kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі ұйымда үш тұғырлы тілді үйрету

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бағыты: «Білім беру жүйесіне үштілділікті енгізудің тиімді жолдары»

Мақсаты: тілді меңгеру арқылы тәрбиеленушінің танымдық – тілдік дамуын және мектепке дайындауда балалардың әлеуметтік тұлғалығын қамтамасыз ету.

          «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тілде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаhандық  эканомикаға  нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек»  Н.Ә. Назарбаев   «Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан»  Біз білім беру саласының өзекті мәселелерін  қайта қарастыруды талап ететін, адам қызметінің  барлық салалары жаhандану үдерісін кешіп жатқан дәуірде  өмір сүріп, жұмыс жасаудамыз. Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік  құзыреттілікпен  қатар көпмәдениеттілік  жаhандық  білім беру қауымдастығының  тануынша білім беру саласының негізгі құзыреттілігі және  жаhандық білім кеңістігін  қалыптастырудағы  басты бағыттардың  бірі болып саналады.

                                           Жеті түрлі білім біл, Жеті жұрттың тілін біл.      

  «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші роль атқаратыны әркімге де, түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық   байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық  және мәдениаралық  қарым – қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

         Үштұғырлы  болудың негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзыреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Осындай істің жүзеге асуы үшін, жұмысты мектепке дейінгі ұйымдардан бастады. Бұған дәлел ретінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын айтып өтуге болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі ұйымда үш тұғырлы тілді үйрету»


Мұнайлы ауданы, №9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК

әдіскері Шангреева А.Ж.




Тақырыбы: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІ ҮЙРЕТУ


Бағыты: «Білім беру жүйесіне үштілділікті енгізудің тиімді жолдары»

Мақсаты: тілді меңгеру арқылы тәрбиеленушінің танымдық – тілдік дамуын және мектепке дайындауда балалардың әлеуметтік тұлғалығын қамтамасыз ету.


«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тілде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаhандық эканомикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан» Біз білім беру саласының өзекті мәселелерін қайта қарастыруды талап ететін, адам қызметінің барлық салалары жаhандану үдерісін кешіп жатқан дәуірде өмір сүріп, жұмыс жасаудамыз. Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар көпмәдениеттілік жаhандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыреттілігі және жаhандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі болып саналады.

Жеті түрлі білім біл,

Жеті жұрттың тілін біл.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші роль атқаратыны әркімге де, түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым – қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Үштұғырлы болудың негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзыреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Осындай істің жүзеге асуы үшін, жұмысты мектепке дейінгі ұйымдардан бастады. Бұған дәлел ретінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын айтып өтуге болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда үштұғырлы тілді дамыту жұмыстарындағы мынадай әдістер мен тәсілдер қолданылуда.

5–6 жастағы балалардың үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) ауызша үйренуі. Содан кейінгі, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды оқыту үрдісі (процесі) кезінде жүзеге асырылады.

Үштілділікті меңгерту кезінде педагог баланың жас ерекшелігін ескерумен қатар, жеке бас ерекшеліктеріне де үлкен мән беруі керек.

Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асыру барысында төмендегі негізгі қағидалар ескерілуі қажет:

  • оқытудың қол жетімділік пен бірізділік;

  • көрнекі құрал жабдық;

  • белсенділік пен саналылық;

  • ұжымдық оқыту жұмыстары кезінде жеке жағдай жасау;

  • материалды игертудің беріктігі;

Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде балалардың тілін дамытуды қызықты өткізу үшін Кішкентай Тілмаш үштұғырлы тілді дамыту әдістемелік құралында көптеген материалдар ұсынылған. Мектепке дейінгі ұйымдарға үштілділікті дамытуға арналған «Кішкентай Тілмаш» әдістемелік құралы бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыру ауызша сөйлеу тілін дамытуға бағытталады. Сондықтан, балабақшада қолданылатын негізгі әдіс – тәсілдер мен оқыту түрлері әдетте ауызша сөйлеу әдісі болып табылады.

Оқыту процесі кезінде кейбір бала үйретілетін лексиканы «үздіксіз сөйлесу коммуникациясымен» (яғни, қарым – қатынас) ретінде қабылдаса, ал өзгелері керісінше, «үнсіз коммуникация» (олар тілді үнсіз меңгереді) түрінде қабылдайды. Мұндай жағдайда дереу «тепе – теңдік» орнату қажет. Сонда педагог баланың не туралы «үнсіз тұрғанын» да білетін болады. Тілдерді үйретуде баланың жеке ерекшеліктерін жан – жақты жетілдіру мақсатында балалармен сөйлесетін ертегі кейіпкерін қолданылады. Мысалы, ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті жоспарлы ойын түрінде құрылып, балаларды жаңа ертегі кейіпкерлерімен, қоршаған ортамен, жаңа сөздермен, түсініктерімен таныстырады. Тілмашпен бірге балалар ойнауға, қорытынды жасай білуге, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйренеді.

Қазіргі таңда компьютерлік технологияны қолдану білім беру жүйесіне біртіндеп енгізілуде. Көптеген балабақша балаларды жаңашыл инновациялық әлемге бағыттайтын компьютерлік бөлмелермен жабдықталған. Сондықтан да, 5 – 6 жастағы балаларға үш тілді қатар оқытуда ұйымдастырылған оқу іс– әрекетінде компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Үш тілді қатар оқытуда компьютерлік технологияны қолдану педагог балаларды оқытуда мотивацияны жоғарылатуға және нақты мақсатқа жетелейді.

Сонымен қатар үштұғырлы тілді дамытудағы тақпақ жаттату арқылы, баланың тілін тез жаттықтыруға болады. Тақпақпен жатталатын сөздер есте жақсы сақталады, тілді меңгеруге деген ынтасы артып, сөздік қорлары байиды. Тілдерді үйрету барысында тақпақ жаттатудың пайдасы зор. Тақпақ жаттату тіл дамытудың дәстүрлі әдістерінң бірі. Тақпақ жаттату арнайы мақсатты және нақты міндетті шешеді. Тақпақпен жатталатын сөздер есте жақсы сақталады. Үштұғырлы тілді сурет бойынша да, тиімді пайдалануға болады. Суретке қарап, үш тілді байланыстырып әңгіме құрастыруға, заттарға сипаттама беруге, үйретеді(бейімдейді). Балабақшада қолдалынатын негізгі әдіс-тәсілдермен оқыту түрлері әдетте ауызша сөйлеу әдісі болып табылады. Қазақ тілі, орыс тілін, ағылшын тілін меңгертуге келесі әдіс-тәсілдер қолданылады:

  1. Педагогтың сөзі таныс лексикаға негізделіп құрастырылған жеңіл әңгімелер мен ертегілер тыңдау;

  2. Балаларға арналған әндерді, таспаға жазылған әуендерді тыңдау;

  3. Сұрақ-жауап жаттығуларын орындау;

  4. Педагогпен және өзара диалог жүргізу;

  5. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде

  6. Өз бетінше 2-3 минут «тіл жаттығуын» жүргізу;

  7. Балалардың өткен тақырып бойынша шағын хабарлама дайындауы;

  8. Жеңіл өлеңдер, тақпақтар, жұмбақ пен жаңылтпаштарды жатқа айту;

Осындай жүйелі жұмыстың арқасында, тілді дамыту өз нәтижесін береді.

Баланың мектепте тілді жеңіл меңгеруіне көмектесі мақсатында балабақшадағы соңғы айларда жаңа материалды игеруге емес, өткен материалдың дұрыс бекітілуіне ерекше көңіл бөлу керек. Балабақша мен мектеп мұғалімдерінің айырмашылығы – алдына қоятын талап тапсырмаларының өзгешелігінде балабақша тәрбиешісі баланың сөйлеуін және есту арқылы қабылдау дағдысын қалыптастыруды мақсат етсе, ал мектеп бағдарламасында бұдан басқа, баланың оқып, жазып үйренуіне жетелейтін түйсік қалыптастыру бірінші орынға қойылады.

Сонымен, мекемелердегі ауызша тіл үйрету дағдысының кішкентай бөлшегінің өзі мектепте тіл меңгертудегі жетістіктерге қосар үлесі зор деген қорытынды жасалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқытуды ұйымдастырудағы бірізділік балаларда мектепке қажетті сапалы мінез құлықтарды; зейінділік, ұқыптылық, ұйымдастырушылық, тыңдауды және соған сай әрекет етуді және тағы басқа т.б. қалыптастырады. Балабақша қабырғасында алған ауызша тілін дамыту дағдылары балаланың сөйлеу мәдениетін арттырады (өз ойын дұрыс айтып жеткізуін, тіл мақамының фонетикалық айқындығын жетілдіреді)

«Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету педагогтардың парызы. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу – басты міндетіміз.

Қорыта келе, көптілділік білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Өсіп келе жатқан ұрпағымыздың жан – жақты сауатты болуы үшін бар күшімізбен еңбек етуіміз қажет. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азамат пен азаматшаларын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР МЖМБС 1.001-2012 «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» негізгі ережелер

2. ҚР «Тілдер туралы» Заңы 11.07.1997ж №151-1

3. «Кішкентай Тілмаш» Үштұғырлы тілді дамыту әдістемелік құралы.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектепке дейінгі ұйымда үш тұғырлы тілді үйрету

Автор: Шангреева Айнур Жетесовна

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506769

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?ТШТ технологиясыны? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(30) "otshttiekhnologhiiasynynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "314968"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459793170"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«?ла?ат – ?лтты? т?рбиеде» "
    ["seo_title"] => string(27) "u-lag-at-u-lttyk-t-rbiiedie"
    ["file_id"] => string(6) "178168"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424784666"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства