kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сиқыршы-Әбу Жаңа-жыл ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

II-кіші тобына арналған Жаңа-жыл ертеңгілігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сиқыршы-Әбу Жаңа-жыл ертеңгілігі»

Зал базендірілген.Балалар музыкамен кіреді. Жүргізуші: Дария Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа орап алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн Шуақтана әр тарапқа тарайды. Жүргізуші құттықтау сөз сөйлейді Гулнар Қош келдіңдер балалар, Бүгін бізде карнавал. Жаңа жылдың тойында, Би билеп ән салыңдар! -Мінекей сендер сағына күткен жаңа жыл мерекесі де келіп жетті.Қараңдаршы неткен әдемі шырша.Кәне жақындап тамашалайықшы.Ал енді шыршаға арнап ән салып берсек қайтеді Ән «Шырша жыры»

Залға тауық жүгіріп келеді.

Жүргізуші:Гулнар Ой балалар біздің ортамызға жыл бойына дос болып келген тауық келіп қалды. қош келдің ескі жыл,

Тауық: Ал достарым,достарым

Алғысым көп айтарым

Жаңа жылда тілерім,

Жаңа бақыт тілегім.

Ескі жыл сен жаңа жыл келгенше біздің балалардың биін, әнін бірге тамашала.

Жүргізуші бір нәрсеге сүрініп кетеді:Дария:-Ой балалар,Қараңдаршы шыршаның түбінде жатырған бұл не нәрсе? Мынау құмыра ғой . Ішінде бірдеңе бар секілді.Ашып көрсек қайтеді. Кәне көмектесіңдерші ашылар емес. Маған көрінбей жатыр ішінде не бар екені сендер маған көмектесесіңдер ме? (құмыра ішінен билеп сиқыршы шығады) Сиқыршы:-Аманбысыңдар менің мейрімді құтқарушыларым? Сендерге мың да бір алғыс. Мен мына тар қапаста бес жүз жыл қамалдым. Мен мейрімді сиқыршы-Абумын.Мені жауыз сиқыршы ұйықтап жатырған кезімде сиқырлап мына құмыраға тықты.Өйткені мен оның жауыз әрекет теріне бөгет жасап жүрдім.Ал сендер мені құтқардыңдар!Енді сендердің қандай тілектерің болса да мен орындауға әзірмін. Жүргізуші:Гулнар-Балалар Абу мырзаның өнерін сынап көрсек қайтеді? Бүгін жаңа жыл мерекесі ғой.Ал шыршамыз болса көңілсіз.Мерекемізге сән беріп,шырша шамын жайната алар ма екен? Сиқыршы:-Әміріңізге құлдық!(алақанын тарс еткізеді) балалар мен сиқырлы сөздерімді айтқаннан кейін сендер 1,2,3 шырша шамы жарқырай түс. 1,2,3 елочка гари

Сиқыршы:Абрика,дабрика сим –салями!

Балалар: 1,2,3 шырша шамы жана түс.

1,2,3 елочка гори Ән:Елочка Жүргізуші Дария:Ендеше Жаңа жылға арналған балаларымыздың олең шумақтарын тамашалайық: Мұрагер: Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаңа жылға жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр. Нұралы: Тамаша, тамаша! Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса. Бақдәулет: Жаңа жылым мол болсын, Басқан қадам оң болсын. Төрле, төрле жаңа жыл, Бізге құтты жыл болсын. Ұлан: Жаңа жыл келгенде, Қуанып қарсы аламыз. Аяз ата келгенде, Би билейміз ән саламыз. Жаснұр: Жаңа жылда балалар, Тек қуаныш көріндер . Ауырмаңдар ешқашан, Мықты болып жүріңдер. Жарқынай: Тоғай да, баулар да, Ақ күміс жамылды. Дала да таулар да, Өзіңді сағынды. Омар: Оралды өлкеме, Жаңа жыл армысың! Оранды ақ көрпе, Асқар тау, ұарлы шың! Сабина Тілеймін мен бар әлемге, Дос көп болсын жаңа жыл. Ата-әже , әке-шеше, Құтты болсын жаңа жыл! Айсезім: Жапалақтап ақша қар, Жауды күнде қайталап. Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап. Жүргізуші:Гулнар-Не деген керемет!Шыршамыз жайнап кетті. Сиқыршының күшін байқап көрдік,Енді уақытты босқа созбай Аяз атамен Ақшақарды келтірсек қайтеді. Сиқыршы:- Әміріңізге құлдық! (бір тал шашын жұлып сиқырлы сөз айтады) Абрика,дабрика сим-силями Аяз ата Ақшақар кел!

(Залға Ержегейлі келеді аң-таң болып айналасына қарайды) Балалар:-Сәл-ба Ержегейлі! Ержегейлі:Мұнда не болып жатыр.Балалр қатты жел тұрып мені көтеріп осында әкелді..Қандай мереке тойлап жатырсыздар? Неткен әдемісіңдер, балалар! Жүргізуші: ДарияҚош келдіңіз Ергежейлі. Мұнда балалар жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр.Бірге болып балалардың әдемі биін тамашалап бірге өнер көрсетіңіз Ержегейлі:Жақсы менде бірге тойлайын мен де құр келген жоқпын менде кішкентай достарыммен би билеп берейік. Би: «Гномики» Жүргізуші:Гулнар-Ой Абу мырза сіз бізге кімді алып келдіңіз?Бұл Ергежейлі ғой!Сіз шатасып кеткен сияқтысыз!Балалар Аяз ата мен Ақшақарды асыға күтіп отыр. Абу:-Қап,мен шатасып кеттім.Қазір балалар тағы бір байқап көрейін.

Абрика,дабрика сим-силями,Аяз ата Ақшақар кел! Билеп Ит келеді Ит:-Сәл-ма балалар?Айтыңдаршы мен қайдамын? Жүргізуші:-Дария Сәл-ма! Сен «Заңғар» бөбекжайындасың Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз! Ал сен жаңа жыл емессің бе? Ит:-Ия біз жана жыл мерекесіне баруға дайындалып жатканбыз қатты жел тұрып бізді осы жерге әкеліп тастады. Жүргізуші:Гулнар-Ой балалар! Жаңа жыл келіп қалды төрімізге , Арқалап құт-береке бәрімізге. Жақсылықпен қуаныш жылы болып Жамандық жолатпасын елімізге. -Кәне келген жаңа жылға арнап әсем әнімізді шырқап жіберейік. Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші Дария:Ендеше Жаңа жылға арналған балаларымыздың олең шумақтарын тамашалайық: Әмина: Ақ қар жапты даланы, Ақ жамылды айнала. Жарқыратып шамдарды, Шырша келді ортаға. Аяла: Ауыл маңы қар аппақ, Қызықтар көп не түрлі. Ақ дәптерді парақтап, Қыс отырған секілді. Гүлден: Жасыл желен жамылған , Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған Айсана:Жаңа жылды қарсы алдық, Мініп алып куймеге. Менде бүгін ән салдым, Араластым биге де. Адия: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. Інжу: Қалып едік сағынып, Күтіп алдық жабылып. Жолың қойдық жарық қып, Шыршылыарға шам іліп. Ахмедияр: Кел билейік, үйренейік, Ол келгенше жаңа жыл! Құтты болсын, құтты болсын! Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл! Амангалиева Илана: Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа жылда келеді, Бізге қарай жылыстап. Би «Елочки» Жүргізуші:Гулнар-Абу мырза,сіз бізге жаңа жылды әкелдіңіз.Ал енді Атамызды қашан келтіресіз.Балалар тағатсыздана күтіп отыр.Әлде тағы қателесіп кеттіңіз бе? Абу:-Балалар мен құмыраның ішінде бес жүз жыл жатып,сиқырлы сөзді ұмыта бастаппын Енді қайттім? Жүргізуші:ГулнарАбу мырза сіз қамықпаңыз біздің балалар ол сөздерді де біледі. Үш тілде аяз атамен ақшақарды шақыру(Балалар айқайлайды залға Аяз атамен Ақшақар кіреді) Аяз ата: тақпақ Жүргізуші:Дария-Бар баланың қонағы ,төрле ата жоғары. Елдің бәрі атадай ,Қашан жомар болады. Аймен күндей жанары,Тамсандырған баршаны. Сұлу Қарша қош келдің,Сенде төрле жоғары. -Ата балалар жыл бойы өзіңізді тағатсыздана күтті.Қазір сізге арнап өз өнерлерін ортаға салмақшы.Сіз сәл дем алып,балалардың өзіңізге арнаған әсем әнін тыңдаңыз. Ән «Аяз ата» Ақшақар: тақпақ -Ата мында менің кішкентай сіңлілерім жүр екен солармен бірге бір би билеп жіберейінші. Би: «Ұлпақарлар» Тақпақтар: Айзере: Ақ қырауға малынған, Сақалы да мұрты да. Аяз ата сағынған, Сәлем берді жұртына. Ибрахим: Аяз келді қаһарлы, Айналаны қар жапты. Ақ тон киіп орман тұр, Дәл атамдай салмақты. Г.Илана: Қайда қызық думан болса, Аяз ата сонда болады. Балалар мен бірге ойнап, Балалар мен бірге күледі. Жантөре: Аяз-ата ақ сақалды, Ақ таяқты паң ата. Асып өтіп асқар тауды, Жеттің бізге таң ата. Айша: Ақ таяғын таянып, Таңмен бірге оянып. Аяз ата келіп тұр, Ақ күпіге оранып. Айқаракөз: Ақ қар жапты даланы, Ақ жамылды айнала. Жарқыратып шамдарын, Шырша келді ортаға. Төлеген Аяна: Ал балалар билейік, Ойнайықта күлейік. Аяз ата қуансын, Доңғаланып жүрейік. Зере: Көрдіңбе Аяз атаны? Аппақ екен сақалы. Аппақ екен мұртыда, Аппақ екен шапаны. Т.Аяна: Жаңа жылға арналады жаңа жыр, Жаңа жылда шақырады бар өмір. Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой, Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл. Жанайым: Безендіріп шыршаны, Жыл қуантты баршаны. Той-маскарад басталды, Аяз оны басқарды. Аяз ата:-Манадан бері қараймын кеп. Жаңа жыл бізден бұрын келіп қалыпты ғой. Иә ит амансың ба? Қош келіпсің ортамызға Ит:-Рахмет! Сенің салған жолыңды ары қарай жалғаймын, балалармен бірге жаңа жылды тойлаймын! Тауык:Қош келдің жаңа жыл мен енді жолымды саған табыстаймын.Саған тек жақсылықтар,молшылық тілеймін. Жүргізуші:Гулнар-Көңілде көп қуаныш әр көңілде жақсылық. Өткен жылға мың алғыс әкелген көп жақсылық. Тауық:Қош сау болындар балалар! /тауық шығып кетеді/ Ит:Аяз ата балалармен бир ойын ойнасақ қалай қарайсыз? Аяз ата :-Ал балалар әнді керемет айтады екенсіңдер,бидіде тамаша билейді екенсіңдер ал ойынды қалай ойнар екенсіңдер? Ойын: «Үсіремін» Жүргізуші:Дария -Ендеше аяз атаны суреттеп өзіміздің орыс тіліндегі әнімізді орындайық.

Ән « Дед Мороз.» Аяз ата –Ал балалар біз қайтайық бізді тағы басқа өздеріңдей балалар күтіп отыр. Сендерге риза болып аттанып барамыз.Өнерлерің артып,үлкен болып аман-есен өсе беріңдер! Жүргізуші Гулнар–Ата мана балаларға сыйлық әкелдім деп құлағыма сыбырлап едіңіз.Балалар аянбай өнерлерін көрсетіп жатыр.Ал сіз сыйлықты беруді ұмытып кеткен секілдісіз.

Аяз ата:-Ойбу!Қартайған сайын адам ұмытшақ бола бастайды екен.Қызым Ақшақар сыйлықты әкеле ғой.Балаларға атасы қандай сыйлық әкелді десеңші! Ақшақар;-Ата сыйлықты қайда қойып едіңіз?Таба алмай жатырмын. Аяз ата:-Қап сыйлықты терек түбіне қойып едім.Бір сиқыр күш көтере жөнелгенде қолыма ұстай кетуді ұмытып кеттім.Енді қайттім? Жүргізуші:Дария-Енді қайттік балалар сыйлықсыз қалатын болды-ау.Абу мырза сіздің сиқырыңыздың күшін тағы бір рет сынап көрсек қайтеді? Абу:-О не дегеніңіз?! Мен не тілесеңдерде соны орындауға әзірмін. (Сол кезде музыка ойналып ішке Аққала кіреді) Аққала:Ой, Аяз ата осы жақтан балалардың дауысын естіп келіп қалдым.Келе жатырғанымда жолдан адемі мынадай үлкен дорба тауып алдым. Аяз ата: Ой, жарадын, қатты сасып балаларыма қандай сыйлық берсем деп- жатыр едім көөөп рахмет саған. Аққала:Аяз ата мен балаларға құр қол келгенім жоқ бір жақсы ойын алып келіп едім, соны ойнаттырсам қалай болар екен? Ойын «Аққала» (Гном Аққала Аяз ата Ақшақар барлығы шығып кетеді.) Абу:-Ал менің мейрімді құтқарушыларым мен де туған жерім Мысыр қаласына аттанайын.Сендерге тағы рахмет айтамын! Мына сиқырлы алқамды сендерге сыйлаймын.Көмегім қажет болғанда шығысқа қаратып мені шақырсаңдар табан астынан шыға келемін Ал сау болыңдар! (билеп шығып кетеді) Жаңа жыл Ит::-Ал мен ешқайда кетпеймін.Бір жыл бойы сендермен бірге боламын.

Жүргізуші мерекені қорытындылайды

-Құрметті ата-аналар! Бүгінгі кешке келіп, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сиқыршы-Әбу Жаңа-жыл ертеңгілігі

Автор: Жауынбаева Гульнара Амангелдиновна

Дата: 28.03.2018

Номер свидетельства: 464061


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства