Данная разработка поможет провести новогодний утренник в детском саду. Учитывая возрастные особенности детей позволяет провести утренник интересно и весело.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ТӨРЛЕТ ҚҰТТЫ - ЖАҢА ЖЫЛ!»
Төрлет құтты - жаңа жыл!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата –аналар! Мерекеге қош келдіңіздер! Ұлдарыңыз ер жүрек, қыздарыңыз инабатты болсын! Жаңа –жыл, жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін деп тілейік. Келе жатқан –2015 қой жылы баршаңызға құт әкелсін!
Музыка ойналады. (Жұлдызшы кіреді) Жұлдызшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Жаңа –жылдарың құтты болсын! Балалар, қандай өнерлерің бар, қане көрсетіңдер?
Жүргізуші: Сәлеметсізбе , Жұлдызшы! Біздің балалар шетінен өнерлі, би де билейді, ән де айтады. Жұлдызшы: Онда, балалар маған билерін көрсетсін, менің де билегім келіп тұр.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен ақшақар адасып кетпесін, шырша тойымызға шақырайық.
Өтірік Аяз ата мен Ақшаққар келеді. Өтірік аяз ата: Өңкей бұзық, жиналып қалыпсыңдар ғой, міне бізде жеттік ортаға. Өтірік ақшақар: Бірақ, біз сыйлықты тек жаман, бұзық балаларға ғана береміз, бізге жақсы балалардың әндері мен тақпақтары керегі жоқ. Жүгіріп мыстан келеді: Алақай, Аяз ата мен Ақшақар! Міне менің киімім көрдіңдер ме? Сіздердікіндей әдемі, бірақ балалардың киімі, менікінен де күшті екен. (жылайды) Мен балабақшаға бармаймын, неше түрлі жамандықтар жасау білемін. Кәмпиттің бәрі менікі болады.
–деп тарелкедегі кәмпиттерді жинап алады да (Күледі). Ол өтірік кәмпит болады.
Өтірік ақшақар: Жарайсың! Сен біз сияқты екенсің, бірақ ақшаңды дайындай бер, біз саған күшті сыйлық береміз. Жұлдызшы: Мыстан, мыстан олар өтірік айтып жатыр. Жүргізуші: Балалар, сендер оларға сенесіңдер ме? Балалар: - Жоқ! Сенбейміз! Өтірік аяз ата: Әй, бұзықтар, неге сенбейсіңдер, мен Аяз атамын ғой! Өтірік ақшақар: Міне, мен де қандай әдемімін! Өтірік аяз ата: Менің сақалымды көрдіңдер ме? Міне ----- деп көрсетеді.
Жүргізуші: Сіздер аяз ата мен ақшақар екендеріңді дәлелдеңіздерші. Жұлдызшы: Аяз ата тақпақ айтсын, әкелген сыйлығын берсін! Мыстан: Ал, ақшақар биін билесін, көрейік қане! Өтірік аяз ата: (өлең айтады) Мен Аяз атамын Сыйлықты сатамын Аязбен елді қатырамын Өзім мәз болып отырамын Әкел ақшаңды, мә сыйлық –деп мыстанға өтірік кәмпит береді. Мыстан (жылайды): Өтірікші, мынау кәмпит емес қой! Балалар, қараңдар –ол мені алдап, құр қағаз беріп жатыр.
Жұлдызшы: Ал, Ақшақар енді сен өнеріңді көрсет. (Осы кезде музыка ойналып ақшақар билеп жатқанда - бас киімі түсіп қалады да, түлкі екені көрінеді) Жүргізуші: Балалар, мынау түлкі қой? Мыстан: (Аяз атаның киімін жұлып алады). Мынау, қасқыр ғой! Балалар! (Екеуі шыршаның артына тығылады)
Жүргізуші: Балалар, сонда біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз қайда? Қасқыр: (шыршаның артынан айқайлайды) –Біз оларды қамап қойдық. Сендер ертегі көрсетпесеңдер, біз оларды бо –сат –пай –мыз!
- Біз өзіміз мұнда неғып жүрміз? Жүр кетейік.(Серке)
-Киіз үй тігіп адамша өмір сүреміз.
- Расында неге сөйітпеске.(Алидар)
-Өмір деп осыны айт (Серке)
- Шіркін өмір (Алидар)
Есікті аю қағады.
-Кім бұл ? (Алидар)
-Жергілікті аюмын ,мұнда кімнің қоныстанғанын көруге келдім және жейтін ештеңе жоқ па екенін білейін деп едім.Мәссаған қой мен серке бар екен ғой.(Аю)
-Қонақ келді, не сыйлаймыз? (Серке)
-Білмеймін (Алидар)
-Оған кешегі аюдың басын берейік. Қалай?(Серке)
- Ол аюдың басы жоқ қой? (Алидар)
- Жоғы қалай , жеп қойдық па? (Серке)
-Иә жеп қойдық.(Алидар)
- Сендер не айтып тұрсыңдар а?(аю)
-Онда табанын әкел, табаны қалу керек еді ғой (Серке)
-Білмеймін қалмады.(Алидар)
- Эй мен өзі қайда тап болдым, тезірек кетейін бұл жерден (Аю)
-Эй тоқта сен қайда кеттің? (Серке)
-Сендер не шынымен аюларды жейсіңдер ме? (Аю)
-Таңданатын несі бар, біз аюлардың қой жейтініне таңданбаймызғой.(Серке)
-Иә, серкелерді де жейді.(Қой)
-Бірақ қойлардың аюларды жегені дұрыс емесқой. (Аю)
-Дұрыс емес пе? (Серке).
-Жоқ дұрыс емес (Қой).
-Демек ақылымыздан адасқан екенбіз ғой (Бірге).
- АААААААа (Бірге)
-Ол енді қайта оралмайтын шығар? (Серке).
-Ертең қасқырды қорқытамыз. (Қой).
- ияяяя
Түлкі: Ертегілерің жақсы екен. Енді, балалар би билеп берсін. Сонда ғана ақшақарды босатамыз. Жүргізуші: Балалар, шартын орындаймыз ба? Балалар: Иә, орындаймыз Би: «Ұлпақарлар» Арай, Айғаныш, Стеша, Аружан, Мерей, Жасмин, Айлин, Аянат, Асель
Түлкі мен қасқыр: Балалар қош сау болыңдар, біз қазір аяз атамен ақшақарды босатып келейік. –деп шығып кетеді. Мыстан кемпір ойын ойнатады. Жұлдызшы: (қолында дүрбісі бар) Міне, мен дүрбімен көріп тұрмын, Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты.
Жүргізуші: Ал, балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. (Екеуі кіреді) Балалар хормен: Аяз ата! Ақшақар ! Аяз ата: Балалармен амандасады. (сөздерін айтады)
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып
Жауғанын жарпалақтап көріп қардың
Асыға ұшып келдім құрдай болып
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым! Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Қадамдарыңыз құтты болсын! Аяз ата: Қандай өнерлерің бар. Қане көрсете қойыңдар. Жүргізуші: Ата, балалар, сізге арнап ән айтамыз деп отыр. Аяз ата: Айтсын, қане мен отырып тыңдайын. –деп отырады. Ән: «Пляшет маленький народ»
Аяз ата ойын ойнатады «Хоккей ойыны» Жүргізуші: Аяз ата, біз ақшақарды сағындық, оның биін көрсек деп едік. Аяз ата: Әрине, көрсетеді өнерін. Ақшақар; Мынау әсем шыршаның қасында, мен достарыммен би билеп берейін. Қане, достарым қайдасыңдар? Би: «Полька»
Ән: «Раз морозною зимой» Стеша
Аяз келеді: (әндетіп кіреді) Мен аязбын, аязбын! Балалармен аразбын! Мен қызыл шоқ тұмсықпын Мен қырсық көк тұмсықпын - Жүрексінбей нық басып, Батыл болсаң, сыртқа шық! –дейді. Балалар хормен: Аяз бізге сөз емес Қорқатұғын біз емес! Аяз: Ал, қорықпасаңдар, мына сұрақтарыма жауап беріңдерші. Егерде кімде –кім жауап бере алмаса, сол баланы қатырып тастаймын! Жауап берген бала қатпайды. Сұрақтар: 1)Қыс мезгілінің қандай белгілерін білесіңдер? (қар, боран, мұз, аяз, суық, ) 2) Қыста қандай ойындар ойналады? (шана, шаңғы, сырғанақ, хоккей, коньки Аяз: Балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр? Ойнаймыз ба? Ойын ойнатады: « Ғажайып қолғап»