Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл" ертеңгілігі»
Жаңа 2018 жыл.
Ересек тобы.
1. вход. Балалардың барлығы музыка ойнасалысымен залға кіріп, би билейді. Би аяқталған соң қыздар шыршаның астына өз қолдарындағы дождиктерді қояды.
Жүргізуші 1: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын!
3-4 бала тақпақ айтады.
Жүргізуші 2: Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Балалар бірақта біздің Аяз ата мен Ақшақарымыз жоқ.
ІӘН.Қане біз «Ақшақар» туралы ән айтып жиберейікші. Мүмкін ақшақар бізді естіп бізге келер.
Ақшақарды келуі.
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын. Орманда боран біз Аяз Ата екеуіміз бір бірімізден ажырап кеттік, бірақ та мен сендердің ән айтып жатқандарыңды естіп қалып, осы жаққа келдім.
Жүргізуші 1: Сәлеметсіз бе Ақшақар енді біз Қалай Жаңа Жыл мерекесін қарсы алмақпыз. Аяз Атамыз жоқ, Сізде дорба сыйлықтарымен жоқ, енді біз не істейміз.
Ақшақар: Балалар, Аяз Ата кәрі, қартайды, орманда адасып жүр, біз тақпақтарды, әнді және биді дауыстап айтуымыз керек мүмкін сонда Аяз Ата бізді естіп келер.
ІІӘН.Орысша ән айтылады.
Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар сендер орыс тілінде де ән біледі екенсіңдер.
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді) Сиқыршы: Жаңа жыл келді Азаймасын ән мен жыр Ел көңілін көтерсін Құтты болсын жаңа жыл! Құттықтаймыз сіздерді! Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар Басталады Жаңа Жылдық карнавал Маска да бар, би де бар, асығыңдар Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Жүргізуші: Салеметсіз бе, Сиқыршы Сіз дұрыс айтасыз бізде Жаңа Жыл басталғалы тұр біздің шыршамыз әлі жанбаған.
Сиқыршы: Олай борса менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады).
Ақшақар: Сиқыршы, рахмет Сізге Біздің шыршамыз сіздің көмегімен әдемі болып жарқырады. Ал бізге Аяз Атаға алі жете алмай жатыр.
Сиқыршы: Балалар сендер жақсы балаларсыңдар ма, сендерге Аяз Ата керек пе?
Балалар: Иә керек.
Сиқыршы олай болса, кім маған ағылшын тіліде тақпақ айтып береді?
ІІІ.ӘН.Балалардың ағылшын тілінде тақпақтары және ән.
Сиқыршы: бәрекелді балалар, ендеше мен сендерге көмектесейін. Таяқшасымен сілкіп.
Бәрі 1-2-3-4-5 Аяз Ата кел тез.-3 рет айтады.
Осы кезде музыка ойналады. Залға Аяз Ата кіріп келеді.
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Иә, Аяз ата!
Ақшақар: Аяз Ата орманда адасып,шаршаған боларсыз, отырып демалыңыз. Орындыққа орынады. Орындыкка отырады
2.Жүргізуші: Ал балалар, Аяз Атаға «Здраствуй, Дедушка Мороз» биін орындайық.
Балалар Аяз Атаға тақпақ орындайды.
Аяз Ата: Сендер жақсы би билеп тақпақ айта аласындар.
Жүргізуші: біздің балалар орыс, ағылшын тілінде тақпақ айтып, ән айтып берді.
Аяз Ата: олай болса, қазір біз ойын ойнайық:
ОЙЫН 1: (Бірге) Алақай қыс келді, қыс келді,
Жүргізуші: Екеуден тұрайық.
Арқамен жабысайық, Мұрынмен жабысайық, Тіземен жабысайық, алақанды жабсырайық. (2 бала арқамен жабысады, сол кезде музыка ойналады).
Ақшақар: (көңілсіз) Балалар, сендер Аяз Ата туралы би биледіңдер, тақпақ айтыңдар, ал мен туралы не білесіңдер?
Жүргізуші: Ренжіме ақшақар, біз сен туралы ән айтамыз, тақпақ айтамыз.
ІҮӘН: «Ақшақар» әні орындайды орыкка отырады
Балалар: тақпақтар айтады.
3.БИ «Потолок ледяной» биі
Ақшақар: Рахмет сіздерге балалар менің көңілім көтерілді. Сендер мен туралы ән, тақпақ және би билей аласыңдар.
Балалар орындыққа отырады.
Аяз Ата: ал балалар мен кішкене тынығып алдым, ал енді сендерге ойын ойнатамын
ОЙЫН 2.«Мұздатамын» ойыны.
4.БИ «Гномы» биін билейді.
Ақшақар: балалар, біздің көңіліміз көтеріңкі, Аяз Ата мен Ақшақар туралы бәрін білесіңдер, ал шырша туралы ән білесіңдер ме?
Жүргізуші: Әрине, білеміз.
ҮӘН. «Шырша» әні
Аяз Ата: балалар, ал сендер білесіңдер ме, қай жылмен қоштасып жатырмыз.
Аяз Ата: Жарайсың,ал енді қиынрақ сұрақ, ал қандай жыл бізге келе жатыр?
Балалар: ит жылы келе жатыр.
Аяз Ата: Бәрекелді. Өздерің ақылды балалар екенсіңдер.
Жүргізуші: Аяз Ата біздің сығандардан алдағы жылдың қандай болатынын сұраңыз.
5. «Цыганский» би.(қыздар)
Жүргізуші: Ал, қыздар кім Аяз Атаға жаңа жылға бал ашып береді?
ҮІ. «Жаңа жыл» әні.
Жүргізуші:- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер? Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.... (барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!