kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жасыл шырша жанында" 5 - сыныптарға арналған Жаңа жыл кешінің құрлымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-ші және бастауыш сыныптарына арналған Жаңа жыл кешінің құрлымы.

Кештің құрлымына жаңа кейіпкерлер енгізуге болады. Сынып жетекшілер үшін қажетті болады деп ұсынамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жасыл шырша жанында" 5 - сыныптарға арналған Жаңа жыл кешінің құрлымы»

Жасыл шырша жанында

Залға музықамен сыныптар кіреді.

Жүргізуші: Қүрметті ата-аналар! Бал-бөбек балдырғанда, бүгінгі жаңа-жыл мерекесінің қонақтары! Сіздердің көптен күткенжаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық деріңізге саулық,............. жылында молшылық, елімізде тыныштық, бейбітшілік тілеймін!

1-оқушы: Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік енді шыршаға

Қуант бізді таңырқат

(хормен) Шамдарыңды жарқырат

2-оқушы: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтары тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

(хормен) Енжерлықты тастайық

Шырша тойын бастайық.

3-оқушы: Қуаныштан лүпіл қағып жүрегім

Жаңа жылды жылда күтіп жүремін

Қаңтар айы жыл парақты бастаған

Он екі айдың үлкені деп білемін.

4-оқушы: Қоңырауын тағып келді, жағып келді жаңа шам

Домбырасын тартып келді, айтып келді жаңа ән

Шақырады өмір өрі, ақ жамылған төңірек

Бақыт әнін, өмір жырын, айтса дейді көберірек.

Күліп келді, түріп келді жақсылыққа құлағын

5-оқушы: Жаңа жылың құтты болсын, асыл әже жан атам

Жайнап атып келе жатыр алдымыздан жаңа таң

Жаңа жылық құтты болсын мейтімді менің ата-анам,

Шалқып шығып келе жатыр, жаңа бір күнжотадан

6-оқушы: Жаңа жылың құтты болсын Қазақстаным, Ұлы елім

Жаңа таңға, жаңа күнге, тұр көк туым сүйеніп.

Жаңа жылың құтты болсын Отандасым, жан досым,

Жаңа таңға, Ұлы Отанға мен басымды иемін.

Ән "Жасыл шырша жанында"

Алдар: (шырша алдына жүгіріп шығады) Алақай алақай! Ананы қараңдар, жаңа жыл келе жатыр. (артынан жүгіріп Қожа шығады)

Алдар: Мен бүгін балаларды алдап мәз боламын ба десем. Жарайды енді келген екенсің досым,жоғары шық бүгін мен бәріне өзім бас-көз боламын.

Жүргізуші: Қожеке, Алдар амансыңдама?

Мерекелерің құтты болсын! Осы сіздер мына халықпен амандастыңдар ма?

Неге таласып турсыңдар?

Қожа: Асс-құм, балалар!

Алдар: Тармысыңдар ағайын!

7-оқушы: Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуаныщы көп болсын жаңа жылда.

8- оқушы: Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт- береке елімізге,

Жақсылық пен қуаныш жақсылық жылы болсын,

Қиындық жоламасын елімізге,

9-оқушы: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Ән: "В лесу родилас елочка"

Алдар: Ән айтайық қол ұстасып бәріміз

Би билейік

Біреу қуып, біреу қашып,

Мәз болайық, бізге еріп.

(ән,би)

10 бала: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілді жақсылық

кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

11 бала: Ал, балалар, балалар,

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық

(ортаға 200... ...... жылы шығып, иіліп тағзым етеді)

Ескі жыл: Төрлет ....... жылы! Менің кететін уақытым болды. ........Мешін жылы қазақ жерінде ,бейбітшілік болып ,халық мол қуанышқа кенелді. Маған өкпеңіз жоқ па, балалар? Сау болың! (Ескі жыл кетеді)

Қожа: Балалар, ....... жылын шығарып салып, мен .... жылын ертіп келе қояйын.

Жыл тоқтауы мүмкін емес қой.

Ән: Шырша жыры. (Тамаша2) (Жаңа жыл келеді)

Жаңа жыл: - Халқым, менің?

Елді шарлап самғайын.

Бір күн қызық бір күннен

Бола берсін әрдайым.

Жаңа жылдың бастауын,

Сендермен тойлайын.

Аман болсын халқымыз!

Арта берсін даңқымыз,

Дами берсін үздіксіз.

Жақсы дәстүр-салтымыз.

12-бала: Төрлет қане жаңа жыл,

Үлестір құт-береке.

Көн қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке

13- бала Жаңа жыл,

Жаңа жыл

Кел Жаңаөзен деген қалама.

Нұрлы күнді жалғастыр,

Бір мінейік шанаға.


Кел жаңа жыл, төріме

Ырыс, бақыт арқалап.

Ұлан байтақ еліме,

Таратайық баріне

14- бала: Әуеспін ғой әр неге,

Атам мақтап жүрсін деп

Терезеге қарменен. Салмақ болдық бір өрнек.

Тоңып турған үйдің де,

Сынып түсті әйнегі.

Әні: "Кел Жаңа жыл-Жаңа жыл"

Жүргізуші: Балалар! Әндеріңізге рахмет! Біздің шыршамыз көңілсіздеу сияқты. іздің әсем шыршамызға қонақтар келу керек еді. Неге келмей жатыр екен?

(Шам сөнеді, залға ақшақар келеді).

-А-у-у, балалар, қалайсыңдар?

Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар! Ата-аналар! Қоақтар! Ұстаздар! Өздеріңді сағынып келдім. Жаңа жылдарың құтты болсын! Береке,бірлік әкелсін.! Қуанышты берекелі жыл болсын!

(залдағы балалар) Сәлеметсізбе, Ақшақар!

Ақшақар: Енді мен мына әсем сіңлілеріммендөңгелетіп би билеп берейін.

(Мыстан келді:) -А,а, сендер мінсіз той тойлапжатырсыңдар ма? Мен қазір Ақшақарды алып кететін, сендерді қатырайын. Айдахар көптен бері айтып жүр еді, бүгін түскенін қарашы! Ал тойлаң, ха-ха-ха деп. Ақшақарды алып кетеді.

(әндетіп келе жатқан қызылтелпектің алдынан қасқыр шығады).

Қасқыр: -Әй қызылтелпек қайда барасың?

Қызылтелпек: Ой, мен әжемнің үйіне самса, сүт алып бара жатырмын.

Қасқыр: (айласын асырмақшы болады, Қызылтелпекке жақындап келіп) Ой қандай жақсы немересің, мен де әжеңді көріп, жаңа жылымен құттықтайын деп едім.

Қызылтелпек( ойында жамандық жоқ ) Жүр бірге барайық онда.

Қасқыр: -Сенің әжең қайда тұрады?

Қызылтелпек: Орманның арғы бетінде.

Қасқыр: Телпегім бұл жол әжең үйіне бару үшін өте алыс жол, мен саған жақын жолды көрсетейін дейді. (Қызылтелпек келіседі, Ал айлакер қасқыр болса Қызылтелпекті өз үйіне апарар жолға салып жүріп келеді).

(Осы кезде Аяз-ата келеді)

Қызылтелпек: Аяз-ата салем қандай тамашасыз (қол соғып мәз болады)

Аяз- ата: Ия Қызылтелпек қайда барамыз деп қасқырға қарайды.

Қызылтелпек: Біз қасқыр ағай екеуіміз менің әжемді көргелі барамыз. Қасқыр ағай маған тез жетуім үшін қысқа жолды көрсетіп баратды (деп күлімдейді)

Аяз -ата: (таяғымен қасқырды нұқып) Әй, осы сен қасқыр осы айлаңды қоясыңба? Бүгінгі Жаңа жыл кеші сенің ертегің емес, сенің балаларды алдау ертегің ескірді, енді ешбір бала саған алданбайды!

Қасқыр: Қап бәлем осы Аяз-атаның Асатаяғынан қарақшылардан бетер қорқамын деп қашып кетеді.

Қызылтелпек: Ой, ата, сізге көп рахмет. Сіз болмағанда қасқырға жем болар едік! (Қасқыр қашып кетеді, осы кезде қарақшылар келіп, қалтаны алып кетеді).

Аяз- ата:- Сәлеметсіздерме, балаларым!

Балалар: - Сәлеметсізбе, аяз-ата!

Аяз-ата: Мен сендерді сағынып, өздерің сияқты балдардың шат күлкілі думан-тойын аралап, зорға жеткенімде, мына айқайдың үстінен түскенім. Өткен жылға ризамын. Адамзат баласын қуантатын көптеген жақсы о қығалар өтті, өздеріңде тағы бір жылды артқа тастап, бір жасқа өскелі турсыңдар.

Жаңа жылдарың құтты болсын! Жамандық атаулы ескі жылмен кетсін!

Жүргізуші: Ата, сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Бірақ біз көңілсізбіз!

Енді не істейміз!

Аяз-ата: Ой, айлакер, мыстан! Әлі жаман қылығын тастамаған екенғой. Қой болмас немерелерімді алып келейін.

(сол кезде Ақшақарды алып мыстан келеді.)

Мыстан: Әй, шал! мына немерең неткен көргенсіз еді. Қолымды тістеп, бетімді тырнап менімен төбелесіп, маған әл бермей қойды. Мынадай жаман қызды айдаһарға не деп апарамын. Мына немереңді тәртіпке салу керек. Мерекеге деп киіп келген әдемі көйлегімді бүлдірді.

Аяз-ата: Әй, мыстан! Сен әлі түзелмеген екенсің! Мен кәзір сені қатырыптастайын, деп таяғымен мыстанды нұқып қалады.

Мыстан жалынып кешірім сұрайды. (кешірім ретінде, ортаға шығып бір би билеп береді).

Жүргізуші: Ата, біз енді түгенделген сияқтымыз. Сіз шаршап қалған шығарсыз, отырып дем алыңыз!

Ән "Елка жыры"

Жүргізуші: Біздің балалардың өнері өте көп. Тек қазақша ғана емес ал орысша, ағылшынша да ән және тақпақтар біледі.

16-бала: Дед мороз домой идет

Он подарки раздает,

куклы, игрушки и шары,

лыжы, санки и карандашы

17- бала: Ах, хороший дед мороз,

Елку нам на праздник,

из лесу принесь.

18-бала: Огни на елке разные,

зеленые и красивые,

И жельтые, и синие

И все они красивые

Аяз-ата: Ой, жарайсыңдар, балалар!

Мыстан: Мен балаларға өзім білетінбір түйір жұмбағымды қояйын:

Дарияның ортасында екі жайық.

Орнына бірі кетсе, бірі дайын.

Құрсамда қармағымды бір қаппайды,

Таусылды бар амалым не қылайын (ай,күн).


Жүргізуші: (Жұмбақ жасырады, 4 жұмбақ жасырады).

Ақшақар: Атай! осы манадан бері біздің балалар өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Сіз балаларға сыйлық алып келе жатқандай едіңіз ғой. Қашан бересіз, ұмытып кеттіңіз ау деймін.

Аяз-ата: Ой, қызым дұрыс айтасың, жақсы есіме салдың, казір таратайын. (қалтасын іздейді).

- Мен оны қайда қалдырдым екен-а? Енді қайттім?

(Ақшақар: Аяз-атаның құлағына сыбырлайды)

Аяз-ата: А, солайма мен оларды көрейін. (Қарақшылар шырша жанында сыйлыққа таласып жатады ).

Қарақшылар: мынау маға, мынау маған, мынау тағы маған.

Аяз-ата: Тәйт, қарашылар, менің қалтамды қане акеліңдер бері

Қарақшылар: Әй, шал, жан керек болса кет бұл жерден, әйтпесе, сеніде бөліп алармыз. (Аяз-ата таяғымен қарақшыларды таяғымен нұқып қалады. Қарақшылар жалбарынып кешірім сұрайды. Аяз-ата оларды келесіде мұндай болмасын деп кешірім береді).

Мыстан: -Мында қыздар көп екен, мен қыздарға басымды қарататын уақытым болды. Ұйқым келіп тұр. (мыстан сахнадан кетеді)

Аяз-ата: -Ал, балдарым! ме енді өздеріңдей сағынып, алыс жерлерде балаларым күтіп отыр. Қызымыз екеуіміз аттанайық. Сыйлықтарыңды таратудыҚожа мен Алдарға қалдырдым.

Бір топ балалар шу ете қалады: Алдар бізді алдаса қайтеміз, ол Алдарғой жұртты алдамай жүре алмайдығой!

Аяз-ата: Осындай қуанышты күнде Алдар адам баласын алдамайтын болар деп Алдарға қарайды. (ортаға Алдармен Қожа жүгіріп келеді).

Алдар: Қам жемеңіх Ата деп. Балалар мен бүргін уәде беремін алдамауға , сендердей әнші-биші балаларды қалай алдауға болады деп жымыяды.

Жүргізуші: Көп рахмет Ата біз сізге ризамыз! Сізді келесі жылға сағына күтеміз сау болыңыз!

Алдар: Атаға келесі жылға дейін балаларды ренжітпеуге уәде береді.

Жүргізуші: Ал, жаңа жыл, Қожа, Алдар! Біздің балалар! Қане кешіміз өңілді болуы үшін кешімізге ең әдемі және тамаша киініп келген балаларды ортаға шықырайық. (ортаға әдемі және тамаша киінген оқушылар шақырылады. Қол соғу арқылы киімдер бағаланады және оларға бағалы сыйлықтар тарту етіледі).

Жүргізуші: Осымен оқушылар кешіміз аяқталды. Жаңа жылымыз баршамызға құтты болсын. Баршамыз келесі жаңа жылға сау-сәламат жетейік!!!

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Жасыл шырша жанында" 5 - сыныптарға арналған Жаңа жыл кешінің құрлымы

Автор: Тажибаева Зина Хожахмедовна

Дата: 19.08.2017

Номер свидетельства: 425704


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства