Просмотр содержимого документа
«"Жеңіс күні жасасын!"»
Тақырыбы: "Отан Қорғаушылар Күні. Жеңіс Күні»
Мақсаты:
- "Жеңіс күні" мерекесі туралы қарапайым бастапқы түсініктерді қалыптастыру»;
- Балалардың эмоционалдық және қозғалу саласын белсендіру;
- Отанды қорғаған адамдарға деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу, балалардың бір-бірімен оң қарым-қатынас жасай білу.
Құралдар: демонстрациялық материал, тақтада "Салют" жасауға арналған картоннан жасалған элементтер, Жеңіс күніне арналған көгілдір таңбалар, ойындарға арналған атрибуттар, тақырып бойынша әндер мен музыканың аудиожазбалары.
ІС-ШАРА БАРЫСЫ:
I.КІРІСПЕ БӨЛІМІ
1. Ақжол Мейірбековтің орындауындағы «Жеңіс күн» әніне, балалардың саппен бір-бірінің артынан шығуы.
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар! Сәлеметсіз бе, балалар! Бұл күні сіздерді өте көргеніме қуаныштымын!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(Көктем).Дұрыс. Көктемде қандай маңызды мерекелер бар екен, атап өтеміз?(Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні). Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Қазақ батырларының жеңіске жеткен күні .Бұл жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып,
Жеңіс келді қалама,
Жасасын жеңіс!
Болмасын соғыс!
II.Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Ал енді балалар барлықтарымыз шеңбер құрып, бір-бірімізді қарсы алайық!
2. Қуанайық, шаттанайық.
Достасайық бәріміз.
Бірімізді- біріміз.
Құшақ жая қарсы алайық.
Оңға қарап құшақта,
Солға қарап құшақта.
Дос болайық , әр таңда.
Туған үйім тамаша. Тамаша!
Туған өлкем тамаша. Тамаша!
Шыр айналған би тамаша. Тамаша
Қазақ болған тамаша. Тамаша
Тәрбиеші:- Жарайсындар! Рахмет!
- Жаулар біздің жерімізге шабуыл жасаған кезде, біздің даңқты қазақстандық жауынгерлер, бүкіл халық: үлкендер де, балалар да туған жерін қорғауға тұрып, жауларын жеңе алды.
-Ал ендіЖеңіс мерекесіне біз флеш-моб арнаймыз! Біздің жас жауынгерлерді қарсы алыңыздар!
(тәрбиеші балаларды флеш-мобқа шақырады).
3. "Непоседы"тобының орындауындағы «Моя Армия»әнінеФлеш-моббиі:балалар мен ересектер билейді
Тәрбиеші:- Жарылыстар мен оқ ұшқан кезде, жараланған сарбаздарды соғыс алаңынан батыл медбике-қыздар алып шығатын!
- Ал, -медбике- қыздар кім жараланған жауынгерді жылдам байлайды!
Бір-екі-үш рет! Ойынды баста
(медбикелердің киімің киген қыздар "жараланған" сарбазды қалай байлау керектігін көрсетеді. Кім жараланған жауынгерді жылдам байлайды, сол жеңеді. Ойынға екі бала қатысады)
Тәрбиеші:
-Рахмет! Өте жақсы! Бәріміз қол соғып қояйық!
-Тек ең батыл және епті жауынгерлер жауды жеңе алды.
Отанға қызмет ету үшін.
Күшті, епті болу керек!
Барлаушылар да өте батыл және епті болатын. Олар қауіпті тапсырманы орындап, барлық кедергілерден өтетін.
5. «А мы – разведка…» әніне «Кедергілерден өту» ойыны.
Дети проползают под натянутой веревкой и перешагивают через нее.
Балалар тартылған арқанның астынан өтіп, одан аттайды.
Тәрбиеші:
-Рахмет! Өте жақсы! Бәріміз қол соғып қояйық!
-Бірақ біздің жауынгерлеріміз соғыста ән мен биді де ұмытқан жоқ . Өйткені ән мен би оларға күш пен жеңіске деген сенім беретін.
- Ұлдар қыздарды Вальске шақырады !
6. К. Орбакайте орындауындағы «Синий платочек» әніне «Вальсбиі» .
Ұлдар мен қыздар жұппен билейді.
Тәрбиеші:
-Рахмет! Өте жақсы! Бәріміз қол соғып қояйық!
III.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Тәрбиеші:
-Ал енді 9 мамырда, аспанда , мереке құрметіне САЛЮТ жанады!
-Балалар, біз де өз салютымызды жасаймыз ба? Ия!
7. «Жеңіс күні» әніне балалар түрлі түсті картоннан жасалған жұлдызшаларды тақтаға магнитпенен жабыстырады.
Тәрбиеші:
- Бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз, барлығына рахмет!