kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Әже көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Әже - көңілдің ажары, Немере- өмірдің базары" атты сайыста әр үйірмеден бір әже мен немере қатысуы керек.Сайыс түрінде өткізілді. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Әжелерімізбен немерелеріміз барлық сыңдардан сүрінбей өтті. Әжелерімізбен немерелеріміз өз мақсаттарына жетті деген ойдамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Әже көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары"»

«Әже -көңілдің ажары, Немере- өмірдің базары»

атты сайыстың сценариі.


Өтетін күні: 27.09.2017

Өтетін уақыты: 15.00


Мақсаты:


Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.


«Әжелер»биі


Жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды әжелер, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді келе жатқан 1 қазан қарттар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- дей келе асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер!

Олай болса Қарақат деген кішкентай әншімізді сахна төріне «Бала тілегі» әнімен ду қол шапалақпен ортаға шақырайық!


Муз. Номер «Бала тілегі» ор. Қарақат

Жүргізуші: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар, 
Әже мен немере тойы басталмақшы, 
Қызықтан тыс қалмаңыздар!







Ата күні - әже күні әлем күні

Әлемде теберінділер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелеріңіздің өнерін тамашалап

Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.



Әділдікпен баға берер ортада, 
Әділдікпен қара қылды жаруға. 
Әділқазы алқаларын сайлайық, 
Нағыз Әже мен немерені таңдап бүгін алуға- дей келе
«Әже - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты сайысымыздың әділ бағаларын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Даирова Күлзада Жәкіжанқызы- Балалар шығармашылық үйінің міндетін атқарушы директоры

2.Қуанышева Жанар Жәукеқызы- Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру ұстазы.

Ал енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар! Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. «Ас – адамның арқауы»

  3. «Өнерлінің өрісі кен» (өз өнері- ән, би немесе өлең шумақтары)

  4. «Білгенге маржан» (қазақтың салт – дәстүріне байланысты сұрақтар)

  5. Мақал –сөздің (мақалдың жалғасын жалғастыру)

  6. Шеберлер сайысы (мыс: байлаулы қолмен берілген суретті қию)

  7. Әжемнің қолымен.....(киім үлгілері,осы киім арқылы немересі сән үлгісін көрсетеді).

Сайысымыздың шартымен таныс болдыңыздар!Олай болса І кезең « Таныстыруға» берейік.

(Әжелермен ,немерелер өздерін таныстырып өтеді).

Жүргізуші: Тамаша әжелерімізбен және немерелерімізбен таныс болдық. Ал енді екінші сайысымыз «Ас – адамның арқауы». Ал қанекей әжелер өздеріңіздің дайындаған тамақтарынызды таныстырып өтсеңіздер!

(әжелеріміз өздерінің тағамдарын таныстырып отырады)

Жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата - баба жолынан. 
Өнерлілер өз өнерін көрсетсін, 
Біз айталық төрелігін соңынан,- деп келесі кезекті өз өнері сайысына берейік.

Жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар, 
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар. 
Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі, 
Зерделі ой зейінді немерені сынар.

Олай болса кезекті «Білгенге маржан» атты сайысқа береміз. Әжелер мына жерден өздеріңіз сұрақты таңдап алыңыздар! Сұрақтың жауабы дайын болғанша тамаша бір әнімізді қабыл алыңыздар!

«Аяулы әже » әні орындайтын Жансая

(Әжелеріміз сұрақтарының жауабын айтып өтеді)

Жүргізуші: Ал енді әжелеріміздің білімдерін тексерейік. Бұл сайыстың шарты мынандай: мен мақалдың басын бастаймын , ал сіздер жалғасын жалғастырасыздар!

(әжелер осы мақал мәтелдерден сүрінбей айтып өтеді)

Келесі сайысымызға бастамас бұрын тамаша бір көрініске кезек берейік!

КӨРІНІС

Жүргізуші: Келесі сайысымыз әжелеріміздің шапшаңдығын тексерейік!Бұл сайыстың шарты мынандай : мен сіздерге көкөніс немесе жемістің суретін берем ал сіздер немерелеріңіз ұстап тұрады, ал әжелеріміз оң қолдарымен қиып шығуы керек.

(Әжелер тез тез шапшаңдық берілген суретті көрсетіп қиып шығады)





Жүргізуші: Қол таңбасын  әжемнің  анық  көріп,

Бұл  кестенің  сырына  қанық  болып,

Өнерімен  өзгелерді   тамсандырған

Қошқармүйіз  өрнегін  салып  беріп.- деп әжелерінің қолдарымен тігілген киі үлгісін тамашалайық!

« Әжемнің қолымен ...» деген сайысқа кезек берейік!

(Киім үлгісін немерелері көрсетіп өтеді)

Жүргізуші: Аналардың анасы

Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы. Ал енді сіздердің немерелеріңіз сіздерге арнаған сыйын тарту етеді.

Әжелерді марапаттау рәсімі



Жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Сіздерге арнаған шағын мерекелік концертімізді қабыл алыңыздар!









Концерттік бағдарлама

Жүргізуші: Әже мерейі күн көзімен пара - пар, 
Тұла бойға қуат беріп таралар. 
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан, 
Көп жасаңыз, ақ ниетті аналар, – дей отырып бүгінгі сайысымызға 
қатысқан аяулы асыл әжелерімізге, апаларымызға көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі - өнегелеріңізді өскелең ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады. 
Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер! 
Сіздерге көп - көп рахмет!

Концерттік бағдарлама:

1. «Жақсы көрем" әні ор. Фазыл Гүлім

2.Көрініс

3.Қайда? әні ор. Аяжан

4.Би

5. « Сәби тілегі» ор. Жаннұр Бөлтірікқызы

6. «Аяулы ана» ор. Жансая Арыстанбекова

  1. «Аққу арман» ор. Апалы сіңілі Арыстанбекова Жансая және Алия

8.«Сәби бақыты» ор. Қарақат



Орындаған вокал үйірмесінің жетекшісі : Касымова Ақмарал Әлімханқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Әже көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары"

Автор: Касымова Ақмарал Әлімханқызы

Дата: 02.10.2017

Номер свидетельства: 430549

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?желер- ?мірді? ажары, немере - ?мірді? базары "
    ["seo_title"] => string(48) "zhielier-omirdin-azhary-niemierie-omirdin-bazary"
    ["file_id"] => string(6) "189581"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426956974"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Б дыбысы мен ?рпі ( сауат ашу мад) "
    ["seo_title"] => string(32) "b-dybysy-mien-rpi-sauat-ashu-mad"
    ["file_id"] => string(6) "189578"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426956610"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства