kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасыл шырша!

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мен – мұғалім»

Мұғалім мектепте басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекшілік етеді. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болады.

Мұғалім оқу материалының мазмұнын дайын күйінде жеткізу, түсіндіру емес, оқушылармен бірлесе іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған мақсатына жетеді. Білікті ұстаз жеке тұлғалардың жан-жақты дамуына, оқушылардың сана-сезімін, ақыл ойын дамытуға пән аралық байланысты кеңінен қолданады.

Ұрпақ тәрбиесі қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жақсы ұстаз жас өрендерге үлгі-өнеге болып оны сөзімен де, ісімен де дәлелдей білуі тиіс. Ол шәкірттерімен ашық, адал сөйлесіп, оқушының не қалайтының, не көксейтінің жиі сұрап, біліп отыруға міндетті. Осы жағдайда ғана шәкіртпен мұғалім арасындағы кедергі жойылып, өзара сенім беки түседі. Менің түсінігімше әр бала қабілетті тек оқуға деген «түрткісін» (мотивін) дөп басып таба білу керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Анам 40 жыл Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі қызметін атқарып жұмыс істеді. Ата анамның тәрбиелеп өсірген бес баласының үшеуі бүгінгі күнде мұғалімдік қызмет атқарудамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – әрине анам Зура Қалиасқарқызы. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

  • Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

  • Қызметке бейімділігі

  • Кәсіптік білімі мен біліктілігі

  • Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасыл шырша!»

Жасыл шырша

 

Ертенгіліктің мақсаты: 
Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
ДТәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Ертенгіліктің барысы: музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар ұстаздар сіздерді «Жаңа жыл, хош келдің» атты ертеңгімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Дабыл соғып қағыңыздар
Шашу шаттық себеді-
 «Жасыл шырша жанында».
Өленің жазған: Ә. Дүйсенбаев
Әнін жазған:Л. Хамиди
Жүргізуші: ал енді біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты, ол кім екен балалар?
-Аяз ата мен Ақша қар!
-Дұрыс айтасыңдар Аяз ата мен Ақшақар екен. Қане, шақырайықшы Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Армысыңдар,қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым!?
 Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім!
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлық алып келдім!
Балаларым балғындарым жыл бойы тілегенім сендердің денсаулығың. Сәлеметсіңдер ме балалар! 
Балалар хормен: Сәлеметсіздер ме Аяз ата!
Жүргізуші: Аяз ата хош келдіңіз. Жоғары шығып төрлетіңіз. Біздің балалардың өнерің тамашалаңыз.
-Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тақпақтары бар екен айтуға рұқсат етіңіз.
Асемгуль : Боранмен буып белді,
Жаңа жыл тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
Қымбат:Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық. 
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.


Шухрад : Бар баланың қоңағы
Төрлет ата жоғары
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан жомарт болады.
Азамат:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Сені күттім елендеп.
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Дильшат:
Жасыл шырша, қош келіпсің,
Сені күтіп жүрдік біз.
Көркейсін деп сенің жүзің,
Ойыншықтар ілдік біз.
Ақшақар:- Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.
Менің әсем ұлпаларым,
Маған ұшып келеді
Таң қалдырып өнеріне
Бәрі билеп береді.
«Ұлпақарлар биі»
- Өте тамаша! Биіңіз таңғажайып екен! 
Жүргізуші:Енді ортаға ескі жыл «жыланды»шақырайық .
Жылан: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылмен барлығынды шын жүректен құттықтаймын! Жылқы жылы құтты болсын!
Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұр тілеймін!
Жүргізуші:Жаңа жылдық тойда біз
Көрсетейік өнер біз.
Тақпақ айтып, ән салсақ.
Риза болар, ескі жыл
Ән: « Ақшақар» .
Жүргізуші: Ескі жылмен қоштасайық.
Қош бол ескі жыл!
Ескі жыл: Балалар, мен сендерге ризамын сендер жыл бойы өте тәртіпті бала болдыңдар. Хош, сау болыңыздар.
Балалар: сау болыңыз ескі жыл.
Жүргізуші: Енді жаңа жылды ортаға шақырайық.
Балалар хормен:
 Жаңа жыл, келіңіз!2-3рет
Жаңа жылқы жылы: Жаңа жыл құтты болсың! Халқыма тыныштық, берекелі тату болар, құтты жыл мен боламын.

Аяз ата:
Қарақтарым,шырақтарым
Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым, ал, енді мені басқа елдердің балалары да асыға күтуде.
Ақшақар:-Ата сыйлық Аққалада болған, балалар Аққаланы көрдіңдер ме?
-Жоқ!
Көңілді әуен есіктен « Қоян» кіреді.
Би:« Көжектер».
Есіктен арқаланып Аққала кіреді, қолында сыйлығы.
Аққала: Сәлеметсіздерма балалар, мына сыйлық толы дорбаны жолда тауып алдым. Сіздердін балабақшаның  мекен-жайы жазылып тұр екен.
Аққала балаларға сыйлығын береді.
Аяз ата:
-Дұрыс екен, ендеше біз жүре берейік. Сау болыңдар балалар!
-Сау болыңыз!(аяз атаны көңілді әуенмен шығарып салады)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жасыл шырша!

Автор: Амиргалиева Жазира

Дата: 11.04.2017

Номер свидетельства: 408372

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_3"
    ["file_id"] => string(6) "450733"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516241386"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Жоба : «Жасыл шырша  ?ор?айы?»"
    ["seo_title"] => string(26) "zhobazhasylshyrshakorgaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "301546"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456936571"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Жасыл шырша жанында» ерте?гілігі ІІ- с?билер тобы"
    ["seo_title"] => string(49) "zhasylshyrshazhanyndaiertienghilighiiisbiliertoby"
    ["file_id"] => string(6) "330466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464266864"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "ТА?ЫРЫБЫ : Жасыл  шырша."
    ["seo_title"] => string(21) "takyrybyzhasylshyrsha"
    ["file_id"] => string(6) "267782"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450456650"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_7"
    ["file_id"] => string(6) "624630"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1675282214"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства