kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таңғы жаттығулар кешені

Нажмите, чтобы узнать подробности

комплекс утренней зарядки на весь учебный год для группы предшкольной подготовки на казахском языке

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таңғы жаттығулар кешені»























2016-2017 оқу жылы

«Айналайын» мектепалды

/5 – 6 жас/ даярлық тобы





«ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАР КЕШЕНІ»





























Тәрбиешілері:

Ағзам А.А.

Жанарбек Г.



Таңғы жаттығулардың маңызы туралы түсініктеме хат.



Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады.

Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрге бөлінеді:

а/. Таңертеңгі жаттығу,

ә/. Қимылды ойындар,

б/. Спорттық жаттығулар,

в/. Қарапайым туризм.

Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі  жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.

Таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды,

атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бұлшық ет жүйесіне аздап ықпал ететіндей, организмнің жүрек тынысы және басқа функцияларының қызметін белсенділендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау.

Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның  қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың денесін шынықтыру кезіндегі басты фактор - оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке  даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, бір шама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды бірыңғай  тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.  

 Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі «комплекс» немесе «кешен» деп аталады.

Бір ғана комплекстің өзі екі апта бойы қайталанылады.

Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін ата-аналар балаларын балабақшаға кешіктірмей алып келуі абзал. Таңертеңгілік жаттығуды балабақша тәрбиешісі немесе дене шынықтырушы жүргізеді.   Таңертеңгілік  жаттығулар өткізілетін бөлмелерді балалар келер алдында, бірнеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал.

Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде, көп балалы топтарының қызығушылығы туралы ұмытпау керек. Күнделікті  2 апта бойы бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Таңдалған жаттығу кешендерін жаңа жаттығулармен алмастырып отыру керек.

Жаттығуларды қысқа және түсінікті етіп түсіндіріңіз. Жаттығуларды көрсету және оны түсіндіруді алдын ала ойластыру керек. Балалардың мектепке дайындығын арттыру үшін , даярлық топқа баратын балалар болса,  онда оларға түсіндіру бойынша тапсырмаларды беру керек. Жаттығуларды балалардың дұрыс орындауын қадағалау керек.

Балабақшада таңертеңгілік жаттығулар балалардың сапқа тұруымен басталады. Бұл сапқа тұрғызу тез өтеді. Балаларды топтың ауданына бірдей орналастыру үшін маңызы зор.Содан балалардың зейінін аударып, жүруден және жеңіл жүруден бастауыңцзға болады.

Бұл уақытта реакциялық жаттығуды өткізудің  маңызы зор;

Мысалы: Тәрбиешінің шапалағына, балалар жүруді тоқтатпай қол шапалағымен жауап береді. Балабақшаларға таңертеңгілік жаттығуларды таңдаған  уақытта барлық бұлшық ет топтарын шынықтыратын /иық буыны, аяқ,табан,кеуденің көлденең орналасқан және арқа бұлшық еттеріне, іш бұлшықеттерін/  жаттығуларға назар аудару керек.

Жаттығудың түрлілігі бөлменің ауданына тәуелді. Егер бөлменің ауданы үлкен  болса, онда жүгіру және секіру жаттығуларын қосуға болады.  Жиынға енген таңертеңгі жаттығулар дене шынықтыру ұйымдастырылған қимыл әрекеттерде мотивациялық бөлімінде пысықтау мақсатымен қайталанады . Таңертеңгілік жаттығуларды балаларға толық мақсатымен жаттығулар түрлі жан-жануарларға еліктеу әдісімен ұйымдастырылады.Таңертеңгілік жаттығулар арнайы жүйемен орындалады

Жаттығулар:

Бірінші: бас, мойын, иық, қол бұлшық еттеріне.

Екінші: бел, кеуде бұлшық еттеріне.

Үшінші: бөксе, сан, тізе бұлшық еттеріне жасалады.

Жаттығулардан соң,көңілді, қызықты, қимылды  ойын ұйымдастырылады.

Даярлық топтың таңертеңгілік жаттығуының ұзақтығы 8-10 минут

Қол, дене, аяққа арналған жалпы дамыту жаттығулары:

Ересектердің көрсетуі мен ауызша айтыуна сәйкес дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шар, доп, және т.б) қолдануға үйрету.

Негізі қимылдар:

Бір уақытта үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Жүру және жүгіру.

Топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру.

Аяқтың ұшымен жүру. Жіптен, қырлы бөренеден көбектен атттап жүру. Топқа бөлініп және бүкіл топпен түзу бағытта, әр түрлі бағытта (бірін-бірі итермей ), бірінің соңынан бірі, бір қатармен тәрбиешінің соңынан жүгіру.

Таңертеңгілік гимнастикаа амалдары:

а/. қарапайым түрдегі жаттығулар: таңғы жаттығулар кешені.

ә/. су процедурасы: бетін, қолын, қолдарын салқын сумен жуу, ауызын және тамағын шаю.

б/. Шынығу: ұйқыға жатар алдында киімдерін жинаған орындықтан төсекке дейін, оянған бетте төсектен орындыққа дейін жалаң аяқ жүріп өту.

в/. Уқалау, яғни массаж: Ойын түрінде дененің кез келген мүшесімен «сәлемдесу»

Қорыта айтқанда, балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың мақсаты - балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылдарды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындау дағдылары, әр баланың қимылының бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп, жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.



Карточка №1

Аяқ сәл алшақ, қол иықта алға, артқа есу.

Қолды алға созып, қайшылау.

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, сағаттың тіліндей иіліп солға бір

Аяқ сәл алшақ, тізелері түзу, аяқтың ұшына қол тигізу, БҚ қа келу.

Қоян секіреді, ат шабады, құс ұшады, аю қорбаңдайды, адам жүреді

Кілемге жатып аяқты көтеру, велосипед тебу, қалыпқа келу.

Жерге жатып, балықша жүзу, қолдарын сермеу, қалыпқа келу.

Аяқтың ұшына көтерілу, демді ішке тартып, қайта шығару


Карточка №2

Аяқ бірге, қолдарын алға созу, жоғары көтеру, жанға созу

Қол белде, оңға, солға иілу.

Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп

Басқа гүлге барайық.

Қолдары белде. Оң аяқпен бес рет, сол аяқпен бес рет секіру

Қолдары иықта.Алға, артқа есу.

Кілемге жату, аяқты созу, қайшылау, түсіру.

Саппен жүріп өту.

«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет»


Карточка №3

Шеңберде аяқтың ұшымен өкшелеп жүру.

Қол белде, оңға, солға бқрылыстар жасау.

Қолдарын екі жаққа жайғызып, «Көбелек» жаттығуын жасату: ұшады, гүлге қонады, шырынын сорып, қайта ұшады.

Қолдарымен күбідегі қымызды піскендей әрекеттер жасайды.

Оң және сол қолдарын кезек көтеріп, еседі.

Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велоспипед тебу.

Аяқ бірге,қолдарын еңкейіп аяқ ұшына тигізу, қайта тіктелу.


Карточка №4

«Маған қарай жүгіріңдер» ойыны.Топтасып бір бағытта жүгіреді.

«Торғайлар болып ұшайық»: жан жаққа жеңіл жүгіреді.

Тәрбиешінің көмегімен шеңбер жасап тұрады.

Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» секіру.

Тік тұрып қолды алға созу, тік тұрып қолды жоғары созу

«Құстай қанат самғайық» жаттығуы

Тік тұрып, қолды бүйірге қойып,аяқты алшақ етіп тұрып оңға және солға иілу.

Аяқтың ұшымен шеңбер бойы жеңіл жүру.

Тәрбиешінің артынан жеңіл үйіріліп жүгіру.






Карточка №5

Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқ ұшымен жүру.

Шеңбер жасап тұру

Тік тұрып, қолды алға, жоғары, жанға созу,төмен түсіру.

Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында ақырын айналу, қону.

Қоянша секіру, аюша қорбаңдау.

«Балапандар жем шоқыды» жаттығуы: Отыра қалып саусақтарымен еденді тырсылдату

Дем алып, дем шығарып, жай жүріспен шеңбер бойы жүру


Карточка №6

Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі тұру.

Қоянша секіру, аюша қорбаңдау, құсша қанат қағу.

Шеңбер құрып тұру.

Басымен оңға, солға, алға, артқа иілу.

Қолдарын алға, жоғары көтеріп, төмен түсіру.

Аяқ алшақ, екі қолдарымен бүйірлерін таянып алып оңға, солға иілу.

«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»


Карточка №7

«Маған қарай жүріңдер» ойыны.Бір бағытта топтасып жүру.

«Торғайлар болып ұшайық»: Әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру, қайта жиналу.

Шеңбер құрып тұра қалу.

«Біздің қолымыз қайда?» жаттығуы:Балалар қолдарын артқа жасырып, аяқтарын сәл ашып тұрады. «Қолдарың қайда?» деп сұраған кезде, «Міне,біздің қолымыз!» деп көрсетеді.

«Тик-так» жаттығуы.Сағат тіліндей екі жаққа кезек иілу.

«Күнге қол созамыз».

Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.


Карточка №8

Тәрбиешінің артынан шеңбер бойы жай жүру, аяқ ұшымен жүру.

Қолды алға созу, жоғары созу, жанына түсіру.

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, сағаттың тіліндей иіліп солға бір.

Баспен оңға,солға, алға, артқа иілу.

«Қарлығаш боп ұшайық»

«Қоянша секірейік»: Бір орында тұрып, екі қолдарын кеуделеріне қойып секіру.

Жай жүру, дем алу.

Карточка №9

Психогимнастика: «Күлімдеп амандасайық».

«Саусақтар амандасады»: Екі қолдың саусақтарын біртіндеп түйістіру.

Массаж немесе уқалау:

«Қолымызды жуамыз»: Екі қол бір бірін сипайды.

«Қайырлы күн, көздерім»: Қабақтарын сипайды.

«Оянамыз, көздерім»: Бинокльге қарау.

«Қайырлы таң, қолдарым»: Шапалақтау.

«Қайырлы таң, аяқтарым»: Аяқтарын сипау.

«Оянамыз, аяқтарым»: Бір орында жүру.

Карточка №10

«Ысқырғыш»:Бірінен соң бірі сапта тұрып бағыт өзгерте жүру.

«Шапалақ»: Бытырап жүгіру.

Қолдарын алға, артқа тербету.

Оңға бұрылып қолды артқа созу, солға бұрлыпы қолды артқа созу.

Түзу тұрып, аяқты алшақ қойып, қолды шынтақта бүгу: «насоспен» дөңгелекке жел үрлегендей қимылдар жасау.

Арқаға жатып, дене бойымен қолды созу, аяқтарын кеудеге тартып тізеден қолмен шапалақтау, қайта қалыпқа келу.

Бір орында секіру.

Саппен бірінің артынан бірі жай жүріспен жүру, тыныс алу.


Карточка №11

Тізбек қатарға тұру.Қолды белде ұстап аяқ ұшымен жүру.

Қолды жанына, жоғары, алға, артқа созу, қалпына келтіру.

Қолдарын желкеге айқастыра ұстап, кеудені еңкейту, көтерілу.

Қолды алға созып отыру, тұрғанда төмен түсіру.

Өкшелерді қосып тұру, отырып тұру.

«Ағаш шабушы» жаттығуы: аяқтары алшақ, екі қолды түйістіріп балтамен ағаш шапқандай әрекеттер жасау.

Шеңбер бойы жай ғана тыныстап жүру.

Карточка №12

Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырау

Жүру, звеноларға бөліну.

Аяқ алшақ, екі қолды жанынан көтеріп, керілу.

«Маятник» жаттығуы: Кеудені солға, оңға тербелту.

«Ағаш шабушы» жаттығуын қайталау.

Жұптасып қол ұстасып бірінің артынан бірі жүру.

Бір орында немесе жан жаққа шашырап секіру, қайта ортаға жиналу.

«Көбелек» атты тыныс алу жаттығуы.

Карточка №13

1.Жүру,жұптасып жүргізу,бір қатарға тұрып жүру,аяқтың ұшымен жүріп келе жатып қолды жоғары күнге қарай созу.
2. «Қол жаттығуы».

Екі аяқты иық денгейіне қою.Оң қолды көтеріп  түсіру..Сол қолды көтеріп түсіру.

3. «Тербелу» жаттығуы.

Еденге отыру.Аяқтар иық кеңдігінде.Екі қолды артқа қойып  тербелеміз.

Оң аяқты көтеріп,аяқтың ұшымен түзейміз..Сол аяқты көтеріп,аяқтың ұшын түзейміз.

4. «Алға еңкею».

Саусақтарды айқастыра ұстап,жерде отыру.Алға иіліп,аяқтың ұшына жету.

5. «Секіру» жаттығуы. Оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру.

7.Тыныс алу жаттығуы:

«Гүлдерді үрлейміз»

8.Саусақ жаттығуы:

Кел,кел қыздар келіңіздер,

Жүннен киіз басайық.

Алты қырдан асайық,

Ақ текемет басайық.

Карточка №14

1. ″Түсіріп алма»

Қазақша молдас құрып отыру,Доп қолда.Допты жоғары көтеру,

Қолды бүгіп,бастан асыру.Допты жоғары көтеру

2. ″Допты бастан асырып ұстау»

Тізерлеп отыру,доп төменде,допты көтермелеп қолды алдыға созу.Қалыпқа келу.

3. «Құлау»

Аяқ иық кеңдігінде,қол доппен төменде.

1. допты алға созып,оң аяқпен құлау.2..Б-Қ -қа келу.

4 .«Еңкею»

Кілемге отыру, аяқ алшақ,доп ұстаған қолды бүгіп,кеуде тұсында ұстау.

Алға оң(сол) аяққа шалу,қолды түзу ұстау.Қалыпқа келу.

5. «Допты айнала жүгіру»

Түзу тұру, аяқ алшақ, доп еденде.

Белгі бойынша допты айналып,жүгіріп,тізерлеп отырып,алақанмен допты бір ұру.

Әр жаққа қайталау.

6.Тыныс алу жаттығуы:«Гүл»

7.Саусақ жаттығуы: «Көбелек»

Көбелек-ау,көбелек,

Әдемісің керемет.

Алақанға қона ғой,

Өзіңде гүл бола ғой










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Таңғы жаттығулар кешені

Автор: Ағзам Асима Ағзамқызы

Дата: 03.06.2017

Номер свидетельства: 420258

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Қоссырықта орындалатын жаттығулар кешені"
    ["seo_title"] => string(47) "k_ossyryk_ta_oryndalatyn_zhattyg_ular_kieshieni"
    ["file_id"] => string(6) "381093"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484794961"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "2 сынып. Гимнастика."Тепе те?дікке арнал?ан жатты?улар  кешенін  ?йрету." "
    ["seo_title"] => string(79) "2-synyp-gimnastika-tiepie-tien-dikkie-arnalg-an-zhattyg-ular-kieshienin-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "204398"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429642164"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Гимнастикалы? жатты?улар кешені "
    ["seo_title"] => string(36) "gimnastikalyk-zhattyg-ular-kieshieni"
    ["file_id"] => string(6) "199772"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428648933"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ашық сабақ. Акробатикалық жаттығулар кешені"
    ["seo_title"] => string(48) "ashyk_sabak_akrobatikalyk_zhattyg_ular_kieshieni"
    ["file_id"] => string(6) "456955"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518498036"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "І сәбилер топтарға арналған таңғы жаттығулар кешені"
    ["seo_title"] => string(61) "i_s_bilier_toptarg_a_arnalg_an_tan_g_y_zhattyg_ular_kieshieni"
    ["file_id"] => string(6) "424917"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1501869158"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства