Просмотр содержимого документа
«"Əже мен немере" сайысы»
Әже мен немере сайысы
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Әже мен немере сайысы болмақшы
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылғын қазақ халқы ерте түсінген. Бала өмірдің жалғасы, Халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпен күн көріп,аттың жалында,түйенің қамында жүрсе де,халқымыз жас ұрпаққа тәрбие берудің салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрпын қалыптастырған әже тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше.Әжелер мектебінің жұмысын көрсете отырып,«Әжем және немере» атты сайысын өткізгелі отырмыз.
Сайыстың шарттары:
1.Өзін таныстыру
2.Сыр сандық. Мұнда бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүр,той-томалақ рәсімдеріне байланысты, сұрақтар қойылады.
3.Өнер сайысы
Сонымен:
Сайыскерлерді шақырайық:
1.Жақсы бол, ұл болсаң ел көргендей
Досыңа қосылғанда дем бергендей
Таңдайды жақсы болсаң тигіз көпке
Тұйғынға қапастағы жем бергендей!- деп ортаға Мирасты Раушан әжесімен шақырамыз
2.Қыз бол,қыз болсаң бұлғақтамай
Орынсыз сөз сөйлеме жұртқа қарай
Еліңе жақсы сөзді тарту еткен
Халыққа көңіл бөліп, тыңдатқандай!- деп Саянұрды Ұлмекен әжесімен шақырамыз
3.Қуаныш көп болуда сүйікті елде,
Ақылды адам бәріненде биік-пенде
Ислам болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде –деп Исламды Ләззәт әжесімен шақырамыз
4.Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер талған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген ізгі салтын – Салиханы әжесі Мәнетпен ортаға шақырамыз
5.Ақылы ұқсайды көл дарияға
Сыйлы әр кез жастарға да қарияға
Әнекей келе жатыр жол беріңдер
Батыр ұлымыз Абылай әжесі …Гүлнұрмен ортаға шақырамыз.