Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жоба: "Ас атасы - нан"»
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Жоба:«Ас атасы-нан»
(даярлық тобы)
Дайындаған тәрбиеші:Каирбекова Динара Сабитовна
Жана-Қима-2018ж
Жобаның тақырыбы: «Ас атасы-нан»
Тақырыптың өзектілігі.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан өмірдің ана сүті арқауы Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамғажамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.Бұл жобаның туындауына топта болған мынадай оқиға мұрындық болды.Бір күні Ерәлі топқа екі уыс бидай әкелді де, « Мынадай бидайдан қалай тәтті нан жасалады?» –деп сұрады.Міне Ерәлінің сұрағына жауап ретінде осы «Ас атасы-нан» жобасы туындады.
Жобаның мақсаты: Балаларға нан адамдар үшін басты байлық екенін түсіндіре отырып,нан туралы түсініктерін қалыптастыру.Нанның дастарханға келудегі адамдардың үлкен еңбегін бағалауға,нанды қадірлеуге үйрету.
Жобаның міндеттері:
1.Нанның адам үшін маңыздылығын түсіндіру.
2.Нанның бидайдан жасалытыны туралы түсінік беру.
3.Бидайдың өсуі мен нан пісіру кезеңдерімен таныстыру.
4.Ересектердің басшылығымен әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру,еңбекке деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.Жобаның түрі:Танымдық-зертеушілік
Жобаға қатысушылар: «Балдырған» дайындық тобының балалары, топ тәрбиешілері,ата-аналар.
Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: (4 апта)
Жұмыс түрлері:ойын әдісі,сабак,танымдық,нәтижелілік,ата-аналармен жұмыс.
Жобаның жүзеге асырылу кезеңдері:
№
Жұмыс мазмұны.
Жүзеге асырылу мерзімі
1 кезең -дайындық
1.
Ата-аналарға жобаның тақырыбы мен мақсат міндеттерін білдіретін буклет жасау.
Қаңтар-ақпан. 2018 ж.
2.
Тақырыпқа байланысты суреттер мен фотосуреттер жинақтау.
Қаңтар.
4 апта.
3.
Жоба тақырыбына сай әдебиеттер мен мақал-мәтелдер,жұмбақтар жинақтау.
4апта.
4.
Балалардың шығармашылығын дамыту үшін материалдар жинақтау.(кәмпит қораптары дәнді дақылдар:бидай,арпа,сұлы,тары,макарон түрлері,көрмеге бұйымдар)
4 апта.
2 кезең-негізгі(тәжірибелік)
1.
Нанның үстелге қалай келетінін балалармен тәжірибе жасау арқылы зерттеу.
Ақпан.1апта.
2
Тақпақтар,мақал-мәтелдер жаттау,ертегілер оқу.
1апта
3.
Сахналау.«Нан қайдан келеді» ертегісі.
1апта
4.
Балалармен бірлескен танымдық еңбек.
Топта ұн илеп,бірге тоқаш пісіру.
1апта.
5.
Асханаға саяхат.Қамырдан дайындалған тоқаштардың пеште қалай пісетінін бақылау.
1апта.
6.
Мүсіндеу.Тұзды қамырдан әр түрлі нан өнімдері.
2апта.
7.
Жапсыру.Макароннан бидай масағын жапсыру.
2апта.
8.
Әңгіме: «Ақ нан неге ақ?»
2апта.
9.
Шишкинаның «Егіс даласы» картинасын қарау.
2апта.
Ата-аналарға үй тапсырмасы.
1.
Нанның қадірі туралы балаларына әңгімелеу.
3 апта.
2.
Балалармен бірге буклет жасау.
3 апта.
3.
Балалармен тақпақтар жаттау.
Ақпан.
4.
Жұмбақтар шешу.
Ақпан
5.
Нан туралы кітап,журналдардан суреттер қарау,кітаптар әкелу.
4 апта
6.
Ағаштан,қатты қағаздан диірмен құрастырып әкелу.
4 апта
3 кезең –қорытынды.
1.
Ата аналар мен балалар жасаған кітапшалар.
Ақпан 2014ж
2.
Нан туралы тақпақтар жинағы.
3.
Ата-анамен бірлесіп диірмен құрастырылды.
Ақпан- 2014.
4.
Еңбек: «Тоқаш қалай пісіріледі»
5.
Ән: «Біз бидай жинаушымыз»
6.
Сурет көрмесі: «Нан өнімдері»
7.
Ата-аналармен сауалнама.
8.
Көрме: «Ұннан жасалған тәттілер»
8.
«Ас атасы-нан» қорытынды сабақ.
26.02.
Әр түрлі қызмет түрі бойынша жобаны жүзеге асыру.
Бағдарлама бөлімі
(білім саласы)
Балалар қызметінің түрлері
Ойын түрлері
Дидактикалық ойындар:
«Не жасырылғанын айт»
«Шатастыру»
Танымдық:
Сахналау «Нан қайдан келеді?»
Ертегі
«Егінші мен қасқыр?»
Әңгіме
«Ақ нан неге ақ?»
Қатынас:
Нан туралы тақпақтар жаттау,мақал-мәтелдер оқу,жұмбақтар шешу.Орыс суретшілері:Шишкинаның,Мясоедовтың картиналарын қарау,
Жобаның жүзеге асырылу қорытындысы.Балалар «Ас атасы-нан» екенін түсінді,нан туралы ,оның дастарханға келу жолындағы ауыр еңбек туралы түсініктері кеңейді.дамытушы орта қызметі де толыға түсті:әдебиеттер,фото суреттер,түрлі-түсті суреттер, нан туралы тақпақ жинақтары мен мақал-мәтел жинақтары туралы тұсаукесер.Балалардың осы жоба мақсатын іске асыру барысында қызығушылықтары мен мен белсенділіктері артып,шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтары да арта түсті.Жобаны орындауда тәрбиеленуші балалар,ата-аналар белсенді қатысты.