kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа жылым, тамаша!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша балаларына арналған. Жаңа жылға арналған ертеңгілік сценарий.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жылым, тамаша!"»

Жаңа жылым, тамаша!

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата- аналар, балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Баршаларыңызға бақыт, денсаулық тілейміз.

Аяз беттен өбеді,

Ай барады жылыстап,

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бірі әзір,

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

1 бала: Жаңа жылмен! Жаңа жылмен!

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді анамызды,

Қонақтардың бәрінде.

2 бала: Даланың да қаланың,

Думандатып отбасын

Тағы міне жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын!

3 бала:Алақай жаңа жыл,

Бәрі аппақ ой мен қыр.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

4 бала: Той мереке салтанат

Думандатып шартарап,

Келді міне жаңа жыл,

Тартуларын арқалап.

Ән: «Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Балалар мерекеміз қызықты болу үшін, ортамызға кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші: Қане ендеше бәріміз қосылып Аяз атамен Ақшақарды ортаға шақырайық .

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Музыка ырғағымен залға Түн патшайымы келеді.

Түн: Мен- Түн патшайымымын,

Қараңғымын, түнекпін,

Жол таба алмай Аяз ата

Адасып адасып кетсін!

Ха-ха-ха!

Ай тумасын, жұлдыздар шықпасын!

Жаңа жыл келмесін, шырша отын жақпасын!

Мен қараңғылықты ұнатамын!

(билеп жүріп, барлық жарықты өшіріп тастайды да кетіп қалады)

Жүргізуші: Балалар естідіңдер ме, Түннің не дегенін? Аспандағы сұлу Ай да сөніп қалыпты, енді Аяз атамен Ақшақар бізге барар жолды қалай табады екен? Бізге кім көмектесе алады?

(Музыка әуенімен залға көңілсіз Ай келеді.)

Ай: Қара Түн мені сиқырлап тастады,

Күміс нұрымды сөндіріп тастады!

Қалай енді жарқыраймын,

Қалай енді көңілденіп,

Күміс сәуле төгемін? (күрсініп шырша жанына барып отырады)

Жүргізуші: Ой, балалар, бұл болмайды,

Ән думанды құрайық!

Шат шадыман күлкімен ,

Айды жарық қылайық!

5 бала: Басталды қызық тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі,

Бақшамызға келсе еді.

6 бала: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Ән: «Аяз ата»

Ай:(қуанып күледі, жамылғыны шешіп тастап, билейді залда жарық жанады) Жарайсыңдар балалар,

Сиқырды жұлып тастадыңдар!

Нұр сәулемді төгемін,

Рахмет сендерге достарым!

Аяз ата: (сырттан айқайлаған дауысы естіледі)

Не болып кетті өзі түсінбедім,

Жол таба алмай қалдық қой, Ақшақар,

Мынандай қараңғыда балаларға қалай жетеміз?

Жүргізуші: Бәрекелді, Ай- сұлу! Енді сәулеңді төгіп Аяз ата мен Ақшақарға жол көрсет, олар қараңғыда адасып жүрген болар, тезірек бізге жетсін.

Ай: Жақсы балалар,күмістей айым жарқырап, нұрымды шашып, Аяз атамен Ақшақарға жол көрсетіп жіберейін. ( билеп кетеді)

Жүргізуші: Ал канекей балалар біз де жай отырмайық, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

(музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Армысыңдар балалар!

Бармысыңдар ата-аналар!

Оңынан тусын айларың,

Жарқырап жансын жұлдызың,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме, Балалар! Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақшақар! Келіңіздер ортаға, біз сіздерді сағындық, асыға күттік қаншама. Шыршамыздың шамдарын жағып берсеңіздер.

Аяз ата: Иә, қане Ақшақар шырша шамдарын жағайық, балаларды қуантайық. Шырша, шырша жарқырап, шамдарыңды жарқырат!

Ақшақар: Балалар біз де көмектесейік.

Бәрі: Шырша, шырша жарқырап, шамдарыңды жарқырат!

(шырша шамдары жанады)

Ақшақар: Ал балалар келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

7 бала: Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Апақ біздің атамыз.

8 бала: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып.

9 бала: Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп.

10 бала: Жаңа жылда жаңаша,

Болсын қызық тамаша.

Билеп ән сап атаны,

Қуантайық балаша.

Жүргізуші: Аяз ата ,Ақшақар біздің балалар сіздерге арнап ән мен би дайындады, отырып тамашалаңыздар.

Ән:

Би:

Жүргізуші: Аяз ата балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар.

11 бала: Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

12 бала: Аяз ата келеді,

Аппақ тонын оранып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып.

13 бала: Аяз беттен сүйеді,

Ай барады жылыстап.

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

14 бала: Әуеледі әніміз,

Жаңа кірді сәніміз.

Ақшақарды ортаға алып,

Би билейік бәріміз.

Би: Қыздар

Ақшақар: Аязта балалардың өнерлерін тамашаладық енді бір ойын ойнасақ қайтеді.

Аяз ата: Дұрыс айтасың Ақшақар, менің жақсы көретін ойынымды ойнайын балалармен.

Ойын:

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар біздің балалар сіздерге арнап ағылшын тілінде ән айтпақшы, қабыл алыңыздар.

Ән: Ағылшынша

15 бала: Жаңа жыл жаңа жыл,

Сені күттім елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

16 бала:Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.

17 бала: Аңсаған қыс келді,

Жауды көп ақша кар.

Аппақ ақ түске енді,

Жайқалған бақшалар.

Би: Аққалалар биі

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар балалрдың тақпақтары таусылар емес.

18 бала: Жүмізімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Би билейік бәріміз.

19 бала: Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

20 бала: Әкелсін жыл ырыс құт,

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша!

Ән: «Ақшақар»

Ақшақар: Аяз ата біздің кететін уақытымыз келді сыйлықтарды берейік балаларға.

Аяз ата: Ал, қане балалар,

Сендерге сыйлығым бар,

Аталарыңның сыйлығын

Қуанып қабыл алыңдар.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге Аяз ата, Ақшақар.

Аяз ата: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер, өркендерің өссін! Жаңа жылдарың құтты болсын! Қуаныш бақыт әкелсін! Сау болыңдар!

(Аяз ата мен Ақшақар кетеді)

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар; ата-аналар осымен жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа Жылдарыңызбен!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жаңа жылым, тамаша!"

Автор: Садвокасова Самал Касымовна

Дата: 17.11.2017

Номер свидетельства: 439256

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Келді міне, Жа?а жыл "
    ["seo_title"] => string(26) "kieldi-minie-zhan-a-zhyl-1"
    ["file_id"] => string(6) "229675"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441821511"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Келді міне Жаңа ЖылІ""
    ["seo_title"] => string(25) "kieldi_minie_zhan_a_zhyli"
    ["file_id"] => string(6) "366815"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481099812"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) ""Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(13) "zhan_a_zhyl_1"
    ["file_id"] => string(6) "415495"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494840669"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?рле, т?рле жа?а жыл!"
    ["seo_title"] => string(25) "torlie-torlie-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "210249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431407921"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Конспект урока на тему "Құтты болсын Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt_uroka_na_tiemu_k_u_tty_bolsyn_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "452003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516724656"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства