kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жыл ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты:балалардың қыс туралы түсінікьерін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін анықтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл ертеңгілігі»

Жүргізуші:

Қош келдің,Жаңа-жыл

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

Жадырап, би билеп тербелейік,

Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.



Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.

Ән:



Жүргізуші:

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар!-

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.



Жүргізуші: . Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен сияқты. 

Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.

( Шырша жыры)

Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:

-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: 

  • Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:

  • Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.

Кетіп қалады

Жүргізүші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдыкі екенін білген жоқпыз ғой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?



(сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ жүгіріп кіреді)музыка

Сайқымазақ: 

Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Уа,алайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Сайқымазақ: -олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін биімді қайталап,көңілденіңдер.

(«Сайқымазақ » көнілді би)

Жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

(Осы жерде Аю шыршаның астында қорылдап ұйықтап жатады.)муз



Жүргізуші: ой, балалар, мында кім ұйықтап жатыр?Бұл мультфильмдегі аю екен ғой. Өзі қатты ұйықтап жатыр екен. Оны қалай оятсақ екен? Ойлану керек...таптым біз оған ән айтып береміз!

0 «А» оқушысы Неспхан Елнарды қарсаламыз!

Пингвин:көңілсіз болып келеді.муз

Жүргізуші.

  • Амансың ба досым!Кош келдің біздің жаңа жылдық шыршамызға!Сен неге көңілсізсін? Бірдеме болып қалған ба?

Пингвин:

  • Біз жана жылдық мерекеге келе жатып, арбамыздан кенет бір жұмыртқамызды жоғалтып алдық.Енді қайтемін?Не істеймін?Жұмыртқаны қайдан іздеймін?

Жүргізуші: Мен білемін кім бизге көмек көрсете алады. Балалар қане бәріміз көмекке Феяны шақырайықшы 123

Фея:муз ойналады . Би .

Фея:

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

  • Амаңсындарма достарым. Мен балалардың дауысың естіп сендерге көмекке келдім. Міне сиқырлы жібім ол бізге жолды көрсетеді.



Пингвин мен Фея шығып кетеді. Муз

«Маша»биі

Мультфильмінің музыкасы ойналып Маша бір жұмыртқаны домалатып келе жатады. Жұмыртқаны аюдың бұтына салып қояды. Осы кезде қорқынышты муз ойналып Мыстан кемпір келеді. Маша Мыстанды көріп қасына барады.

 

Мыстан: Сәлеметсіздер ме, қыздар мен ұлдар!
Бұзақылар мен мақтаншақтар!
Жалқаулар мен салақтар!
Сабаққа кешігіп келетіндер!

Маша:

  • Ой, ой,ой сен кімсің өзі?

  • Неге түрін сондай қорқынышты?

  • Аааа ал танауын қандай үлкен ?(ұстап көреді)

Мыстан:

  • Хм,хм, мен ұлы мәртебелі Мыстан кемпірмін!

  • Түрім неге ұнамай тұр?Меніңше өте әдемімін.

  • Ал танауым әкеме тартқан

  • Саған Маша бір құпиямды ашайын!(құлағына сыбырлап айтады).

  • Мен әдеееміііі болу үшін маған аюдың балынан әкеліп берші, мен оны бетіме жақсам мен ең әдемі боламын,ал мен саған көөөп кәмпит беремін?

Маша : иа,иа мен кәмпиттіжақсы көремін

(Маша қуанып ,алданып ,секіріп ,жүгіріп балға әкелуге кетіп қалады )


(Осы кезде Мыстан қуанып,жұмыртқаныалып, сыпыртқысына отырып ұшып кетеді )музыка ойналады.

Маша келеді қолында балы бар. Осы кезде аю оянады.



Аю: Маша сен не істеп жүрсің?Саған балды кім әкел деді?

Маша: Ой,ой ойййййй (шыршаны айналып іздеді, жылай бастайды.)Және мында Мыстан келген.Ол мені алдап жұмыртқамды ұрлап кетті.Жылайды

Аю: Енді қайттық

Маша мен Аю шығып кетеді

Музыка ойналып мұз ханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Жүргізуші:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

( «Мики Маус»көңілді би)

Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.



Жүргізуші:

  • Жоқ, жоқ Мұз ханшайымы кетпеңізші! Бізге сіздің көмегініз қажет болып тұр. Бүгінгі шыршаға келе жатқан Пингвиндеріміздің бір жұмыртқасын Мыстан кемпір ұрлап кетіпті. Енді жұмыртқамызды қалай алсақ екен? Ол тек сіздің қолыңыздан келеді.

Мұз ханшайымы:

  • Ендеше қане балалар бәріміз қатты жел үрлейік

  • УУУУ

желдің муз ойналады. «Шахмат»биі

Музыка ойналып мыстан келеді.

Мыстан:-ввввв тонып келеді

  • Жаңа жыл ,жаңа жыл деп бәрі қуанып жүр ғой ал мен қайтадан жалғызбын.Енді жоқ мына жұмыртқаның ішінен балапан шықса мен жалғыз болмаймын ғой.





Мұз ханшайымы:

  • Қанеее Мыстан қайтар біздің жұмыртқамызды әйтпесе тұған жерінде мұзғып сені қатырып тастаймын

Мыстан :

  • Жарайды, жарайды қатарамын..жылда жалғызбын, ешкім маған келмейді сол үшін мына жұмыртқаны ұрлап кеттім.Менде сендермен бірге шыршаға барайыншы?Мен енді өзгеремін, рас айтамын, үәде айтамын, ант беремін



Жүргізуші:Кешіреміз бе балалар Мыстанды? иа

Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік..

Би мыстан кемпір



Жүргізуші:

Енді аяз ата мен Ақшақарды шақырайық

Аяз ата, Ақшақар Ау-Ау!

Әдемі әуен естиіледі. Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз – ата:

Амансыңдар ма, балалар!

Алыс - алыс таулардан

Орман, тоғай баулардан

Асу – асу белдерден,

Өзендерден көлдерден,

Алыс сапар жол жегіп,

Жамандықпен алысып,

Жақсылықпен жарысып

Келіп жеттік сендерге.



Ақшақар:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме достарым!

Шыршаларың қандай тамаша!

Жасыл-желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, әсем шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған!



Жүргізуші:

Келді жылым бақытым

Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр

Ақша қар:
- Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен ит жылымызға аман есен саулық тілеп, өткен Ит жылын шақырайық 1,2,3,ескі жыл, ескі жыл

Музыкамен Ит кіреді . «Иттер»биі

Ит: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.

Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың!

Доңыз жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

Доңыз жылын қарсалайық бәріміз!

Музыка Доңыз жылы кееледі

Доңыз:

Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін.

Тағат таппай күткенің

Бұл доңыз жылы еді,

Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.



Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы
бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.



Балалар тақпақтарын айтады

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!

Кетті біздің сүйікті де, сүйкімді

Енді қалай келтіресің ұйқыңды.

Шыршамызды шыр айналып өмір жүр,

Біз білмейміз одан өткен сиқырды.



Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда

қуанышты өтеді.

Достық, бірлік бәріне де жеңеді.

Аспанымыз бұлт торламасын,

аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа жыл ертеңгілігі

Автор: Жакипова Алмагуль Аманболовна

Дата: 29.12.2018

Номер свидетельства: 493322

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жаңа жыл ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "zhan_a_zhyl_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "374883"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483343806"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жаңа жыл ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(22) "zhana_zhyl_ertengiligi"
    ["file_id"] => string(6) "492318"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545585629"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Қош келдің Жаңа жыл!" ертеңгілік сценариі"
    ["seo_title"] => string(51) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_iertien_ghilik_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "446938"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1514365232"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сиқыршы-Әбу Жаңа-жыл ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(41) "sik_yrshy_bu_zhan_a_zhyl_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "464061"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522254081"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства