|       — Балалар, сендер ертегілерді ұнатасыздар ғой. Қане, «Үйшік» ертегісін есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырайық.  — Алаңда бір үйшік тұр.(Суретті көрсетеді) Жертесер тышқан оны көріп қалып, неткен керемет үйшік, бұл кімдікі,- деп сұрайды. (тышқанның карточкасы қойылады).  — Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.  — Балалар тышқанға көмектесеміз бе?  Тәрбиеші балаларға тапсырманы ұсынады:  1.Суреттегі заттардың қайсысы үстелдің үстінде, қайсысы астында орналасқан?  Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, тышқанға үйшіктің есігі ашылады. Жарайсыңдар!  Тышқан үйшікке кіріп тұра бастайды.  Секеңдеп, секіріп қоян келеді.  — Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады? Сол кезде үйшіктен  ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.  Тәрбиеші балаларға тапсырма ұсынады:  1.Балалар қоян не жейді? Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді тапсырманы орындайық. Мына қиынды қағаздарды құрастырайық. Балалар ненің суреті шықты? Жарайсыңдар, қоянға үйшікке кіруге көмектестіңдер.           |