Зал іші әдемі безендірілген, ортаға шырша қойылған, балалар кіреді.
1-жүргізуші:
Төрле – төрле жаңа жыл.
Айналамыз тебірене жаңа жыр.
Төрле – төрле құтты жыл.
Халыққа әр күн төгіп нұр.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және балалар. Барлығыңыздың бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Келе жатқан қой жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке, бірлік, несібе әкелсін. "Қонжық" тобының "Келді, міне жаңа жыл" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші:
Сіздер үшін әр күніміз жырымыз
Ағылсын тек тәтті әуен мен әніміз
Ақ пейілді жақсы адамдар кеш жарық
Сәлем достар армысыздар бәріңіз!
Ән:«Көңілді қоңыз»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Би:
Ойын: «Жүреміз»
Жүргізуші: қолымызды белге қоямыз, «жүреміз» деп айтамыз. Көліктін жүрісін саламыз.
Музыка ойналады
Жүреміз-жүреміз — құлақ. (балалар көрсетеді). Жүреміз- жүреміз— мұрын, Жүреміз-жүреміз — көрші баланын құлағы, жүреміз-жүреміз — табан, жүреміз-жүреміз — көрші баланын иығы.
"Жарайсыңдар!".
«мұз» бір орында қатып қалады , қолдарын жоғары көтеріп түйістіреді. «ұлпақар» өзін өзі айналады, «омбы қар» отырамыз. Түсінікті ме?
2жүргізуші:- Мүмкін біз шыршамен мереке басында амандаспаған шығармыз?
1 Шырша бізге ренжіп қалған болар. Олай болса, шыршаға арнап тақпақтар айтып берейік.
Фиксики әуені ойналады
Залға симка мен нолик келеді
Фиксики әуеніне балалар билейді
Симка. …: Сәлем балалар!Бүгін біз сендермен жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік.
Нолик: сендер кқңіл көтергенді ұнатасыңдар ма?
Балалар:иә
Жүргізуші:біздің шырша шамы жанбай тұр.
Нолик:ой, ол оңай ғой.
музыка «1,2,3 тыдышь» (лампочканы бұрайды ) .
(шырша шамы жанады)
Жүргізуші:Балалар сендер жаттығу жасадындар ма?
Олай болса бәріміз жаттығу жасайық.
Ән:Head, shoulders, knees and toes Head, shoulders, knees and toes
Голова, плечи, колени и носки (пальцы ног) Knees and toes колени и носки
Head, shoulders, knees and toes Голова, плечи, колени и носки (пальцы ног) Knees and toes колени и носки
And eyes and ears and mouth and nose Иглазаиушииротинос
Head, shoulders, knees and toes Голова, плечи, коленииноски (пальцыног) Knees and toes коленииноски
Музыка ойналады залға мыстан кемпір келеді.
Ой, балалар сендердің дауыстарынды естіп жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келдім.
Кәне ойын ойнайық «Кім шапшан?»
Нолик: балалар қараңдар шыршамызда хат ілініп тұр. (хатты алып оқиды) балалар, бұл хат Аяз атадан екен
Балалар, ата аналар сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сіздер менің жұмбағымның шешуін тапсаңдар мен сендерге қонаққа келемін.
Жүргізуші: Ол, оңай!біздің балалар тапқыр ғой!
Нолик: Біз дайынбыз ба , балалар?
(иә)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Аяз атаны шақырайық
Музыка ойналады залға аяз ата мен ақшақар келеді.
Аяз ата:
Ау, Ау. Келе жатырмын.
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады/
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал, сендер
Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келді бізге ....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі ......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын- күлкі таралсын
Құтты болсын .....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, қоймын
Құтты жыл болуға сөз беремін.
Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық, жақсы оқу салауат әкелсін.
Аязата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Ән: «Кішкентай шырша»!
Ойын: «Сиқырлы таяқ»
Музыка ойналады бір бірімізге таяқты береміз, музыка тоқтағанда кімнің қолында таяқ болса сол бала тақпағын айтады.
Би: флэшмоб
Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Ақшақар: Аяз ата, балалардың сыйлықтары қайда?
Аяз ата: Ой, қарақтарым мен қартайдым, сендердің сыйлықтарыңды орманда ұмытып кетіппін қазір орман тұрғындары алып келсін.