Ұйымдаылық- Ізденістік | Балалар, бізге Жұмбақбай ата келіп, жұмбақ жасырады, шешеміз бе, жұмбақ. Балалар атамен амандасады. Ұшқаны қызық жалпылдап Өзі сондай қарқылдақ (Қарға) Шарлап жүріп даланы Үйіңе үйін салады. (Қарлығаш) Жатыр суды жастанып Ай астында ақ мамық (Аққу) Мысық құлақты, Бүркіт тұяқты. (Үкі) Ақ сарайын талқандап, Шықты біреу талтаңдап. (Балапан) Тоқылдатып мазаны ап, Ағаштарды тазалап Орманды емдейді Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ) Жұмбақбай ата: Балалар, қазір аулаларыңнан қай құстарды көріп жүрсіңдер? Оларға қамқорлық жасап, жем, нан, үгінділерін сеуіп жүру керектігін ұмытпаңдар. Тәрбиеші: Алдын - ала жасалған жұмыс арқылы балалардың назарын тақтаға аударту. Фото сурет: «Қыстайтын құстар» Суреттер арқылы сұрақтар қою. - Балалар сіздер қыстап қалатын құстарды білесіздер ме? - Бідер қыстап қалатын құстарға не дайындадық балалар? Балалар, біз бүгін құстар туралы жұмбақтарды жасырып және оларға жасалатын қамқорлық туралы бекер айтқан жоқпыз. Өйткені мен сендерге жазушы М. Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. М. Зверев жазушы, ол табиғат туралы, құстар, жәндіктер туралы көптеген әңгімелер жазған. Әңгімені мәнерлеп оқып беремін. Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз. Осындай кезде шыр - шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайкы құйрық, кішкентай қара торғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбіне жорғалап, тастардың ара - арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған. Оны елең қылмастан зыр - зыр жорғалап, баяғысынша әндетумен болады. Бұл қандай ғажап құс? Бұл құсты су торғайы дейді. Ол қысы - жазы бірдей жемін су түбінен табады. Балаларға мазмұнын видеоролик тамашалау арқылы қысқаша түсіндіру. Тәрбиеші балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. 1. Әңгімеде жылдың қай мезгілі айтылған? 2. Әңгіме не туралы? 3. Су торғайын кім сипаттап береді? 4. Су торғайы жемін қайдан табады? 5. Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңейді? Тәрбиеші әңгіме мазмұнын 5 - 6 балаға қайталап айтқызады. Бірін - бірі жалғастыру арқылы. - Әңгімеден су торғайы қандай құстарға жатады деп ойлайсыңдар? Балалар құстар тағы да қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар болып бөлінеді. Енді балалар біздер ойын ойнайық. Дидактикалық ойын: «Қыстайтын, жылы жаққа ұшып кететін құстарды ажырат». Балалар құстардың суреттері бар үлестірмелі карточкалар арқылы ажыратып белгілейді. Билингвальды компонент: мұз - лед, жабайы құстар – дикие птицы. Балалар біздер құстар туралы тақпақтар, мақал - мәтелдер білеміз бе, кім айтады? Балалар тақпақтар, мақал мәтелдер айтады. Сергіту сәті: (Сергіту жаттығуларын Х. Талғаровтың «Торғай» өлеңі. Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын, тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың. Дидактикалық ойын: «Не жақсы, не жаман?» Ойын шарты: берілген суреттерден не жақсы, не жаман істерді тауып көрсету керек. | Балалар жұмбақтын жауаьын айтады (Қарға) . (Қарлығаш) (Аққу) (Үкі) Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды Суретке қарап жауап береді. - Иә, карға, торғай, көгершін, тоқылдақ. Біздер жемсауыт дайындадық, оны өзіміз жасап, ағашқа ілдік және ішіне жем салдық. Балалар әңгімені мұқият тыңдайды Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді мұз - лед, жабайы құстар – дикие птицы. Балалар сергіту сәтін қимыл көрсету арқылы көрсетеді. |