Бөлім: Менің айналамды не қоршап тұр? | Пәні: құрастыру |
Тақырыбы: Айналам қандай тамаша! | Мектеп:«Валерьянов негізгі мектебі» КММ |
Күні:29.11.19 | Педагогтің аты-жөні: Бердімұрат Ақмарал |
Сынып: МАД | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары | 0.1.1.2. Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау. 0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану. 0.3.1.1. Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу. 0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау. 0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
Күтілетін нəтиже | Зерек тәрбиеленушілер: табиғи материалдармен жұмыс жасауға арналған құралдарды ажыратып, қолдана алады; құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдана алады. Қабілетті тәрбиеленушілер: өзінің іс-әрекетін дербес жоспарлай алады және мәнерлі болуы үшін ұсақ бөліктерін толықтырып әшекейлей алады; өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығара алады; өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттайды және бағалай алады. |
Тілдік мақсат | Дағдыларын дамыту: табиғи материалдармен өсімдіктер әлемі туралы, олардың өсуі мен тіршілігіне қажет жағдайлар туралы әңгімелесе алады. Көптілділік: өсімдік – растение – plant. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: табиғи материалдар, өсімдіктер, күтім. Пікір алысуға арналған сұрақтар. Қандай табиғи материалдарды білесің? Табиғи материалдардың айырмашылығы неде? Қандай бөлме өсімдіктерін білесің? Табиғи материалдарды қалай пайдалануға болады? Оларды қалай сақтаймыз? |
Өткен ҰОҚ алған білім | Табиғи материалдардың қасиеттері, оны пайдаланудың негізгі тәсілдері. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар |
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин. II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. | Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру. Сөздік дидактикалық ойын: «Өсімдіктер әлемі» – кім өсімдіктерді көп атай алады? Қандай табиғи материалдар-ды білесіңдер? Интерактивті тақтадан табиғи материалдардың суреттерін көрсетіп, атап өту. Табиғи материалдарды зерттеу, олардың қасиеттерін атап өту: жапырақтар өте нәзік, үгітіледі, сынады, ағаштың қабықтары мен бұтақтары қатты, шырша бүрлері, жаңғақтар т.б. Бүгін біз ұсақ жапырақтардан әдемі ағаштарды бейнелеп «Күзгі бақ» жасаймыз. | |
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин. | Әліппе-дәптермен жұмыс. Тәрбиеленушілер жұппен жұмыс істейді. Орындалу реті: 1. Екі балаға ортақ қатырғықағаз беріледі, екеуі бірлесіп жұмысты қалай бастау керек, кім не жасайды келісіп алады. 2. Жапырақтарды таңдайды, ағаштың діңін қоңыр түсті қағаздан қиып дайындап алады. 3. Таңдаған жапырақтарын ағаш бұтақтарына желім жағып алып, екеуі кезекпен, екі жағынан жапсырып ор- наластырып алады. 4. Жапсырылған жапырақтардың үстіне қағаз салфетканы қойып, бастырып алады. (Берік жабысу үшін). 5. Келесі кезекте жерде жатқан жапырақтарды келісіп, біреуі жапсырады. 6. Екінші бала ағаштың жоғарғы бөлігіне сары түсті жапырақтарды таңдап «күн» жасайды. 7. Тәрбиеленушілер ағаштан ұшып түскен жапырақтар сияқты шеттерін әшекейлейді т.б. Бұл жұмыс олардың қызығушылығы мен шығармашылығын дамытуға байла- нысты орындалады. Тәрбиеленушілердің табиғи материалдармен жұмыс жасауы барысында олардың мұқият болуын қадағалау, ұқыпты жұмыс жасалу, әр жұпқа жеке нұсқаулар беріліп, көмек көрсету. Өз білімдері мен бақылауларына сүйенеді, өздері жасаған затты әрлеудің қарапайым әдістерін қолданады, шығармашылық таңдау жасай алуға үйренеді. | Әліппе- дәптер. Табиғи ма- териалдар және үлгі суреттер, желім, сүлгі. |
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин | Жасаған жұмыстары жайында әңгімелеп береді, қандай ағаштың ең әдемі жасалғаны және оның ерекшелігіне назар аударады. - Бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы қандай болды? Бөлме өсімдіктері ғана емес, терезе сыртындағы өсімдік-тер де күтімді қажет етеді. Туған өлкеңнің табиғатын қорға! - Сендерге жасаған жұмыстарың ұнады ма? - Жапырақтармен жұмыс жасағанда қандай қиындықтар болды? Өздері жасаған жұмысын бағалайды. Егер жұмыс барысында қиналса немесе көмек сұраса – доға сызады, ал қиналса, бірақ өздігінен жасаса – түзу сызық, күлімсіре-ген – бәрі түсінікті, өз бетімен орындады дегенді білдіре-ді. | Әліппе- дәптердегі сурет. |