балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Туған жер топырағыңнан айналдым!»
Тақырыбы: «Туған жер топырағыңнан айналдым!» Мақсаты: Білімділік: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуілсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың сөздік молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып Тәуелсіздігімізге арналған тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету. Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл - күйлерін көтеру. Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша, слайд көрсету,сұрақ - жауап. Сөздік жұмыс: Республика, рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс тұлпар, бәйтерек сөздері алынады. Көрнекілік: Қ. Р-ның мемелекеттік рәміздері,картасы Шаттық шеңбері: Қуанайық, шаттанайық балақай! Аспанда күн жарқырайды, алақай! Атқан таңға иіліп, бір сәлем беріп, Бақыт тілеп бір - бірімізге осындай. Қайырлы күн қонақтар! Тәрбиеші: Балалар біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады? - Қазақстан Ресаубликасы. Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған - туыс, бауырымыз, ауыл - қаламыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет? Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет. Тәрбиеші: Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім? Балалар: Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәрбиеші: Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада? Балалар: Астана қаласында. Тәрбиеші: Астана - қандай қала? Балалар: Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала. Тәрбиеші: Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы. Балалар: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Тәрбиеші: Ал ендеше балалар әнұранымызды шырқап жіберейік. (шырқалады) Ендеше кім отан,туған жер туралы тақпақтар біледі. С.Әли:Отанды біз Атамекен Деп аялап атаймыз, Өйткені оны мекен еткен Бабамызбен атамыз.
Бинұр: Отанды Жас, кәрімізде Туған жер деп сүйеміз, Өйткені, онда бәріміз де Туып, өмір сүреміз Тоқтарбек:Отан деген – Атамекен Отан деген - туған жер Отан – Ана Отан – үлкен Қазақстан туған ел. Бекайдар:Отан - менің ата – анам Отан - досым, бауырым, Отан - өлкем, астанам Отан - туған ауылым Исрайыл:Аялап ару Ананы, Өсірген еркін баланы, Бесігім болып тербеткен Отаным Қазақстаным. Арнұр:Қазақ жері – Қазақстан Мөлдіреген ашық аспан. Алыс кетсем сағынамын, Отаным сен Қазақстан. Нұрдәулет: Отан-тарих, Отан-тіл, Жасаған елін, өз халқын. Отан-өлең, Отан-жер. Көтерген көкке ел даңқын. Ақерке:Отан - туған үйіміз Отан - туған жеріміз. Отан - ортақ үйіміз, Көңілді ән мен күйміз. Еркеназ:Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз, Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз! Нұрсила:Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. Отан деп өсіп жас жаның, Оны ардақтап сүйе біл.
Мұхаммед-Әли: Туған елім – гүл елім, Қасиетіңді білемін. Өзіңе деп жүремін – Лүпілдеген жүрегім! Айсұлтан: Елінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен, Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем? Әбдірахан: Көк айна көлім бар, Кең жайлау жерім бар. Еңбегі еленген Атақты ерім бар Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!. Балалар біздің туған жеріміз қалай аталады? Біз қай ауылда тұрамыз? Онда нелер бар?. (жауап беріледі). Ендеше балалар өзіміздің ауылымыздың табиғатын тамашалайық. –Біздің ауылымыздың табиғаты тамаша екен. Сендер Тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер? - Бейбітшілік болсын! - Соғыс болмасын! - Елімізде тыныштық болсын! - Еліміз бай болсын! Т. б. (Балалар алдын ала дайындап қойған түрлі түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп тақтағы орналастырады. ) - Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіңдер!.осымен ұоіә аяқталды.Сау болыңдар!