kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Театрға саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: 5 білім беру саласы қамтылған
Бөлімі: 5 білім беру саласы бойынша кіріктірілген ұ. о. і.

 Тақырыбы: Театрға саяхат
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Театрға саяхат"»

Театрға саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: 5 білім беру саласы қамтылған
Бөлімі: 5 білім беру саласы бойынша кіріктірілген ұ. о. і.

Тақырыбы: Театрға саяхат
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы білімдерін қайталау, балалардың театр туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық ою - өрнектері туралы білімдерін кеңейту, «Көбелек» ою - өрнек суретін боятып, әдемі түстерді таңдауға үйрету, көлеңке театры арқылы балаларды ұлттық тәрбиеге баулу.
Қостілдік компоненттер:көлеңке театры – теневой театр, ұлттық ою - өрнек – национальный орнамент.

Іс - әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қызығушылық кезеңдері «Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Жұмбақ:
Қар жауады,
Күн тез батады,
Бұл қай мезгілде болады? (Қыста)

Сұрақ - жауап:
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілінің неше айы бар? Қандай екенің атайықшы?
- Қазір қыс мезгілінің қай айы?
- Қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтады?

- Қыс мезгіліне байланысты мақал - мәтел кім айтады?
- Балалар, сендер театр туралы білгілерің келе ме?
-«Театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Театрдың бірнеше түрлері бар, мысалы, балаларға арналған қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, үстел үсті театры бар. Театрда ойнайтын адамдарды «актер» деп айтамыз. Театрға бару үшін адамдар кассадан билет сатып алады. Театрға кіріп, билеттері бойынша орындарына отырып жайғасады. Содан соң көрініс көреді.
Сендер театрға барғыларың келе ме?
- Ал театрға бару үшін не керек?
- Билетті қайдан аламыз?
- Ендеше, кассаға барайық.
(Кассаға барған соң Айымжан мен Романның диалогы)

Балалар орындарына жайғасқан соң, тәрбиеші театрда өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіріп кетеді. «Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
(Шеңберге тұрып қимылмен көрсетеді)

Қызыға тыңдап, жұмбақты дұрыс шешуге тырысады.

Балалар дұрыс жауап беруге тырысады.
Жанна
Аппақ көше, бар дала,
Аппақ ойлар, қыраттар.
Ақ шатырлы қар қала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Тимофей
Үлпілдеген ақша қар,
Жапалақтап жауады.
Айналшақтап ауада,
Жерді ақырын жабады.
Раиль
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Мадина
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақша қар!
Асылжан
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша, бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Ажар
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп - үшкір,
Көзі - көмір, қап - қара.

Ерлан: Қыстағы суық – жаздағы ыстық.
Арина: Қыстағы қар – жер ырысы.
Тілек: Қардың басын қар алар.
- Иә.
Балалар тыныш тұрып тыңдайды.
- Әрине.
- Билет керек.
- Кассадан.

Кассаға барған соң
Айымжан: Сәлеметсіз бе, кассир ағай!
Роман (кассир): Сәлеметсің бе!
Айымжан: Біздің топтың балаларына театр көрінісіне билеттер бересіз бе?
Роман (кассир): Әрине!
(Айымжан ақша төлеп, Романнан (кассир) билеттер алады)
Айымжан: Рахмет!
Роман (кассир): Оқасы жоқ!
Балалар билеттеріне сай орындарына отырады.
Ұйымдастыру және ізденушілік кезеңдері Көлеңке театры «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өзгертулер енгізілген.
- Балалар, сіздер бүгін «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көлеңке театры арқылы тамашалайсыздар.
- Ертеде Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Бірге тату тұрыпты. Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп мейіз тауып алады. Ол мысығын шақырады:
- Мысығым, мысығым, кел мұнда! Мысық келмейді. Ол мейізді өзі жеп қояды. Бір уақытта мысық келіп:
- Мяу - мяу, мені неге шақырдың?
- Айтпаймын.
- Ендеше, міне, көйлегіңді жыртып тастадым.
- Ал мен сенің құйрығынды жұлып алдым.
- Мақта қыз, құйрығымды берші.
- Бермеймін, алдымен сен маған көйлек тігіп әкел.
Мысық тігіншіге барады:
- Тігінші, тігінші, маған көйлек тігіп берші.
- Сен маған мата алып кел.
Мысық дүкеншіге барады:
- Дүкенші, дүкенші, маған мата берші.
- Сен маған жұмыртқа алып кел.
Мысық тауыққа барады:
- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші?
- Сен маған тары алып кел.
Мысық енді не істерін білмей тұрғанда, тышқанды көріп қалып, тышқанды ұстап алады.
- Әй, тышқан, ініңде не бар?
- Тары бар.
- Маған тары бер, сонда мен сені жіберемін.
Тышқан мысыққа тары береді, ол оны тауыққа, тауық оған жұмыртқа береді. Жұмыртқаны дүкеншіге, ол оған мата береді. Матаны тігіншіге береді, тігінші оған көйлек тігіп береді. Мысық көйлекті Мақта қызға береді. Мақта қыз: - Менің жыртып тастаған көйлегім әдемі ұлттық ою - өрнектермен әшекейленген. Ал мына көйлекте ою - өрнектер жоқ. Сен маған әдемі ою - өрнектер алып келсең, мен оны көйлегіме әдемілеп тігіп аламын, сосын саған құйрығыңды беремін.
Мысық: Енді не істеймін? А, таптым, мен балабақшаға барып, балалардан көмек сұрайын.
(көлеңке театрындағы шам сөндіріледі)

Осы сәтте топтың есігін түртіп мысық келеді:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Мен сендерден көмек сұрайын деп келдім. Маған ою - өрнек жасап бересіңдер ме?
Тәрбиеші: Мысығым, біздің балалар бірнеше ою - өрнек түрлерін біледі. (Суреттерді көрсетіп қандай өрнек екенін сұрайды).
- Дұрыс, балалар. Енді мен сендерге тағы ұлттық ою - өрнектермен таныстырып, маңызын айта кетейін. Мысығым сен де мұқият тыңда:
- мынау «түйетабан» ою - өрнегі. Түйенің басқан ізін бейнелейтін күрделі ою - өрнек.
- мынау «көбелек» өрнегі. Көбелектің бейнесін бейнелейтін әдемі ою - өрнек.
Оларды халқымыз сәндік, әдемілік үшін киімдеріне, бас киімдеріне, кілем - алашаларға, киіздеріне, төсек - көрпелерге, тұрмыстық заттарға, ыдыстарға, зергерлік бұйымдарға т. б. әшекейлеп пайдаланған. Ұлттық ою - өрнектер біздің еліміздің туы мен теңгелерде де бейнеленген. Қараңдаршы, қандай әсем ою - өрнектер (жоғарыдағы айтылған заттардың суреттері экраннан көрсетіліп тұрады).

Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.

Тәрбиеші: Ал, енді «көбелек» ою - өрнегін әдемі етіп бояп мысыққа сыйлайық, ол Мақта қыздан құйрығын алсын. (Жұмыстану барысында ою - өрнекті бояу үшін тәрбиеші ашық әдемі түстерді таңдауды ұсынады)
Мысық: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ою - өрнектер, жақсы етіп бояғансыңдар. Мен ою - өрнектерді Мақта қызға апарып берейін, ол көйлегіне әдемі ою - өрнектерді тігіп әшекейлейді. Ал мен тездетіп құйрығымды аламын. Сау болыңыздар!
Тыныш тыңдайды.
Балалар мысықпен амандасып, оған көмектесетіндерін айтады.
- Қошқар мүйіз, ботакөз.
Балалар тыныш отырып тыңдайды, қызыға қарайды.

Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
(қимылмен жасайды)
Балалар «көбелек» ою - өрнегін әдемілеп бояп, мысыққа сыйлайды.
Мысыққа көмектескендеріне қуанады, мысықпен қоштасады.
Бекіту,
бақылау
- Балалар, біздер бүгін қайда бардық?
- Біздер кімге көмектестік?
- мысыққа қалай көмектестік?

- Қандай ою - өрнек түрлерін білесіңдер?
- Ою - өрнек туралы тақпақ кім айтады.

- Сендерге бүгінгі ұ. о. і. ұнады ма?
- Енді қонақтарға бәріміз сау болыңыз айтайық.
- көлеңке театрға.
- мысыққа.
- ою - өрнекпен таныстырып, «көбелек» ою - өрнегін бояп бердік.
- Қошқармүйіз, ботакөз, түйетабан, көбелек.
Айымжан: Әжем өрнек тереді, Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе, қоюлап.
Ерлан: Ою - өрнек дегенде, ою - өрнек,
Қошқар мүйіз оюы болсын ермек,
Кел, жолдастар, көңілді ән салайық,
Топқа келген қонақты қарсы алайық.
Жанна: Көздің жауын алатын,
Көрсең апам киізін.
Елестетер оюы,
Иір арқар мүйізін.
- Ұнады.
- Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қыс туралы тақпақтарды, мақал - мәтелдерді.
Қалыптастыру керек: балалардың театр туралы түсініктерін және ұлттық ою - өрнектердің түрлері мен маңызы туралы білімдерін.
Меңгеруі керек: Ою - өрнектерді бояу барысында, түстерді дұрыс таңдауды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Театрға саяхат"

Автор: Бексултанова Динара Сапабековна

Дата: 11.01.2020

Номер свидетельства: 535297

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Театрға саяхат""
    ["seo_title"] => string(18) "tieatrg_a_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "459000"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519287985"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Драма «Театрға саяхат»"
    ["seo_title"] => string(24) "drama_tieatrg_a_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "363807"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480417282"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі. Тақырыбы: "Театрға саяхат""
    ["seo_title"] => string(70) "uiymdastyrylgan_oku_is_reketinin_konspektisi_takyryby_teatrga_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "511660"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1558442671"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Презентация для урока  "Театр?а  саяхат" "
    ["seo_title"] => string(45) "priezientatsiia-dlia-uroka-tieatrg-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "163663"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422526106"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?йгілі Вене опералы? театры "
    ["seo_title"] => string(31) "ighili-vienie-opieralyk-tieatry"
    ["file_id"] => string(6) "171662"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423709841"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства