Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Аналар асыл жандар"»
Ертеңгілік
Аналар – асыл жандар.
«Жауқазын» II кіші тобы
2017 жыл
Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Саз ырғағымен
Екі- екіден қол ұстасып бір ұл, бір қыз бала келіп, орындарына отырады.
Жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Аналардың мерекесін біз бастайық
Көздерінен көрем шаттық арайын.
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың,
Армысыздар, құрметті қонақтар. Аналар әжелер, сүйкімді қыздар!
Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге шаттық, қуаныш тілей отырып «Жауқазын» II-кіші тобының дайындаған «Аналар асыл жандар.» атты ертеңгігімізді тамашалаңыздар
Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті әже, аналар.
Ән: Балалардың орындауында «Құттықтаймын ана туған күніңмен».
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекемізге қонақ келе жатқан сияқты.(Осы сәтте Көктем билеп келеді).
Көктем
Мен Көктеммін, Көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Жайнататын бар гүлді
Сайрататын бұлбұлды
Тілеп жылға оң қадам
Ән арнайды ел маған
Тіршіліктің бастауы
Көктем айы мен болам
Жүргізуші: Қош келдің көктем
Біздің балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтары бар соны бірге тамашалайық.
Жүргізуші: Өте жақсы. Аналарымыз бен әжелеріміздің құрметіне арналған кішкентай бүлдіршінтайдеріміздің «Вальс» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар келесі тақпақтарын ақ жаулықты әжелеріне арнайды.
Марғұлан
Әжем нұрлы күн еді
Мені жақсы көреді
Тойға барса үнемі
Кәмпит әкеп береді
Інжу
Гүл-гүл, жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз
Әйгерім
Бізді өсірген апатай
Еңбегіңде зор екен
Құтты байын апайтай
Құтты болсын мерекең
Айару Қ
Анам біздің күніміз
Анаң біздің гүліміз
Анамыздан тарайды
Біздің ана тіліміз
Әлиасқар
Мен анамды сүйемін
Сөзін ойға түйемін
Анашымды ардақтадап
Басымды оғаниемін
Малика
Анам менің аяулы
Маған құшақ жаяды
Айтқан тілін аламын
Менде анамдай баламын
Келесі орындалар әніміз: Хор «Ана»
Жүргізуші:
Той тойлап дала мен калаларың
Мерекең құтты болсын, аналарым
Аналарға тарналған сыйлықтарын
Сыйлауға келе жатыр балаларың
Құрметті қонақтар, балалар,осымен біздің бүгінгі «Аналар асыл жандар» атты ертеңгілігіміз осымен аяқтаймыз. Осыдан әрі қарай психолог маманы Исатайқызы Рима өзінің тренигін жалғастырады.