kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Инновациялық жоба: Никитин әдісін Қазақстандық бақшаларға бейімдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жұмыстың қысқаша аннотациясы (аңдатпасы):

Жобада балабақшада инновациялық технологияларды қолдану жайлы айтылған. Технологиялар түрлері, қолдану аясы сипатталып, тәжірибе жүзінде ұлттық нысандармен бірге ұштастыру тиімділігі сипатталған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Инновациялық жоба: Никитин әдісін Қазақстандық бақшаларға бейімдеу»

Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш» бөбектер бақшасы» МКҚК




ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА



БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Нургалиева Жанар Акылбековна

«Қарлығаш» бөбектер бақшасының тәрбиешісі

Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылы





2017-2018 оқу жылы

БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Жоба мақсаты:

1. инновациялық технологиялардың түрлерін қарастыру.

2. мектепке дейінгі мекемелерде оларды қолданудың тиімділігін көрсету.

Жоспары:

1 . Жаңа педагогикалық инновациялық технологиялардың түрлері.

2 . Балабақшада қолданылатын жаңа педагокикалық технологиялар мен әдістер

3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдану тиімділігі.

Бұл бағытта мектепке дейінгі білім беруде ұлттық ойын асығын стандартты игеру үдерісіне енгізуді ұсынып отырмын.

Жоба мәселесі: Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамуы,білім сапасының төмендігі.

Жобаның мақсаты: Қазақтың ұлттық асық ойынын туралы түсініктерін қалыптастыруы заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып балаларға меңгерту, сол арқылы болашақта функционалды сауатты оқушы болатындай тұлға қалыптастыру.

Жобаның гипотезасы: Егер баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып

көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіретін

болсақ, төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:

- балалардың ақыл-ойы кеңейеді;

- өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;

- логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;

- өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

- белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық

тапқырлығы үстей береді.


Жобаның нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар.

Жобаны іске асыру кезеңдері: 1 жыл (ерте жас тобынан естияр тобына дейін).

Жоба жаңалығы: Ұлттық ойын асығын ерте жастан бастап ортаңғы топқа дейін тәрбие-оқыту үдерісінде жан-жанқты қолдану республика бойынша іс-тәжірибесінде қолданатын мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің саны аз.


І. КІРІСПЕ


Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Қазақстан халқына Жолдауында:

“Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн”

Инновация ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына , оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады.




ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Педагогикалық инновацияларға:

  • 1) жаңа емес, бірақ өзінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы мен практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие үдерісін оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын;

  • 2) ізгілік педагогикасының барлық қағидалары мен практикалық технологиялары жиынтығын қарастыруды;

  • 3) жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру мен басқару амалдарын;

  • 4) ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына негізделген технологияларды жатқызуға болады.

  • Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер енгізудің басты бағыттары: тұтастай алғандағы педагогикалық жүйе; оқу мекемелері;педагогикалық теория; мұғалім;оқушылар; педагогикалық технология; мазмұны;формалары,әдістері, құралдары;басқару;мақсаты мен нәтижелері.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар мыналар:

  • • проект әдісі (жоба)

  • • рольдік ойындар

  • • критикалық ойлау технологиясы

  • • «Мозайка» сабақтары

  • • Проблемалық оқыту әдісі

  • • «Миға шабуыл» әдісі

  • • Эвристикалық әңгіме әдісі

  • • Бинарлы сабақ

  • • Экскурсия сабағы

  • • Қашықтықтан оқыту технологиясы

  • • Ынтымақтастық технологиясы

  • • Дөңгелек үстел

  • • Саяхат сабақтары

  • • дамыта отырып оқыту әдістемесі

  • • оза отырып оқыту

  • • тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту

  • • деңгейлеп оқыту технологиясы

  • • тесттік жүйемен оқыту

  • • иммитациялық әдіс

  • • мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

  • • ойын технологияларын қолдану

  • • дискуссия сабақтары

  • • интеграциялық сабақ

  • • топпен жұмыс

Дамыта оқыту технологиясы

  • Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б.

  • Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім – тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты бала тұлғасын дамыту деп таниды.

  • Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Бала тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

  • Сондықтан білім беру жүйесінің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясының мақсаты әрбір бала өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр балаға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір бала меңгеруі тиіс.

Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:а) жеке тұлға ерекшеліктеріне, б) психологиялық даму ерекшеліктеріне, в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отыру қажет..

Ойын технологиясы. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды педагог мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.

Ойын кезінде баланың ортамен қарым қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады.

Тәрбие қасиеттері

достық

адамгершілік

тапқырлық

шапшаңдық

жауапкершілік

ұйымшылдық

белсенділік

қамқорлық

Ойын арқылы осындай тәрбие қасиеттері қалыптасады.

сенімділік

мейірбандық

ынтымақтастық

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.

Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда балалар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой тол

ғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады.

СТО технологиясының кейбір стратегиялары:

Ассоцациямен жұмыс

Джиксо– ұжымдық оқыту әдісі

Венн диаграммасы

«Пікір алысу» стратегиясы

Кубизм стратегиясы

Интерактивті әдістер:

Эвристикалық әңгіме – бұл әдіс бойынша әр түрлі сұрақтар мен мысалдар арқылы оқушының өз бетінше дұрыс жауап беруіне мүмкіншілік туғызады.

Дискуссия – бұл арнайы жоспарланған еркін сұхбат, ол арқылы теориялық сұрақтарды талқылайды. Дискуссия – сөз әрекетінің диалогты түрі. Бұл әдіс арқылы әңгіме барасында туындаған әр түрлі ойлар алмасып, пікірлер ортаға салынады.

«Миға шабуыл» - бұл әдіс күрделі мәселенің жауабын миға келетін қайсыбір ойлардың, ұйғарымдардың, кездейсоқ ұқсастықтардың, сонымен қатар күтпегенде пайда болатын қажет және қажет емес ассоциациялар арқылы табу.

Миға шабуылдың алтын ережесі – талқылауға қатысушылардың бірде бір сөзіне қарсы келмей, керісінше өз ойын ашық, қысылмай же

Іскерлік ойындар , тренингтер.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.

     Ассоциация әдісі – сол тыңдаған ертегі жайлы мәлімет Мысалы: Суретте «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақ ортасында тармақтарына кемпір, шал, қоян, үй, қасқыр, аю, түлкіні балалар жапсырады көп қиынды суреттердің ішінен. Ой қозғау әдісі: Балаларға ертегілерге берілген жұмбақтарды жасыру; Жалпақ тұмсық көріп пе ең, Жер қазатын тінткілеп. Ілмек дерсің құйрығын, Кебіс дерсің тұяғын, Білсең енді таба ғой, Қай кейіпкер екенін? (Үш торай) Әжей жақсы көретін осы қызға, Телпек тарту етіпті қызыл түсті. Ұнатқаны соншама бұл сыйлықты, Немересі есімін ұмытыпты, Ал, айтшы сен, бұл есімді? (Қызыл телпек) Сұрақтар арқылы ой салу: Сен бұларды неліктен ертегілер деп ойлайсың? Халық ертегілері мен авторлық ертегілерді ата, олардың айырмашылығы неде? «Қызыл телпек» ертегісінің авторы кім? Сен Қызыл телпектің орнында болсаң не істер едің? СТО - ның элементтерінің бірі – Венн диаграмманы пайдалану (екі ертегіні салыстыру, ортақ белгісін табу, қорытындылау, нақтылау).


ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК - ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ


Бақшамызда тәрбие-оқыту процессі үстінде түрлі инновациялық технологиялардың элементтерін қолданамыз. Алайда, оларды дайын түрінде емес, өз ойымыздан өзгертулер енгізіп, шығармашылықпен орындаймыз. Мысалға, Никитин технологиясын негізге ала отырып, біз асықты ойыннан бөлек оқу үдерісіне қостық. Бала боялған асықтың түрін бояу арқылы түстерді ажырата білуді үйренеді. Яғни, бүлдіршін ақ парақтағы сурет салынған көрнекілік арқылы ішіндегі асықтарды түстермен реттеп қояды. Сөйтіп әр баланың қағаздағы көрнекіліктердің түстері арқылы асықтарды қояды, бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейді.

Ал асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялыған асықтарды бір түстен кейін екінші түсті ақ қағаздың боялған түстердің үстіне, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын, ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік логикалық ойлауды сатылай қалып­тастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан жаңа мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз.

Бұл – асық терапиясының бастапқы нұсқасы. Біз алдымызға мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандарты мен үлгілік бағдарламасына сай барлық білім саласында қолдану мүмкіндігін ашу, түрлендірудің теориясы мен әдістемесін дайындау, тұжырымдамасын негіздеу мақсатын қойып отырмыз.


ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келгенде, қазіргі қарқынды даму үстіндегі білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы – бақша болып отыр. Осы бақшадан бастап балаларымыз жан-жақты дамыған, болашақ көшбасшылар, Отанын сүйер ұл-қыздар болып өсу үшін ұлттық құндылықтарымызды инновациялық технологиялармен ұштастыра отырып, тәрбие мен білім берулеріміз қажет.



Ү. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1- Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстанға халқына арналған жолдама.

2- Никитин технологиясы

3- К.Ю. Белая «Инновационная деятельность в ДОУ» әдістемелік құралы.

М. 2005 ж

4- Б. Бөрібаев, Е. Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар» -Алматы, 2001.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Инновациялық жоба: Никитин әдісін Қазақстандық бақшаларға бейімдеу

Автор: Нургалиева Жанар Акылбековна

Дата: 22.05.2018

Номер свидетельства: 470544


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства