Просмотр содержимого документа
««Бала тәрбиесі–бесіктен»»
«Бала тәрбиесі–бесіктен» «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» (М.Әуезов) «…Баланы жан – тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау– ескексіз қайықпен су бетінде әрлі – берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу» Сол балаға деген сүйіспеншілік мәні осы мамандыққа әкелді. … Бала дүниеге іңгәлап келгеннен кейін өз отбасымен , өз еліменқауышып, бесіктен түлейді. Бір жасқа толып , аяғын апыл- тапыл басқаннан кейін өзінің жеке – дара бесігінен , «Балабақша» деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ,ұстазға байланысты. Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. Тәрбиеші – әртіс, суретші, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды. Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан – жақты тұлға ретінде қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерге де үлкен жүк артып отыр. Елбасымыз « 100 мектеп», «100 аурухана», «100 балабақша» салу керек деген мемлекеттік бағдарламасының өзі жоғарыдағы біздің ойымыздың түп төркіні болса керек. «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» дегендей ұямнан алған тәрбиемнен бе , әлде табиғатым сол тірлікті керек етті ме, жасымнан ұстаз – тәрбиеші болуға аңсарым ауды. Мектептен білім негіздерінен сусындап, әрі қарай пединститутқа , университетке түсіп , педагог-психолог мамандығын игердім. Бала тәрбиесінің үдерісінен шығу және көзқарастарымды толығымен жүзеге асыру үшін тек тәрбиеші немесе әдіскер болып қалу аздық ететіндей көрінді. «Армансыз адам – қанатсыз құс» арманымды, балабақшада жинаған теориялық – практикалық қырларымды көрсету мақсатында «Василек» балабақшасына тәрбиеші болып келгенмін, біраз айлардын соң, әдіскер қызметіне ауыстым, 8жыл балабақша әдіскері қызметін атқардым
Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыспен жаңадан ашылған «Парасат» бөбекжай балабақшасында меңгеруші қызметін атқарып отырмын. «Парасат» балабақшасы — 2017 жылдың желтоқсанынан бері қарай халыққа қызмет етіп келе жатыр.. Ғимарат, қазіргі сұраныспен жаңа үлгіде салынған, барлық топ бөлмелері кең, жарық барлық жағдай жасалған. «Парасат» балабақшасының педагогикалық кадрлары жас болмағанмен , онда білікті мамандар аз емес. Балабақшада маман кадрлар толық – әдіскер, психолог, дене шынықтыру, орыс тілі, ағылшын тілі мамандары көптеген тәрбиешілер жоғары білімді, саз – би жетекшілері басқа да тәрбиешілердің көпшілігі тәжірибелі педагогтар . Сондықтан, педагогикалық ұжым хал – қадырынше бақша ішілік әр түрлі оқу – тәрбиелік олимпиада, шара – сайыстарда өздерін көрсетіп бағуда.
Балалабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Балабақша – білім мен ортаға биімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі.Әр отбасында тәлім – тәрбие алып 3 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақша әкеліп тапсырады.Сол орайда ананың орнына ана бола білетін ол-балабақша тәрбиешісі. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Баланың дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның «Мені» қаланатын кезеңі – балабакшада. Ары қарай өмірдің өсу сатысында білім мен тәрбие ұйымдарында қалыптасқан бір ізділік жүйе арқылы өз көзқарастарын қалыптастырып, «Мені»- танылып, жеке тұлға ретінде қоршаған ортада өз орындарын табады.
Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бір үйдің кенжесі, бірі тұла бойы тұңғышы. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта-тағы да балабақша.
Бақшадағы оқу қызметері бес сала бойынша іске асып барлығы ойын түрінде балалар бойына білім нәрін сусындатады. Тілін дамытып ортаға биімдеп қарым-қатынасқа икемдейді, Қарапаайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын,ұзын қысқа үлкен кішісін ажыратуға,жапсыру, мүсіндеу,суретсалу арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстап өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының еңбегі ұшан теңіз. Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына деп білуіміз керек. Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Ата-ана балаларын балабақшаға берместен бұрын «ол жерде балам не үйреніп шығады, тәрбиеші қандай болады екен?»- деген сұрақтар мазалайтыны түсінікті. Сондықтан да бақша-тек балаға бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, бақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. Сонымен бірге балаларын өздерінен де асқан жауапкершілікпен бала тәрбиесіне мән беретін –сенімді тұлғалардың мекені деп те баға беретіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. «Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды – ол адамды қалыптастырады.» М.И.Калинин, міне, біздің міндетіміз айқын.Олай болса заман талабынан қалмай, заманауи болашақ жастарымызды тәрбиелейік. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Дені саудың – жаны сау. Дені сау азаматтар- мемлекеттің ең бағалы капиталы. (В.Комат) Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Біз биылғы 2018-2019 оқу жылында «Денсаулық» жобасын алып отырмыз.
Жобаның Өзектілігі:: Соңғы кезде статистика бойынша адамның денсаулығы күрт төмендеп кетті. Әсіресе енді өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің денсаулығының нашарлауы бәрімізді ойландырады. Осындай проблемаларды шешу ол салауатты өмір салтын дұрыс ұстану болып табылады. Ал ол үшін бала денсаулығына қатысты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру керек Балалардың денсаулығын нығайту мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына баланың денсаулығының мықты болып, салауатты өмір салтын ұстануды дамыту мәселесін қойып отыр.
Мақсаты: белсенді қимыл әрекеті дағдылары мен денелік өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру және дамыту, балаларды салауатты өмір салты негіздеріне баулу.
Міндеті:
Баланың қозғалыс белсенділігін жетілдіру;
балалар өмірі мен тұлға қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасау, түрлі аурулардың алдын –алу, жарақаттануды болдырмау;
сауықтыру-шынықтыру шараларын ұйымдастыруды жүйелі жүзеге асыру;
балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;
дене қасиеттерін қалыптастыру;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, тірек-қозғалыс, тұмау және басқа аурулардың алдын алу;
психологиялық жайлылық туғызу және баланың жеке басының қауіпсіздіігін сақтауға жағдай жасау:
жалпы мәдениетті қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, өз денсаулығына және салауатты өмір салтына құндылықпен қарауға үйрету;
балабақшадағы спорт алаңын қазіргі заман талабына сәйкес жаңарту, спорттық жабдықтарды толықтыру
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл, Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!