Просмотр содержимого документа
«Балабақшадағы инновациялық технологиялар»
«Аққайын бөбекжай»
Балабақшадағы инновациялық технологиялар
Әдіскер : Г.Б.Молдабаева
МАҚСАТЫ :
1.Инновациялық технологиялардың түрлерін көрсету.
2.Мектепке дейінгі мекемелерде оларды қолданудың тиіміді жолдарымен таныстыру.
Міндеті:
Жаңа педагогикалық инновациялық технологиялардың түрлерімен таныстыру және оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында жаңа технология элементтерін қолдану тиімділігі көрсету.
Инновация
Ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына , оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына жататындар
4.ТРИЗ
технологиясы
1.Дамыта оқыту технологияс ы
3.Ынтымақтастық технологиясы
2.Ойын технологиясы
8.Жобалау технологиясы
6.Денсаулық сақтау технологиясы
7.Проблемалық оқыту технологиясы
5.Ақпараттық коммуникативтік технологиялар
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту .
Ойын технологиясы
Ойын технологиясы . Технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады .
Ынтымақтастық технологиясы
Ынтымақтастық технологиясы –дегеніміз тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы ,бірлік одақта қызмет етуі, тәрбиеші мен тәрбиеленушіге басымдылық көрсетпеуі.
Ынтымақтастық- бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет .
Ынтымақтастық технологияның негізгі идеясы:
1.Тәрбиеленушінің шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту
2.Тәрбиеленушінің өзін-өзі құрметтеуі
3.Тәрбиленушілер бір-бірін құрметтеу.
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Ақпараттық коммуникативтік технология
Ақпараттық технология – термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты .Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік,біліктілік деген мағынаны білдіреді.Ақпараттық технология есептеуші техника құралдарын пайдалана отырып ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыру әрекеттерінің реті.
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда балалар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Жобалау технологиясы
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қорытынды
Балабақшада осы инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға және де денсаулықтарын нығайтуға болады