kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жасыл шырша жанында"

Нажмите, чтобы узнать подробности

очень интерысная  разработка для воспитателей детских садов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жасыл шырша жанында"»

«Жасыл шырша жанында»

Тәрбиеші : Төрлет,төрлет Жаңа жыл

Айтамыз тебірене жаңа жыр.

Төрле,төрле Жаңа жыл

Халыққа жүрші әркез төгіп нұр.

Төрле,төрле құтты жыл!

Қуаныштан айтылады әсем жыр.

Балалардың бақытында шек болмай

Жүректері қуаныштан толқып тұр

Қуаныш пен шатыққа теңелейік

Жадырап,ән шырқап тербелейік.

Төрле, төрле халқымның құтты жылы.

Бәріміз дөңгелене кел билейік

Тәрбиешіге 6әpi қосылып:

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

Рамазан : Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Сымбат: Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса
Асанәлі: Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен
Ән: «Жаңа жыл!»
(Шыршаны айнала Шырша әні орындалады. Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)
Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
өзіммен алып қайтармын.
Жүргізуші: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ, сәнімізді бұзба!
Шайтан: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп,  ешқандай мереке өткіздірмеймін.мереке болмайды, маған мереке 
ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ   екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мен әкетпей-ақ қойсаң қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Жүргізуші: - Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып көрелік.
Би: « »
Шайтан:
билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай. Маған тақпақ айтып берсеңдер ойланып көремін.

_____________: Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

_____________: Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

_____________: : Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сені күттім елендеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

_____________: : Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны...

Жұпар иісі аңқыды,

Анамды да мәз қылды!

_____________: Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.

_____________: Мұз өрнектің бәрі асыл,

Оюларды аңғарам.

Қарағайдың жап-жасыл

Күйіне мен таңқалам.
Жүргізуші: -Шайтан, Біздің балалар саған біраз  жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз  жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастыраыз.
Шайтан: Мен сендерге жұмбақ жасырайын, соның шешуін тапсаңдар мерекенің шырқын бұзбаймын.
Балаларға жұмбақ жасырады.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip тусте (Шырша)

(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
                       Мұнайлыға да барғанмын,                                
                      Ақтауға да барғанмын. 
              Өзенге де барғанмын,
              Астанаға барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
-    Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Мұнайлының базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: өй мынау менің шайтаным ғой балалар.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Шайтан: мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін, босатшы мені, Алдар!босата көр, алдареке!
Алдар көсе: шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.
Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар,
Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе:  Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз немесе бір би биле. Егер баларға ұнаса мен сені босатамын.
Шайтан: Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік.
Би: « »
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Қараңдаршы балалар,айналаға.Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер.Мынау не?Жамылғы ғой балалар.Бұл жай жамылғы емес екен жарқыраған,әдемі жұлдызды жамылғы.
-Сендер білесіңдерме,бұл кімнің жамылғысы?
-Иә,бұл ертегі елінің ханшайымы Шахерезаданың жамылғысы.Балалар мен жаңа айтып өттім.Бұл жай ғана жамылғы емес,жаңа жылда не тілесек,тілегімізді орындайтын жамылғы екен.Ендеше жамылғының сыйқырлы жұлдызшасын ұстап, сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен?
Балалар: Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Шахерезада келеді)
Шахерезада:Менің атым Шахерезада Шығыс елінен келдім,мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада:-Рахмет,менің сыйқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе.Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады.Жұлдызшаны қолымызға алсақ,ертегілер елінен бірақ шығамыз.
 Жүргізуші:Балалар Шахерезада жұлдызшаны қолына алды,сыйқырлы сөзді айтуымыз керек.
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Алладин кілемшемен,қолында шамы бар келеді)
Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп,үлкен ірі жын шығады.)
Жын:У-ух-хо-хо-ха-ха
(Алладин аяғына жығылады.)
Алладин:Шегініп сен кімсің?
Жын:Мен сенің құлыңмын тақсырым.Не бұйырасың? Тез арада орындаймын.Тасқа айналдыр десең,тасқа айналдырамын.Қатырып таста десең қатырамын.
Алладин:Міне керемет! Мен жаман іспен айналыспаймын,мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Би: «Шығыс биі.»
Алладин
:Рахмет жын,ертегі айтатын Шехерезада осыма?
Жын:Иә,бұл біздің Шехерезада.
Алладин:О,сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін,ал.
Шахерезада:Рахмет Алладин.
Жүргізуші: . Біздің қатарымызға қосылып кешіміздің сыйлы қонағы болуларғыңызды сұраймыз.
                      Ақ киімді денелі ақ сақалды,
                     Тондырады қасындағы тірі жанды.
                      Үсті-басы  - ақ қырау, демі суық,
                      Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
-    Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
 Шайтан: мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!
Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.
Аяз ата: Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым!
  Қандай жарқын жүздерің, 
    Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен 
                     қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
              Халдеріңді білуге,
              Асулардан асып,
              Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
                  Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Би: «Кішкентай Аяз аталар биі»
Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне тақпақтар айтып берейік
             (Балалармен амандасады)

_____________: : Қардай аппақ әдемі,

Мұздай жалтыр кірпікті

Шанаменен зымырап

Келеді атын ұшырып.

_____________: Келеді бізге асығып,

Жолында оның тұрмаңдар!

Ханшайымдай ақ тонды

Жылы қолғап қолында.

_____________: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

_____________: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

_____________: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

_____________: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

_____________: Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

_____________: Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)
Ән: «Ёлочка»

Ақшақар:- Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.

Менің әсем ұлпаларым,

Маған ұшып келеді

Таң қалдырып өнеріне

Бәрі билеп береді.




Би: «Ұлпақарлар биі»

Аяз ата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.

Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

_____________: Қандай әсем шартарап!

Шаттық күйге бөлеп тұр

Кәмпиттерін арқалап,

Аязата келіп тұр.

_____________: Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

_____________: Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

_____________: Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

_____________: Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

_____________: Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

_____________: Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды .
_____________: Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
_____________: Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
_____________: Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды
Ән: «Тамаша, тамаша!»

 Балалар енді біз, 2020 жаңа жыл Тышқан қошеметпен қарсы алайық!
Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Жылан» кіреді)
Жылан: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
- Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жүректердің суреттері ішіне жылы сөздер жазылған),
- Мен сендерге «Ашық аспан сыйлаймын» (бұлт,күн, аспан т.б. суреттер) шашып жібереді.
- Мен сендерге
- Мен сендерге

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз

Ақшақар боп қалықтаймыз аспанда

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

Жаңа жыл келді міне жерімізге,

Әкелсін құт береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып

Қиындық жолатпасын бәрімізге-дей отырып құрметті қонақтар, балалар! 2018-ші Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жасыл шырша жанында"

Автор: Аблуллаева Фариза

Дата: 18.04.2023

Номер свидетельства: 629814

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_3"
    ["file_id"] => string(6) "450733"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516241386"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Жасыл шырша жанында» ерте?гілігі ІІ- с?билер тобы"
    ["seo_title"] => string(49) "zhasylshyrshazhanyndaiertienghilighiiisbiliertoby"
    ["file_id"] => string(6) "330466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464266864"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_7"
    ["file_id"] => string(6) "624630"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1675282214"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Жасыл шырша жанында" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(40) "zhasyl-shyrsha-zhanynda-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "325911"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463059827"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_4"
    ["file_id"] => string(6) "551875"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590742344"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства