшін қолданылады. Қазіргі уақытта жұмбақтың қойылуы мен шешілуі үйрету ойыны түрінде қаралады. Жұмбақтың негізгі белгілері ойлаған нәрсені шешу үшін жақсылап сипаттап беру. Балалармен жұмыс істеуде жұмбақты әр түрлі жағдайда қолдана береді.
Дидактикалық ойындар:
«Бұл қай кез?»
«Не артық?»
«Сиқырлы жұмбақтар»
«Менімен бірге қайтала»
«Кім қандай дыбыс шығарады?»
«Сынарын тап»
«Заттарды дыбысынан таны»
Дидактикалық ойын:«Бұл қай кез?»
Мақсаты:Балаларды табиғат құбылыстарды
ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету.
Ойын барысы:Илюстрациялықсуреттерді көрсетіп,
табиғатта болатын ерекшеліктер туралы
әңгімелесу.
Дидактикалық ойын:«Сиқырлы жұмбақтар»
Мақсаты:Балаларды жұбақтарды дұрыс шешемдерін табуға үйрету.
Ойын шарты:Тәрбиеші балаларға жұмбақтарды шешуше ұсынады.
Жапырақты бояды, Атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді.
(Қырыққабат)
Бақшаның алып жемісі,
Қайнамай піспес келесі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші.
(Асқабақ)
Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.
(Алма)
Дидактикалық ойын:«Менімен бірге қайтала»
Мақсаты:Табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін
нығайту.
Ойын шарты:Тәрбиеші табиғат ерекшелігіне
байланысты өлеңді онын мағнасын
түсіндіру.
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп.
Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда
Шомыламыз нұрға біз
Алтын, сары, қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жалбырап
Алма, өрікті қамбаларға
Толтырды әкеп алтын күз
Шәкірт болып парталарға
Отырды кеп алтын күз
Дидактикалық ойын:«Не артық ?»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты:Тәрбиеші балаларға суретт көрсетіп қайсысы артық
екенін айту.
Алма, өрікті қамбаларға
Толтырды әкеп алтын күз
Шәкірт болып парталарға
Отырды кеп алтын күз
Дидактикалық ойын:
« Кім қалай дыбыс шығарады?»
Мақсаты: Балалардың әр түрлі дыбыстарды ажыратуға жаттықтыру;ойлау қабілеттерін,
қабылдау,ес,зейін процестерін дамыту.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға аңдардың суреттерді ұсынады оларды тиісті дыбыстарды шығарып отырып атауын сұрайды.
И-ГО-Го
МЕ-Е-Е
МЕ-Е-Е
МЯУ-МЯУ
ГА-ГА-ГА
ҚҰТ-ҚҰТ
УХ-УХ-УХ
КАР-КАР
Ж-Ж-Ж
З-З-З
Дидактикалық ойын: Көленкесін тап»
Мақсаты:Балаларды тиісті көленкесін тауып
сызық арқылы табу.
Ойын шарты:Тәрбиеші балаларға көленкесі бар
суреттер тиісті көленкесінтабуын
ұсынады үлгісне қарап.
Дидактикалықойын:
«Заттарды дыбысынан таны»
Мақсаты: Есту қабілетін жетілдіру, балалар сөздігіне «есту қабілеті» деген жаңа сөзді енгізу.
Заттардың қалпы туралы дыбыс арқылы білу.
Ойын шарты: Дыбысты жақсы есту үшін тыныштық сақтау керек.