kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аналар асыл жандар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналар мерекесіне арнал?ан ерте?гілік сценариі. 8 наурызда ?ткізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аналар асыл жандар»

Әсем безендірілген залға әдемі киінген балалар музыка ырғағымен кіріп жарты шеңбер құрады.

Тәрбиеші: Жыл басы наурыз мереке.

Ақ нұрға әлем боянды,

Аналар бойы береке.

Тіршілік жаңа оянды.

Ақ сүт беріп өсірген,

«Ботам» деген дауысы

Кетпес ешбір есімнен.

Құрметті асыл аналар, ақ жаулықты әжелер, біздің кішкентай бүлдіршіндер сіздерді 8-наурыщзаналар мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып өздерінің тақпақтарын, әндерін, билерін сыйға тартады. Біздің балалардың тілектерін қабыл алыңыздар.

Ән: Е. Хасанғалиев «Анаға сәлем!» хор.

Мейірімді сымбатты,

Қадірменді қымбатты,

Ең жақын жан балаға,

Кім десеңдер ол-Ана.



Әжелерді ардақтап,

Қуантатын келді күн,

Мейрамымен құттықтап,

Ән салайық біз бүгін.



Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз,

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз



Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін біліңіз,

Ана жанын түсініп,

Ойнаңызда күліңіз



Сегізінші наурызда,

Біз балалар бар қызға

Кәде сыйлық береміз:

Бірге қызық көреміз.

Мерекені қарсы алып,

Би билейміз, ән салып.



Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші Наурызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл-қызың!

Ән: Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр!»

Би: «Вальс» (Балалардың орындауында)

(Қолдарына гүл ұстап шыққан ұлдар гүлдерін әдемі құмыраға салып би билейді билеп болған соң гүлдерін аналарына береді.)

Балалар: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Тәрбиеші: Аналардың анасы әжелерге арнаған немерелеріңіздің сыйын қабыл алыңыздар.

Әжем менің ақ әжем,

Аппақ әжем, пәк әжем,

Басқалардай емессіз,

Сүйкімдісіз ақ әжем.



Әже маған базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін дәмдісін

Маған таңдап әперді.



Еркелетсе «Күнім» дейді,

Ұрысқаны білінбейді,

Маңдайымнан иіскеп мені,

«Құлыншағым», «Күнім» дейді

Би: «Ламбада».

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Ақ қар еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады,

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде!

Тәрбиеші: Иә, көптен күткен көктемде келіп жетті.

(Залға вальс әуенімен қолына сыйлық салынған себеті бар көктем кіреді)

Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар, аналар

Сағынышпен жеткен,

Келді міне көктем

Жайнап нұрлы гүлі,

Мерекеңіз бүгін,

Құтты болсын аналар!

Тәрбиеші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, бұлақтың сылдырын сағынды. Олар саған би билеп береді.

Ортақ би: «Қыздар биі»

Тәрбиеші: Сен балаларға не әкелдің?

Көктем: Мен көктемнің алғанқы гүлі бәйшешектерімді алып келдім.

Ойын: «Гүл шоғын жинау».

Ойын шарты: Балалар шашылған гүлдерден гүл шоғын жасайды. 2 топқа бөлініп.

Тәрбиеші: Ал енді «Өзбек» биін тамашалайық.

Би: «Өзбек биі»

Көктем қыздарға алғыс айтады.

Жүргізуші:

Қандай ғажап күн бүгін

Күміс күлкі, жан жағың

Құттықтайды сіздерді.

Көрініс: «Үш ана».

Көріністе немересі, анасы және әжесі бір біріне мейрімдік көрсетеді.

Тәрбиеші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз,

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Көңілді әуенмен балалар дайындаған гүлдерін аналарға ұсынады.

Ата-аналармен ойын: «Аналарды сәндеу»

Ойын шарты: Үш ана балаларымен шығады, балалары аналарын әдемі моншақ, шарф, көзілдірік, білезіктер тағып сәндейді.

Құрметті аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аналар асыл жандар

Автор: Жакупова Сандугаш Казеровна

Дата: 20.05.2016

Номер свидетельства: 329000

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Аналар асыл жандар!"
    ["seo_title"] => string(21) "analar_asyl_zhandar_1"
    ["file_id"] => string(6) "446657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514265825"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Аналар асыл жандар!"
    ["seo_title"] => string(21) "analar-asyl-zhandar-1"
    ["file_id"] => string(6) "313555"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459504548"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Аналар-асыл жандар"
    ["seo_title"] => string(17) "analarasylzhandar"
    ["file_id"] => string(6) "303635"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457580097"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Аналар – асыл жандар"
    ["seo_title"] => string(21) "analar-asyl-zhandar-2"
    ["file_id"] => string(6) "319017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460716091"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Конспект урока на тему "Аналар-асыл жандар""
    ["seo_title"] => string(38) "konspiekturokanatiemuanalarasylzhandar"
    ["file_id"] => string(6) "303082"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457424594"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства