kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жыл ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта топқа арналған мерекелік ертеңгілік. Жаңа жыл ертеңгілігінің жоспары

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл ертеңгілігі»

«Жаңа жыл мерекесі»

Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс суреті,ойын өткізуге арналған құралдар.


Эльнара: Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде.

Ешкі мен оның жеті лағы болыпты.

Олар жаңа жылға дайындалып жатады.

1лақ: Айшуақ.

Апатай-ау, апатай,

Таяп қалды жаңа жыл

Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә-мә!

2лақ: Сагида. Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә-мә!

3лақ: Айзере.Біз боламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ, мә-мә-мә!

4лақ: Даяна.Ақ моншақты тағайын,

Сауық-сайран салайын, мә-мә-мә!

5лақ:Заңғар.

Апатай-ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз, мә-мә-мә!

6лақ: Ерсұлтан.

Келіп қалды Аяз ата,

Би билеп, ән салайық, мә-мә-мә!

7лақ: Құралай.

Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы

Аяз ата алып келсеңші!

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.

Эльнара: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шығады. Сол кезде Ақшақарды кездестіреді.

Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?

Ешкі: Сәлеметсің бе! Сені көргеніме өте қуаныштымын. Лақтарым қуанып қалатын болды. Олардың жаңа жылға арнаған тақпақтары бар еді. Барып тыңдап көрерсің.

Ақшақар: Жарайды. Сенің лақтарыңды «Гүлдер-ай» тобындағы жаңа жыл кешіне ала кетейін.

Эльнара:Екеуі ешкінің үйіне бет алады.

Іштері пысқан лақтар, би билейді.

Би: Лақтар биі

Қасқыр:Аян.

Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық әкелді.

Ешкі: Ей сұм қасқыр, тиме лақтарыма!

Ақшақар: Одан да бізбен бірге жаңа жылды тойлауға жүр.

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым. Қане Ақшақарға жаңа жылға дайындаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.

Даяна

Жаңа Жылда бар тілде

Жаңа жырға балайды.

Жаңа жылға әркімде

Жақсы үмітпен қарайды.

Айшуақ

Төрлетіңдер, кәнеки
Шырша сәнін көрейік.

Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгейік.

Сагида:

Жаңа жылда, балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен.

Құралай:

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Жарқыраған шыршаны,

Жұпар иісі аңқыды,

Апамды да мәз қылды.

Айзере:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Ерсұлтан:

Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Заңғар:

Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жамылды

Дала да, тауларда

Өзіңді сағынды.

(Мақтақыз шыршаның артынан әндетіп шығады.)

Мақтақыз: Менің мысығымды көрмедіңіздер ме? Мысығым, мысығым,

қайдасың?

Мысық: Мақтақыз мені шақырдыңба?

Мақтақыз: Ия, бүгін жаңа жыл екенін ұмытып кеттің ба? Жүр жаңа жыл мерекесіне барайық.

Мысық: Ол жақта не істейміз?

Мақтақыз: Аяз атаға арнап тақпақ айтып береміз.

Мысық: Олай болса мен мына тақпақты айтамын.

Вика

Қаптың аузы ашылды

Ойыншықтар шашылды

Аяз ата би билеп

Әнімізге қосылды

Мақтақыз: Ал мен былай айтып беремін.

Гүлзабида

Әкелсін жыл ырыс құт

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша

(Екеуі билеп шығып кетеді)

(Әндетіп бауырсақ шығады)

Бауырсақ:Бибіжамал.

Атамнан да қаштым,

Әжемнен де қаштым,

Қояннан да қаштым,

Аюданда қаштым,

Қасқырданда қаштым.

Тра-ля-ля, тра-ля-ля.

(Алдынан түлкі шығады)

Түлкі: Бекасыл.

Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ:Бибіжамал.

Мені жемеші, мен Аяз атаға бара жатырмын.

Түлкі: Бекасыл.

Менде барсам болама.

Бауырсақ:Бибіжамал.

Әрине, болады. Өлең білесіңбе?

Түлкі: Бекасыл.      

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Бауырсақ:Бибіжамал.

Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.

Кеттік, ендеше.

Хор: Шырша жыры

Ата-анамен ойын:


Айжарық: Келіңдер жас ұландар

Ертегімде сан қилы

Қызық-қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бір шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер

Шын бағасын беріңдер.

Шыршаның артынан қоян секіріп шығады да:

Қоян: Диана.

Ау, жараңдар, ал, қараңдар

Жауып тұр қар себелеп

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап, билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

Алдынан аю шығады.

Қоян: Амансыңба, аю паң!

Аю:Бақыт. Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық.

Би билеп, ән салайық.

Жаңа жылдың тойында

Жан салайық ойынға!

(Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.)

Түлкі: Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға бір сәлем!

Аю,Қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!

Түлкі:Эльнара Достарым жыл келеді

Сыйлығын ел береді.

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді.

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай биге түсіп,

Тарқатам құмарымды.

Аю,қоян: Рахмет, түлкіжан, жүрген жерің күлкілі ән.

(Осы кезде орталарына кірпі келеді.)

Кірпі: Ақарыс. Сәлем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға,

Жылға шашу шашайық,

Тойлап көңіл ашайық.

Қоян келші биге басайық!

(тиін келеді.)

Тиін:Тоғжан. тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар.

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге бір сәлем.

Қасқыр: Қобылан. Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын!

Қане құшақ ашайық,

Достық тойын тойлайық.

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

Ақшақар: Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер. Мен барып Аяз Атаны алып келейін.

Би:Флешмоб

(Әуенмен мұз ханшайымы шығады.)

Мұз ханшайымы: Не шу? Неге шулай бересіңдер! Маған сендердің шулағандарың ұнамайды. Қатырып тастаймын мен сендерді.

(Қатырып тастайды. Сол кезде Аяз ата мен Ақшақар келеді.)

Ақшақар: Балаларға не болған. Қатып қалған ба? Аяз ата не істейміз енді?

Аяз ата : Бұл Мұз ханшайымының ісі ғой. Қайда өзі?

Мұз ханшайымы: Ха-ха-ха. Мен бұларды қатырып тастағанмын. Шулап, миымды ашытты.

Аяз ата: Уа, Мұз ханшайымы, неге олай жасадың. Қане, қайта қалпына келтір. Айтпесе мен сені жазалаймын. Сенің жүрегіңді ерітпесе болмас. Ақалай-мақалай, сүф!

(Мұз ханшайымының жүрек тұсынан мұз еріп түседі.Балаларда қалпына келеді)

Мұз ханшайымы: Мен жылулықты сезініп тұрмын. Менің мұз жүрегім еріді. Балалар маған ренжімеңдер. Менде сендермен бірге мерекені тойлағым келіп тұр.

Ақшақар: Жарайды Мұзханшайымы. Бүгін мереке, сондықтан бізбен бірге қалуыңа болады.

(Сол кезде ортаға бір топ аққала мен шырша шығады. Аяз атаға арнап өлең шумақтарын айтады.)

Мейіржан    

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

Хангелді

Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сагынған.

Никита

Новый год встречаем

Елку наряжаем

Вешаем игрушки

Шарики - хлопушки

Ақерке

Шаттық жыр, шаттық жыр!

Дидарыңда шаттық нұр!

Аяз ата ортада

Арқасында қапшық жүр.

Санжар:

Аяз ата келе ғой,

Әнімді айтып берейін.

Сыйлығыңды бере ғой,

Қолыма ұстап берейін.

Сұңқар:

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтар тізілген

Шыршаныда көрдік.

Нұрдәулет:Жаңа жылды қарсы алдық,

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Би: « Шырша мен Аққала»

Хор:Қыс қызығы.

Аяз ата: Сендердің өнерлеріңді тамашалап, көңілім бір жайланып қалды. Енді менің кететін уақытым болды. Мына өздеріңе арнап әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңдар. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар!

Ақшақар: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің мерекемізді көріп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Жаңа жыл құтты болсын! Сау-саламатта кездескенше!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жаңа жыл ертеңгілігі

Автор: Мырзахметова Жансая Кулмановна

Дата: 23.12.2018

Номер свидетельства: 492318

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жаңа жыл ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(28) "zhan_a_zhyl_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "374883"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483343806"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Қош келдің Жаңа жыл!" ертеңгілік сценариі"
    ["seo_title"] => string(51) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_iertien_ghilik_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "446938"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1514365232"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сиқыршы-Әбу Жаңа-жыл ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(41) "sik_yrshy_bu_zhan_a_zhyl_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "464061"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522254081"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""?ош келді? жа?а жыл""
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl3"
    ["file_id"] => string(6) "275569"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452598968"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства