Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Мектепке дейінгі ұйымдарға»
ТҮСІНІК ХАТ
Бүгінгі таңдағы қажеттіліктің бірі – математика ғылымын оқыту. Мектепке дейінгі балаларды математика негіздерімен таныстырып, сонымен қатар баланы жан-жақты дамытуды көздеген дұрыс. «Сиқырлы сандар әлемі » адаптивті бағдарламасы баланың логикалық ойлауын дамытуға көмектеседі.
Бағдарламаның мақсат-міндеттері:
баланың танымдық белсенділіктерін арттырып зиялы болып өсуіне көмектесу,білім беру;
логикалық ойлауын дамыту,білім қорын жинауға баулу;
салыстыруға,жіктеуге,талдауға басқа да амал-әрекетті шешуге үйрету;
баланың қиялдау сезімін шыңдау,қарапайым математика ұғымын күнделікті өмірде қолдана білуге машықтандыру.
жас ерекшеліктеріне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын танымдық үрдістерін дамыту;
танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында белсенді оқу іс-әрекетін қалыптастыру;
мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу;
кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;
геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
дамытушы-танымдық қабілетін ашу;
логикалық ойлауын дамыту;
ойлау, қиялдау.,елестету сезімдерін шыңдау;
интеллект қалыптасуына ықпал ету;
математикалық білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу;
Бағдарлама 36 сағат жүктемемен, аптасына 1 рет өткізіледі. Ересек тобының (5-6 жас) балаларына арналған. ҰОІӘ ұзақтығы 25-30 минут.
Оқытудың үрдісі
Оқу іс-әрекетінің нәтижелі болуы,баланың материалды игеруі дұрыс қолданылатын оқу әдістемесіне байланысты.Сондықтан да қосымша оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу тәрбиешіге де тәрбиеленушіге де байланысты.
Оқытудың негізгі технологиясы ойын технологиясын таңдадым.Сонымен қатар интеграциялы-кешенді оқытудың үш ұстанымын қарастырдым.Бұл баланың жасын, жеке бас психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп коммуникативтік әрекеттерді дамытып, қосымша әрекеттерге көшуге ұмтылыс жасайды.
Оқу іс-әрекетін практикалық түрде ұйымдастыру көзделіп отыр.Оқу процесінде әдістемелік компоненттердің бірі аудио,видео материлдарды қолдану білім берудің сапасын жаңартады.Ғылыми технологияның дамыған сатысында балаларға арналған көптеген электронды материалдар,дискілер жетерлік.
Мысалы: «Артық,кем»тақырыбына заттарды экранда көрсете отырып,олардың қайсысы артық,қайсысы кем екенін экраннан өздері тапса олардың қызығушылығы арта түседі.Үнтаспада санамақтар,логикалық тапсырмалар тыңдатып,қимылды жаттығуларды музыка арқылы жасау тыңдап-түсіну қабілетін шыңдай түседі.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Б.Ералиева. Учимся считать. «Алматыкітап» баспасы, Алматы 2006 ж.
2. Ахметов Р. «Мектеп қарсаңында» Алматы 2014 ж.
3.Бондаренко А.В. «Дидактические игры в детском саду» Москва «Просвещение» 1991 ж.
4.Бондаренко А.К. «Дидактические игры в детском саду» Москва 2003 ж.
5.Бойченко Н.А., Григоренко Г.И., Коваленко Е.И., «Психология основы взаимосвязи общественного и семейного воспитания детей», библиотека дошкольного работника, 1982 ж.
6.Вавилова Е.Н. «Развивайте у дошкольников силу, ловкость, выносливость. Пособие для воспитателя детского сада» Москва – Просвещение 1981 ж.
7.Гербова В.В. «Игры по развитию речи» во ІІ мл.гр.детского сада «Москва - Просвещение» 1989 ж.
8. Ерофиева Т.И. «Давайте поиграем» Москва 2006 ж.
9. Иелищев И.И.; Гумянцев И.Б. « Математика вокруг нас» Москва 1998 ж.
10.Сансызбайқызы М. «Біз мектепке барамыз» Алматы 2013 ж.
11. «Ребенок откырвает мир через игру» Москва, Просвещение, 1991 ж.
12.Қ.Мырзали. «Санап үйренеміз» Алматыкітап баспасы 2005 ж.
Ересек топтарына арналған
ПЕРСПЕКТИВТІ ЖОСПАР
№
Тақырыбы
Сағат саны
1
Түстеріне қарай орналастыр.
1
2
Үлкен, орташа, кіші.
1
3
Көлеңкелерін тап.
1
4
Сыңарын тап
1
5
Логиканы дамытамыз ( дидактикалық тапсырмалар)
1
6
Салыстыру ( , = )
1
7
Пішініне қарай заттарды орналастыр.
1
8
0 санының құпиясы
1
9
1 санының құпиясы
1
10
2 санының құпиясы
1
11
3 санының құпиясы
1
12
4 санының құпиясы
1
13
5 санының құпиясы
1
14
6 санының құпиясы
1
15
7 санының құпиясы
1
16
8 санының құпиясы
1
17
9 санының құпиясы
1
18
10 санының құпиясы
1
19
Сан ретімен сурет құрастыр
1
20
10- ға дейін тура және кері санау
1
21
Жасырынған сандарды тап
1
22
Нүкте,сызық оларды сызу
1
23
5-ке дейінгі қосу амалын шығару.
1
24
10-ға дейінгі қосу амалын шығару.
1
25
Тікбұрыштың құпиясы
1
26
Тіктөртбұрыштың құпиясы
1
27
Үшбұрыш құпиясы
1
28
Дөңгелек пен шар
1
29
Фигураларға саяхат
1
30
Теңгелер құпиясы (1,2,5,10)
1
31
Уақытты үйренеміз
1
32
Ай аттары мен апта күндерінің құпиясы
1
33
Тәулікті танимыз ба?
1
34
2 бөлік деген не?
1
35
4 бөлік деген не?
1
36
Құпиясы мол математика
1
Барлығы
36
Тақырыптық жұмыс жоспар
Р/с
Тақырыбы
Мақсаты
Сағат саны
1
Түстеріне қарай орналастыр.
Әр затты , фигураларды балалар түстеріне қарай орналастырып ойлау қабілеттерін дамытады , қызығушылықтарын оятады.
1
2
Үлкен, орташа, кіші.
Пішініне , ұзындығына қарай оларды ажырата ұғымын қалыптастыру, оларды айыра білуге үйрету .
1
3
Көлеңкелерін тап.
Балалардың бойындағы ойлау қабілеттерін ояту. Есте саақтау қабілеттерін дамыту.
1
4
Сыңарын тап
Есте сақтау қабілеттерін пайдаланып берілген тапсырмалардың сыңарын табуға талпынады. Баланың қызығушылығын оятады.
1
5
Логиканы дамытамыз ( дидактикалық тапсырмалар)
Әр балаланың логикалық ойын дамытуға арналған тапсырмаларды пайдаланып балалардың логикалық ойлауын дамытамыз.
1
6
Салыстыру ( , = )
Теңдік пен теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру,есте сақтау қабілетін дамыту.
1
7
Пішініне қарай заттарды орналастыр.
Заттарды пішініне қарай орналастырып , оларды дыбыстап айтып ойын барысында да пайдалану .
1
8
0 саны
0 саны мен цифрымен таныстыру, 0саны ештеңе жоқ дегенді білдіретінін ұғындыру.
1
9
1 санының құпиясы
Бір саны мен цифрымен таныстыру,санды тануға үйрету.
1
10
2 саны
2санымен таныстыру, қанша неше сұрақтарына жауап беру іскерлігін қалыптастыру
1
11
3 саны
3 санымен цифрымен таныстыру, логикалық ойлауын дамыту.
1
12
4 саны
4 саны мен цифрымен таныстыру, 4 санының құрамын анықтау.
1
13
5 саны
5саны мен цирфымен таныстыру, заттарды қосу мен азайту арқылы 5 санының құрамын анықтау.
1
14
6 санының құпиясы
6 санының құпиясын ашу, сурет арқылы есеп құрастыруға баулу.
1
15
7 санының құпиясы
7 саны мен цифрымен
Құрамын анықтау,қиялын дамыту.
1
16
8 санының құпиясы
8 санының құрамын анықтау, шығармашылық қабілетін дамыту.
1
17
9 санының құпиясы
9 санының құпиясын ашу, сурет арқылы есеп құрастыруға баулу.
1
18
10 санының құпиясы
10 санының құпиясын ашу, ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту.
1
19
Сан ретімен сурет құрастыр
Берілген суреттерде 10- ға дейінгі сандарды пайдалыанып оларды ретімен қою. Есте сақтау қабілеттерін тексеру.
1
20
10- ға дейін тура және кері санау
10- ға дейін тура және кері санап оларды ретімен әр баладан жеке-жеке сұрау.
1
21
Жасырынған сандарды тап
Сандарды есте сақтауын дамыту , оларды қағаз бетіне түсіре білуге үйрету.
1
22
Нүкте,сызық оларды сызу
Нүкте, сызық,түзумен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрету.
1
23
5-ке дейінгі қосу амалын шығару.
5-ке дейінгі қосу амалдарын шығару , балаларға қосу амалын үйрету .
1
24
10-ға дейінгі қосу амалын шығару.
10- ға дейінгі қосу амалдарын шығару , балаларға қосу амалын үйрету .
1
25
Тікбұрыштың құпиясы
Тікбұрышпен таныстыру, тікбұрышты сыза білу іскерлігін қалыптастыру.
1
26
Тіктөртбұрыштың құпиясы
Тіктөртбұрышпен таныстыру оны сыза білуге машықтандыру.
Берілген суреттен фигураларды балалар тауып оларды атай білуге , таба білуге үйрету.
1
30
Теңгелер құпиясы (1,2,5,10)
1, 2, 3,4, 5 теңгелерімен таныстыру, оларды қолдана білуге баулу.
1
31
Уақытты үйренеміз
Уақыт туралы түсінік қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.
1
32
Ай аттары мен апта күндерінің
құпиясы
Ай мен апта күндерін ұғындыру, оларды ажырата білуге баулу.
1
33
Тәулікті танимыз ба?
Тәулік бөліктерін ұғындыру,есте сақтау қабілетін дамыту.
1
34
2 бөлік деген не?
Заттарды 2 бөлікке бөлуге болатынын практикалық жүзінде ұғындыру.
1
35
4 бөлік деген не?
Заттың төрттен бір бөлігі ширек екенін ұғындыру.
1
36
Құпиясы мол математика
жыл бойы өткен білімдерін бекіту.
1
Аптасына 1 рет болады барлығы: 36сағат
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялык картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 1саныжәне цифры.
Мақсаты: 1саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуға үйрету; заттардың белгілерін тауып,оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру; балалар сөйлеу қабілетімен зейінін, саусақтың бұлшық еттерін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекет қызметі
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Балалардан өткен сабақта танысқан пішіндерді еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады (7-кесте). Жұмысты «Жасырынбақ » ойыны түрінде ұйымдастыруға болады, суреттерді талдауға шақыру:
-Олар қандай пішіндерден құралған?
-Бұл заттар қалай аталады? Оларға ортақ атау (көліктер) беруге бола ма?
Суреттерді өздері білетін қандай пішіндерге ұқсайтынын айтады.
Балалар ойынға қосылып, пішіні жағынан әртүрлі заттарды табуға кіріседі.
Көлік түрлерін атап көрсетеді: пароход, поровоз, кеме, жүк машинасы. Суреттерді талдайды.
Ұйымдастырыушы-лық-ізденістік
Суретке мұқият қарап шығуды ұсынады.
-Суретте ненің суреті салынған?
- Автобус нешеу? Трактор нешеу? Неше жүк көлігі бар?Оларға қандай атау беруге болады?
1-саны және цифрымен танысуы. 1-санына байланысты өлең оқу.
Дәптермен жұмыс:
Суретке назар аударады.
Суретте машина суреті салынған. 1-автобус, 1-трактор, 1- камаз т.б оларды бір бірден екенін анықтайды.
1-саны және цифрымен танысады.
1-ге ұқсайтын бұл не?
Ол кәдімгі ине....
Дәптермен жұмыс жасайды.
Рефлекциялық-түзетушілік
Өткен тақырып бойынша қорытынды сұрақтар қою. 3-ші тапсырманы әркім өз бетінше орындауға уақыт береді.
Қатысып жақсы жауап берген балаларды мадақтап қолданған материалдарды қалай жинау керек екенін сұрауы.
Сызық бойынша кім қандай сурет салғанын айтады. Оны бояйды. Бүгінгі өткен тапрыпты қорытындылып сұраққа толық жауап береді. Балаларды мадақтайды, және заттарды үстелге апарып орналастырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: шеңбер, шаршы үшбұрыш сынды фигураларды атауды.
Игереді:айналадағы заттардың пішіні қандай фигураларға ұқсайтынын ажырата білуді..
Меңгереді:айналадан шеңбер, үшбұрыш, шаршы пішіндес заттарды тауып, фигураларды бір бірінен ажырата білуді,олардың түсі мен өлшемдерді табуды.
Математикадан дидактикалық ойындар
«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды. 2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?). 3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 3
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту. 1-нұсқа. Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді. 2-нұсқа. Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді. «Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны №4
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.
«Біреуі артық» дидактикалық ойын № 5
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету. Мазмұны. 1-нұсқа. Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады. 2-нұсқа. Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді. 3-нұсқа. Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады
«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Мазмұны. Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.
«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту. Мазмұны. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.
«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған. - Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі. - Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды. - Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер. - Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой. Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды. - Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар). Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды: - Қонжықтар нешеу?
«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9 Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10
Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту. Мазмұны. 1-нұсқа. Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды. 2-нұсқа. 1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді. - Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау). 3-нұсқа. 2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.
«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды. - Қазір жылдың қай мезгілі? Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. - Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті. - Не үшін сары карточка әкелді? Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар. Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.
«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12
- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет. - Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет. - Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет. - Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады). - Сендер оларды таба аласыңдар ма?
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13
(2-сабақтың нұсқасын қараңыз). - Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды? - Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр? - Кім Буратинодан алыс отыр? - Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр? - Кім Карабас-Барабастан алыс отыр? Үлестірмелі материалмен жұмыс. - Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?
«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету. 1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау. 2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау. Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды. Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды. - Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы. Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.
«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды. - Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр. - Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. - Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. - Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр. - Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме? - Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер. - Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер. - Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе? - Аңдардың қайсысы артық? Неге? Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.
Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру. Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген. Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды. - Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет). - Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір. - Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер. Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады. -Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?
«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18
Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту. Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді. Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді. - Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады? - Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.
«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту. Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді. Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген. - Айболитке емделу үшін қанша аң келді? - Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша? - Қане, тексеріп көрейік (санайды). - Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру). - Кім бірінші? Кім екінші? - Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...) - Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер. - Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты. - Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді? Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді
«Не өзгерді» ойыны №20
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.
«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету. 1-нұсқа. Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді. Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады. 2-нұсқа. Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді. Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді. - Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).
«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.
«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23
Қапшықта геометриялық пішіндер: Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады. 4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді. «Жеті» - көсеу баяғы, Жалғыз оның аяғы. 7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.
«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету. Ойынның мазмұны. Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.
Сөздік ойыны № 25
1-нұсқа. Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды. Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады). Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі). 2-нұсқа. (көлем туралы). Бұта аласа, ал ағаш...(биік). Бұлақ тар, өзен...(кең). Тәулік бөліктері туралы. - Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз. - Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз. - Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз. - Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз. - Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.
«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту. Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.
«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.
«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.
«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29
Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка. - Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады). - Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады? - Оларды өз орындарына қойыңдар. Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды. Түнде аяз күшейіп, Күндіз тамшы тамады. Күн білінбей ұзару, Бұл қай кезде болады? (Ақпан) - Ақпан айы қай айдан кейін болады? - Қыс айларын атаңдар. Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30
Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды.
Дидактикалық ойындар.
Білім беру саласы: Таным.
« Пішініне қарап ата»
Зат қандай пішіннен құралған?
Не қайда тұрады?
Бұл не, ойлан тап?
« Көлік түрлерін ата»
Бұл қай кезде болады?
Дамуытушылық ойындар.
Қайсысының отбасы үлкен?
Неше қоян жасырынған?
« Үшінші вагонның жолаушыларын ата»
« Аквариум балықтары»
« Гүлдерді тез құрастыр»
« Түстерін тап»
Дидактикалық ойындар.
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: «Пішініне қарап ата»
Мақсаты:Көрген затты пішініне қарап тауып айтуға үйрету. Пішіндердің түрлерін тез табуды қалыптастыру ,пішіннің түрлерін атап айтуға , ерекшеліктерінтүсіне білуге машықтандыру , ойлау қабілеттерін молайту.
Көрнекілігі: Түрлі пішінді заттар мен суреттері.
Ойын шарты: Балалар заттарды ұстап , пішініне қарап тауып айту керек,көрсетілген заттардың пішінін атап айтып , түстерін ажырата білу керек , қай заттың неге ұқсайтынын табу.
Тақырыбы: « Зат қандай пішіннен құралған»
Мақсаты: Әр заттың өзіндік пішіндерін тани білуді көрсету. Әр түрлі пішіндердің түрлерін әр затқа ұқсас екенін түсіндіру. Заттардың санын тану, санай білу әдістерін молайту.
Көрнекілігі: суреттегі жеке заттың бейнелері.
Ойын шарты: Балалар көрсетілген суреттегі затты тауып , қай пішіннен құралғанын тез тауып айту керек. Алғаш айтқан баланы мадақтау .
Мысалы:қиярдың суреті болса, оның сопақшадан құралғанын тауып айту.
Тақырыбы: « Не қайда тұрады?»
Мақсаты: Әр заттың өз орнына орналасуын білуді көрсету, сурет арқылы ойларын қалыптастыру ,балаларға әр зат өз орнында тұру қажет екенін айтып түсіндіру. Әр нәрсенің өз орны бар екенін айту.
Көрнекілігі: суреттегі дұрыс орналаспаған бейнелер және топ ойыншықтары.
Ойын шарты: Балалар суретке қарайды , дұрыс орналаспаған заттармен тіршілік иелерінің орнын дәл табу керек , әрқайсысын орнын тауып айту керек.
Тақырыбы: « Бұл не ойлан тап»
Мақсаты: Балаларға көрсетілген суреттегі бейнелерді тез естеріне сақтап қалуды үйрету, есте сақтау қабілеттерін молайту. Көрген бейненің ойланып ,дұрыс табуға ынталандыру ,ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Жеке заттың түрлі суреттері.
Ойын шарты: Тәрбиешінің көрсеткен суреттерін тез қарап естеріне сақтап қалу , тәрбиеші суретті балаларға тез корсетіп ,тығып қояды. Жасырынған бейнені тез ойланып табу керек.
Тақырыбы: «Көлік түрлерін ата»
Мақсаты:балаларға көлік түрлерін атап айтуды үйрету,сөздік қорларын молайту,көліктерді тани білуге ынталандыру,түсінік ойларын молайту көліктерді атау арқылы тілдерін байыту.
Көрнекілігі: Көліктің түрлі жеке суреттері
Ойын шарты: балалар суретке қарап,қандай көлік екенін тауып айтады.Әр суреттегі көліктің атауын тауып айту керек.Көлік түрлерін атауды үйрету.Әр бала көліктерді тез табу қажет.
Тақырыбы: « Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты: Балаларға естіген дыбыстарын дұрыс түсінуді үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білуді түсіндіру, ойланып жауап беруге дағдыландыру.
Көрнекілігі: тәрбиешінің сұрақтары т.б
Ойын шарты: Тәрбиешінің ауа-райына және табиғатқа байланысты әңгімесін тыңдап, қай мезгілде болатын тез тауып айту. Мысалы: Мысалы: қар немесе жаңбыр деп айтылса , балалар қай мезгілде болатынын табады.
Дамытушылық ойындар.
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: «Қайсысының отбасы үлкен»
Мақсаты: Суреттегі жануарларды салыстыра білуге үйретіп , білімдерін толықтыру. Жануарлардың ерекшеліктерін ажырата білуге ынталандырып, жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жануарлар бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: Суреттен қай жануардың отбасы көп екенін тез санап айту, отбасының қайсының саны көп екенін табу. Тез санап айтқан баланы мадақтау.
« Неше қоян жасырынған?»
Мақсаты: Берілген суреттегі бейнелерді анықтап қарауға, суретті дұрыс атауға үйрету. Бейнелерді мұқият қарап , жасырынған қоянды тауып айтуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа , санауға ынталандыру, танымдық деңгейлерін молайту.
Көрнекілігі: бір тұтас қоян жасырынған суреттер.
Ойын шарты: Балалар суретте жасырынған қояндарды мұқият қарап тез табу керек. Суретке әр бала мұқият қарау. Қояндарды санап айту.
Тақырыбы: « Үшінші вагонның жолаушыларын ата»
Мақсаты: Балаларды сурет арқылы бейнелерді дұрыс айтуға дағдыландырып , сөздерді анық айтуға жаттықтыру. Ойланып жауап беруге , санауға өз ынталарын молайту. Ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: үш вагон бейнеленген үлкен сурет.
Ойын шарты: Балалар суретке қарап үшінші вагонда отырған жануарларды атап айту керек ,және неше жануар бар екенін айтады. Жануарлар бейнелерін тез тауып айту.
Тақырыбы: « Аквариум балықтары»
Мақсаты: Екі қалташадағы балықтарды тез жинай білуге ұмтылдыру , балықтар жайлы ұғымдарын кеңейту. Аквариум балықтарының ерекшеліктерін түсіндіріп , шапшаңдыққа баулу.
Көрнекілігі: Екіге бөлінген қалташадағы аквариум балықтары.
Ойын шарты: Қалташадағы балықтарды шашып, екі бала өз қалташасына салып тез жинайды. Кім көп балық жинағаны айтылады.
Тақырыбы: « Гүлдерді тез құрастыр»
Мақсаты: Балалардың гүлдердің күлтешелерін тез жинап құрастыруға үйрету , шапшаңдылыққа дағдыландырып, қызығушылықтарын дағдыландыру.
Көрнекілігі: Екі қалташа салынған гүл бөліктері.
Ойын шарты: Екі бала ойынға шығады немесе екі топқа бөлінеді. Қалташадағы гүлдердің бөліктерін алып, тез гүл құрастырып шығу.Екі бала гүл құрастырып жарысады. Ойын шапшаңдықты қажет етеді.
Тақырыбы: «Түстерін тап»
Мақсаты: Түстерді дұрыс тауып айтуға үйретіп, білімдерін толықтыру. Көрсетілген суреттің түстерін тез табуға дағдыландырып , ынталарын көбейту.
Көрнекілігі: түрлі түсті пішіндер, суреттер.
Ойын шарты: Беоілген суретке қарап , оның түсін тез тауып айтуды түсіндіру.
Ақтөбе қаласы білім бөлімі
№32 «Қуаныш» МДҰ
Ашық сабақ
(Мектепке дейінгі ересек топ )
Тақырыбы: « Не білдік, не үйрендік?»
Білім беру саласы: Таным
Дайындаған : Мысина Д.Ж
Ақтөбе қаласы 2015 жыл
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: « Не білдік , не үйрендік»
Мақсаты : 1-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға дағдыларын қалыптастыру. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар. Құрал жабдық ретінде слайд тақтадағы суреттер, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады.
Жылулық шеңбер. - Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы. - Балалар, мынау ненің суреті? (күннің) - Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. - Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. -Арайлап таң атты,
-Алтын сәуле тартты .
-Жарқырайды куніміз,
- Жарқырайды даламыз.
-Қайырлы таң , балалар!
-Қайырлы таң, қонақтар!
Шапалақтайды. - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы өтсін!
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. - Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын Мына шарларды ала келдім. - Бір жылда неше мезгіл бар? - Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз) Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай?(ақ) - Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Қыс. қыста жер қандай болады (ақ) Сары шарды көрсету Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз) - Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды. Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. - Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем) Қызыл шарды көрсету. - Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз) - Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады. Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге әр жыл мезгіолдерінің дайындаған тапсырмалары берілген, осы тапсырманы дұрыс орындауымыз керек екен, сосын мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
1 - тапсырма.1 - ден 10 -ға дейін тура және кері санау Екі тілде санау.
3 - тапсырма. Логикалық есептер 1. Жанарда бар 3 сақина , Шынарда бар 2 сақина . Екеуін қосқанда болады қанша сақина?
2. Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша. Барлығы қанша?
3. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды? 4. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
( Тапсырмаларды есеп түрінде шығарып көрсетеді)
4 - тапсырма Жұмбақтар. Адамға серік, күзетке берік.(ит) Жүрегі бар, ізі жоқ, Қанатты бар, ұшпайды. Су астында қыстайды. (Балық) Мен атамнан қаштым, Мен әжемнен қаштым Таба алмадым атамды, әжемді. Үйімді сағындым.(Бауырсақ) Бұл қай ертегі? Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)
Сергіту сәті: «Бала, бала, балапан» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру. Тәрбиеші: балалар айтыңдаршы біздер жақында қандай мерекені қарсы алдық ?
Балалар: Жаңа жыл мерекесін .
Тәрбиеші: Ендеше балалар Жаңа жылда Аяз ата шыршаның қасына бізге бір сыйлық қорапша қалдырып кетіпті. Қане, ашып қарайықшы.
( Аяз атаның хаты оқылады)
5-тапсырма. Үстел үстінде. Салыстыру. ( Әр балаға жеке-жеке тапсырмалар беріледі, балалар тапсырманы орындап тәрбиешіге тапсырады)
6-тапсырма .Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет?»
(балаларға үстел үстінде ойнату)
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен. Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз. Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек. Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек) Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Үлестірме материалдармен жұмыс. Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық! Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)
Қорытынды: Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық. 1 - ден 10- ке дейін тура және кері санадық. Жұмбақтар шештік. Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз. - Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже: Қолынан келу: - Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық. Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу. Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері
Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат».
Тәрбиеші ; Мысина Дана Жұмабекқызы
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика.Айналамен таныстыру.
Тіл дамыту.Құрастыру.
Тақырыбы:Математика еліне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Балалардың математикалық білім қабілеттерін
тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы:Әр түрлі ойын-тапсырмалар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі:Сабаққа қызығушылығын арттыру. Балалардың өз
ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Балаларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интер/к тақта ,есеп, өлең есеп,слайд.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері.Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, жер ана! Амансың ба,достарым!
Тәрбиеші:-Балалар бүгін менің телефоныма бір қызықты хабарлама келді.Қазір мен сендерге оқып беремін.
Хабарламаны оқу:-Саламатсыздарма ересек топ балалары!
Менің атым Ернар.Менде сендер сияқты балабақшаға барып жүрмін,жазыпта білемін,есепте шығара аламын.Далада ойнап жүргенде,қарындасым Айнұрды жоғалтып алдым.Қайда кеткенін білмеймін.Бірақ оныңда санап білгісі келіп,есеп шығарғысы келіп жүр еді.Мүмкін математика еліне кеттіме екен?Балалар,мен жалғыз өзім таба алмаймын ба деп қорқамын. Сендерден өтінем,маған көмектесіңдерші!С/м Ернар.
Тәрбиеші:-Не істейміз балалар?Ернарға көмектесеміз бе?Сендер қалай ойлайсыңдар?
Балаларды тыңдау.
Тәрбиеші:-Олай болса жолға дайындалайық.(Музыка)
Тәрбиеші:-Ой балалар қараңдаршы,мына жерде іздер жатырғой.
(ізбен жүру)
-Ормандағы аңдарды кім қатырып тастаған,қане оларға көмектесейік,оларды тірілту керек.Ол үшін тақпақ айту.(қоян,қасқыр,түлкі,тиын)
Тақпақтар:
1-ші бала: Ақ қоян-ау, ақ қоян, Үркек қоян , сақ қоян. Қаша берсең қалыңға, Қорқағым деп ат қоям.
2-ші бала: Қасқыр орманда жортады, Аяздан ол қорқады, Аспанға қарап ұлиды, Малды ауылды ториды.
3-ші бала:Мен түлкімін, түлкімін, Мен айлакер түлкімін. Қулығымды асырып, Қуанып мен жүремін.
4-ші бала: Мен тиінмін, тиінмін. Қысқа жылы киіндім, Қоймам толы жаңғаққа Іші жылы үйімнің.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Қоян сен не бірдеңе айтқың келіп тұрма?Қане,менің құлағыма айтағойшы.
Тәрбиеші:-Балалар қоян бізге математика еліне апаратын жолды көрсеткісі келеді.Ол үшін жоба да құрастырып қойыпты.
(қояннан жобаны алып қарау)
Тәрбиеші:-Қане жобаны қарап алайық.Мына белгібізге жол көрсетеді.
-Алдымен шыршаға қарай барамыз.Сосын жол кесіспесіне түсеміз,жол екіге бөлінген.Біздің қай жолмен жүретінімізді шешіп алу керек.
Мұқият қараңдар!Мүмкін біз түбірге қарай жүрерміз.
Балалар:Жоқ.Егер олай істесек біз әрі қарай жол таба алмай қаламыз.
-Онда қай жолмен барамыз?Шыршаға апаратын жолмен барайық.
Тәрбиеші:-Сонымен әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық,бірақ шыршаға жету үшін көктем айларын айту керек.
Балалар айтады:
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!,енді жүрсек болады.-Міне,шыршаға да жеттік.-Ал,енді жобамызға қарайық,ары қарай қайда барамыз.
-Балалар шаршаған жоқсыңдарма қане бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті музыкамен орындалады.Музыка
Тәрбиеші:-Дем алып алдыңдарғой ,енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.(музыка)
Тәрбиеші:-Балалар,қараңдаршы біз Математика елінеде жеттік.(Есіктен Математика қаншайымы шығады)
Математика қаншайымы:Мен сендерді өзімнің елімде көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің келе жатқандарыңды мен біліп отырмын және не үшін келгендеріңдіде білемін.Айнұр шыныменде менің еліме келген еді.Сендер оның ағасына көмектескілерің келдіғой.-Сендер өте білімді балалар екенсіңдер,қане меніңде
математикалық тапсырмаларымды орындай аласыңдарма?
Балалар:-Ия.(тапсырмаларды тәрбиешіге беру)
Тәрбиеші:-Қане балалар тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?
1)Бес бұтақты ағашта, Бұтақ сайын бір алма. Біреуін бер Маратқа, Сонда қалмақ неше алма?(4 алма)
2)2 түйе, 3 жылқы. 1 сиыр, бір ешкі Неше болды барлығы? (7) 3) Қазып жүр құмды үш мысық, Екеуі жатыр күн ыстық. Біреуі жүр шомылып, Барлығы қанша санап шық. (6)
4)Көлден ұшты 7 қаз, Қайтып қонды 2 қаз Қонбады оның нешеуі, Шешуін кім тез шешеді? (5) 5)6 аламаның 2 - ін Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады. (4)
Математика қаншайымы:-Ой қандай білімді балалар едіңдер,сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.
Математика қаншайымы:-Балалар менің соңғы тағыда бір тапсырмам бар еді.Соны орындай аласыңдар ма?
Балалар:-Ия.
Математика қаншайымы:-Менің ең жақсы көретін екі құмырам бар еді,бірақ олар сынып қалды,маған енді дәл сондай құмыралар керек мүмкін сендер жасап берерсіңдер,солай ма?
Балалар:-Ия.
Құмыра құрастыру.
1-топ:қыздар 2-топ:ұлдар
Математика қаншайымы:Рахмет балалар,қандай әдемі құмыралар жасадыңдар! Сендер менің барлық тапсырмаларымды да орындадыңдар.Сендерге көп рахмет.Сендер балабақшаға барам дегенше Айнұрда үйіне жетеді.
Тәрбиеші:-Енді біздің балабақшаға қайтатын уақтымыз болып қалды.
Бірақ қалай қайтамыз?
Математика қаншайымы:-Мен сендерге көмектесе аламын.Өзімнің сиқырлы таяғымның көмегімен сендерді балабақшаға қайтарамын.Сау болыңдар!
-Қане үш рет айналып,көздеріңді жұмып отырыңдар.(музыка)
Тәрбиеші:-Ой балалар қараңдаршы біз шыныменде өзіміздің балабақшамызға келіппізғой.