kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жомарт күз» ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий утренника "Щедрая осень". Детям очень понравился, они были очень рады празднику. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жомарт күз» ертеңгілігі»

«Жомарт күз» ертеңгілігі


№25 «Толағай» балабақшасы №3 «Балауса»

ІІ – кіші сәбилер тобының тәрбиешісі Кодарова А.

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдары арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

(Зал іші мерекеге сай безендірілген)

Жүргізуші:Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.
Армысыздар ағайын!
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін»
-Бұл не, балақайлар?

Балалар: Күз.

Күз ханшайымы: Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.

Барлығы:Көп рахмет сізге, Алтын күз.

Жүргізуші:Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық. Ортаға тақпақтарымен Құралай, Адилья, Зере және Назымды шақырамыз.

Құралай: Сап –сары ғып даланы
Болыпты ғой күз деген,
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен

Адилья: Күзім – ау, күзім – ау,
Мінезің қызық – ау,
Жаңбырың сіркіреп.
Келгенің қызық – ау.

Зере: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Назым: Қамба толы астыққа,
Алғыс саған, Алтын күз
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.

Жүргізуші:Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Ән: «Жомарт күз», қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.

Жүргізуші:Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.

Абылай:Алқаптағы бидайды,
Қоймаға ел жинайды
Тырналары тізілген.
Ұнатамын күзді мен.

Айару: Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр

Сержан: Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп.

Жүргізуші:Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді, - дей отырып, қыздарыыздың орындауында «Жапырақ» биін қабыл алыңыз.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші:Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой, - деп кезекті тағы да тақпақтарға берейік.

Шарапат:Жапырақтар сап – сары,
Қонып жатыр жерге кеп.
Қызықтап бау – бақшаны
Шаттанады балбөбек.

Нұрсила:Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ

Нұртас: Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Көркем: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Жүргізуші:Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.
Кезегімізді әнге берейік. Қыздарымыз Көркем, Зере және Гүлсиланың орындауында «Жапырақ» әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:Күз ханшайымы, біздің балалардың өнері сізге ұнады ма? Біздің балалар тек ән салып, би билеп қана қоймайды, сонымен қатар көкөністерді жемістерден ажырата алады.

Күз ханшайымы:Олай болса оны да байқап көрейік.

Жүргізуші:Ендеше тамашалаңыз.

Күз ханшайымы: Балалар менің сіздерге алып келген ойыным бар.Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат» деп аталады.Ойын шарты: Үстел үстіндегі көкөністерді бір себетке, жемістерді екінші себетке жинау керек.

Күз ханшайымы: Берекелі бақ даулет
Артта түссін тойланып
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып
Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!

Жүргізуші:Қош бол күз ханшайымы.Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар, қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу. Міне балалар осымен «Жомарт күз» атты ертеңілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Жомарт күз» ертеңгілігі

Автор: Кодарова Айгуль Атабаевна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389631

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Жомарт күз» ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(22) "zhomart_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "566838"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1607876147"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Берекелі, мерекелі - Алтын күз!" (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(38) "berekeli_merekeli_altyn_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "592291"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1637598912"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Күз жомарт" ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "kuz_zhomart_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "356929"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478668708"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертеңгілік "Жомарт күз""
    ["seo_title"] => string(22) "ertengilik_zhomart_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "599500"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1643897011"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Ертеңгілік " Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған""
    ["seo_title"] => string(65) "iertien_ghilik_altyn_kuz_siem_ainalam_ielinie_bieriekie_syilag_an"
    ["file_id"] => string(6) "360965"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479715526"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства