kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«төрлет, құтты жаңа жыл!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік жоспары 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««төрлет, құтты жаңа жыл!»»



№5 мектеп-лицей











«ТӨРЛЕТ, ҚҰТТЫ ЖАҢА ЖЫЛ!»










Өткізген: МАД «А» класс Рейм Қ.К

МАД "Б" класс Сапарбаева Қ.Ж.

І кіші шағын-орталық: Бутаева А.И














2018-2019 оқу жылы



«ТӨРЛЕТ, ҚҰТТЫ ЖАҢА ЖЫЛ!»


Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!

Жүргізуші: Қошемет, құрметті халайық!

-    Өзгелерден  бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл  жұлдыздар келеді №5 мектеп-лицейінен

Би: «Ойыншықтар»


Жүргізуші:-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Саламатсызба!

Жүргізуші: Біздің жаңа жылдық карнавалға қош келдіңіздер. Балалар сіздер қай мектептен келдіңіздер!

Балалар: №5 мектеп-лицейінен

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ендеше бізге әкелген өнерлеріңді көрсетіңдер

ХОР:«Шырша жыры»

1.Қане, достар тұрмайық,

Қарсы алайық жыл басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самғасын.

Қайырмасы:

Ал, достарым келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биде билеп беріңдер

Шырша жыры самғасын.-2 рет

2.Құтты болсын жаңа жыл,

Шыршамыз тұр жараса.

Жанында Аяз ата жүр,

Қуанады балаша.

Қайырмасы:

3.Аппақ қардай береке,

Даламызда самғасын.

Жаңа жылдай мереке,

Таба берсін жалғасын.

(Музыка ойналып цыгандар шығады)
Цыгандар:

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймыз

Сарайымызды былғайтын.

Жүргізуші:-Сәлеметсіздерме. Бұл сіздердің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Цыгандар:  Тек біздің мектебімізге айналған сарайымызда ойнамақшы болдыңдарма.

Жүргізуші: Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Цыгандар: Біз ешқандай кідіре алмаймыз .Тезірек сарайымызды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте сиқырлап тастаймыз.

Би: «Цыгандар»

Жүргізүші: Қап, әттеген ай бұл жер сіздердей ханшайымдыкі екенін білген жоқпыз ғой. Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да сиқырлап тастаса не болады? Енді қайттік?

Жүргізуші: Ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

-Бізде өнерлі әкелер бар, солардың өнерін қабыл алыңыз!


Цыгандар: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті.

Би: «Твис»

Хор: «Келді міне, жаңа жыл»

Келді, міне,

Жаңа жыл!

Шаттық сыйлап әр үйге!

Жаңа бақыт, жаңа нұр,

Үлкен, кіші, сәбиге.


Жаңа жауған ақ ұлпа,

Қар жамылды даламыз.

Балаларды сағынта,

Келді Аяз атамыз.


Айдай ару Ақшақар,

Көмекшісі сол екен.

Аяз ата-ақсақал

Сыйлықтары мол екен!


Қандай сұлу шыршамыз,

Ортамызда тұр жайнап!

Жаңа жылда баршамыз,


Цыгандар: Біздің мына әнмен, биден кейін көңіліміз жайланды. Бір жеңілдеп қалдық. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Біздің сарайымыз енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Бір музыка ойналады ( сұлтанды қарсы алатын әуен)

Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.

Сұлтанның сөзі:

Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?

ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз

Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!

ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар! Сізге ұнайды деп ойлаймыз!...күтейік!

Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші... көрсетші!

ЖҮРГІЗУШІ: Суық, қарлы Солтүстіктің аруы ғой!

Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер! Көрсетіңдер! Барыңыздар да, алып келіңіздер!

Музыка ойналады ( мыстан кемпірдің келуіне жағымсыз әуен орындалады)

Мыстан кемпір: Солтүстіктің қызын шақырдыңдар ма, міне солтүстіктің қызы. Мен келдім! Тойға дайындалыңыз!

Сұлтан: Құдай-ау, мынау не дейді? Жүрегі-і-і-ім!

ЖҮРГІЗУШІ: Жоқ, мыстан! Сұлтанның қалыңдығы Ақшақар! Олар Аяз Ата екеуі келе жатыр.

Сұлтан: Әлгі сұлу қыздарың осы ма? Бұл не қылған сұмдық?!! Дереу ұстап алып алдыма алып келіңдер!!!

ЖҮРГІЗУШІ: Сұлтаным бұл солтүстіктің қызы емес , бұл жалған айтып тұр.

Сұлтан: Басын алыңдар!!! жазалаңдар бұны.

(Уәзірлер оларды сұлтанның алдында бас игізеді.)

Мыстан: Ой мені кешіре көріңіз! мен сіздерге арнап өз өнерімді көрсетейін! Балалар, маған көмектесіңдер! Өтінем!

Би: орыс биі «Зима красавица»

Хор:Шыршаға бардық

1.Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Қайырмасы:

Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз атадан,

Сыйлықтар алдық.


2.Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.

3. 1.Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.


ИТ: Мен бір жыл бойы жұмыс істеп, шаршап жатыр едім, сендердің әндеріңді естіп, келдім! Менің сүйікті әнімді орындаған кімдер?

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті, ит ! Келгеніңіз жақсы болды! Бұл Мыстан ғой, Сұлтанды және мына қонақтарды алдағаны үшін өнерін көрсетіп жатыр!

Ит: Солай ма?! Мыстанның өнері ұнады ма сендерге балалар???

БАЛАЛАР: Иааааа!

Мыстан: Рұқсат болса мен кетейін! Сау болыңдар балалар!

БАЛАЛАР: Сау болыңыз!!

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп! Ит жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.

Ит:  Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

БАЛАЛАР: Сау болыңыз!

Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

-Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды...Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, кәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық!

БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!


( Аяз ата мен Ақша қар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!

БИ: «Ақшақарлар» биі

ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата Байқасаңыз бізде Ертегілер әлемінен келген Шығыстың сұлтаны бар. Ол Ақшақарға үйленсем дейді.

СҰЛТАН: Иа Аяз ата, шынымен немереңіз сұлу екен! Ақшақарға үйленуге рұқсат беріңіз!

АЯЗ АТА: Мен бұл мерекеге Жаңа Жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, Оны алдап өзімен алып кетті. Егер Жаңа Жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең немереме үйленуге рұқсат беремін.

СҰЛТАН: Жарайды, тапсырмаңызды орындаймын. (жүгіріп, кетіп қалады)

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Сұлтанымыз Жаңа Жылды алып келгенше жайғасыңыздар! Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!

Хор: Жаңа жыл

Көк шыршамыз ырғалып,

Жатыр дала- қыр нағып 

Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !

Жарасатын еліме,

Төрлет жылым төріме !

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне!

Қайырмасы :

Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !

Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .

Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !

Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.

2.Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,

Би билейік, ал кәнекей ән салып !

Аяз ата әніміз,

Ақшақарың сәніміз,

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз !

3Күлімдесін күніміз,

Жалындасын жүзіміз,

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !

Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн,

Тілейікші елімізге сәтті күн .!


Аяз ата : Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
Ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
ЖҮРГІЗУШІ -Ал енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымыз ата-аналармен бір ойын ойнап жіберейік!

Ойын шарты: Флешмоб

Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

Тақпақ:

Нұрхан МАД «Б»:

Выбрал папа елочку,

Самую пушистую,

Елочка тах пахнет,

Мама сразу ахнет.

Едіге МАД «Б»::

Дед Мороз хороший,

Хлопает в ладоши.

В валенках шагает,

Елку зажигает.

Дильназ: МАД «Б»

Новый год приходит чудо,

Целый год послушным буду.

Чтобы добрый Дед Мороз,

Мне подарок принес.

Нұртілек МАД «А»

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Әлім: МАД «Б»

Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.

Асхат МАД «А»

Ақ қар жапты мол болсын,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Аманнулла шағын-орталық:

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Айару шағын-орталық:

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, әке-шеше,

Құтты болсын жаңа жыл.

Барлықова Сайда шағын-орталық:

Аяз ата аппақ,

Печенесі таттақ.

Печенені көп берсе,

Мен айтамын тақпақ.
Сембина Сайда шағын-орталық:

Новый год, новый год,

В гости елочка придет.

Дед Мороз и зайки,

Принесут подарки.

Айгерім шағын-орталық:

Наша елка высока,

Наша елка велика.

Выше мамы, выше папы,

Достает до потолка.

Айзере Шағын-орталық:

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз Ата келгенде,

Билейміз, ән саламыз.

БИ: «Три белых коня»

Нұрхан:

Новый год приходит чудо,

Целый день послушным буду.

Чтобы добрый Дед Мороз,

Мне подарочек принес.

Мейрамбек:

Дед Мороз, открой мешок,

Расскажу тебе стишок,

Ты игрушку мне подаришь,

Без подарка не оставишь.

Ақниет:

Я поздравлю маму с папой,

Всех знакомых и друзей.

Пожелаю, чтобы стало,

Им намного веселей

МАД «А» . Мансур

Сылдырлайды моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Жаңа жылмен жолдары,

Құттықтаймыз баршаны.

(жылдам музыка ойналып, Маша шығады)

СҰЛТАН: Жібер дедім ғой.

Маша: Жібермеймін

СҰЛТАН: Жібер дедім ғой.

Маша: Жібермеймін

Аяз ата: Не болып қалды сұлтаным!

СҰЛТАН: Міне, Аяз ата! Мен бұйрығыңызды орындадым! Жап-жаңа Доңыз жылын алып келдім! Бірақ маған Маша Доңыз жылын бергісі келмейді!

Аяз ата: Маша болмайды бұл біздің жаңа жылымыз. Мында шыршаны безендіріп Жаңа жыл Доңыз жылын күтіп балалар жүр. Одан да сен бізбен бірге балалардың өнерін тамашала!

Маша: Жарайды, мен сендерге Доңызымды беремін! Бірақ маған сендер би билеп бересіңдер!

ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!

БИ: «Доңыз» биі

ХОР: «Жаңа жылым келді еліме»

1)Жаңа жылым келді еліме,

Жаңа жылым келді жеріме.

Көкейімде сайрап сан арман,

Бізді тосады бақыт алдан.

Қ-сы:

Жаңа жылым келді еліме,

Жаңа жылым келді жеріме.

Көңілді бөлейтін шаттыққа,

Әр үйді бөлейтін бақытқа-2 рет


2)Жетелейді арман алысқа,

Сағымда боп сезім табысқан.

Жаңа жылым мынау елімді,

Жеткізе бер жаңа табысқа.

Қ-сы:

Жаңа жылым келді еліме,

Жаңа жылым келді жеріме.

Көңілді бөлейтін шаттыққа,

Әр үйді бөлейтін бақытқа-2 рет


Хор: Жаңа жыл

Көк шыршамыз ырғалып,

Жатыр дала- қыр нағып 

Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !

Жарасатын еліме,

Төрлет жылым төріме !

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне!

Қайырмасы :

Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !

Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .

Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !

Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.

2.Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,

Би билейік, ал кәнекей ән салып !

Аяз ата әніміз,

Ақшақарың сәніміз,

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз !

3Күлімдесін күніміз,

Жалындасын жүзіміз,

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !

Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн,

Тілейікші елімізге сәтті күн .!


АЯЗ АТА: Ал қарақтарым Уәдемді орындап Сұлтанға немереме қосылуға рұқсатымды беремін! Бақытты болыңдар! Енді Ақшақар екеуімізге тағы да серік қосылды! Жарайды! Бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

ЕНДІ БІЗДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР БАЛАЛАР!

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

ЖҮРГІЗУШІ::

Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

(Аяз ата, ақша қар кетеді. )

Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«төрлет, құтты жаңа жыл!»

Автор: Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы

Дата: 04.01.2019

Номер свидетельства: 493789

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Төрлет, құтты жаңа жыл! (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(35) "torlet_ku_tty_zhana_zhyl_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "498101"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1549045286"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Төрлет,Құтты Жаңа жыл!"
    ["seo_title"] => string(26) "torlet_ku_tty_zhana_zhyl_2"
    ["file_id"] => string(6) "597331"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1641891706"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Төрлет құтты Жаңа жыл"
    ["seo_title"] => string(29) "torliet_k_u_tty_zhan_a_zhyl_1"
    ["file_id"] => string(6) "450696"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516212682"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді?, жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-3"
    ["file_id"] => string(6) "162629"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422376180"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Т?рлет, Жа?а жылым т?ріме"
    ["seo_title"] => string(25) "torlietzhanazhylymtorimie"
    ["file_id"] => string(6) "272845"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452074244"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства