Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:" Жасасын жеңіс"»
Тақырыбы: «Ер есімі - ел есінде» ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларды ерлікке,өз Отанын сүюге, еліміздің соғысқа аттанған ерлерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Амансыздарма құрметті қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесі және 9 мамыр «Жеңіс күні» де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбес. Және де, отан үшін құрбан болған батырларымызды әрқашан еске аламыз. Ендеше бүгінгі «Ер есімі - ел есінде» атты ертеңгілігіміз өздеріңізге арналады. Олай болса Қазақстан мемелекетіміздің әнұранымыздан бастаймыз.
Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды. Аңсар: Алақай –ай! Әйгілі! Тоғызыншы май бүгін Алғаш күні шаттықтың Соңғы күні қайғының
: Жеңіс келді далама Жеңіс келді қалама Жеңіс келді әке боп Елдегі бар балаға : Жеңіс келді ән болып Келді ауылға сән болып Жеңіс келді, алақай! Тоя жейтін нан болып : Әлем бізді ұққан күн Жауды ініне тыққан күн Батыр атам алдынан Әжем күліп шыққан күн Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Ән: «Солдат болам мен ертең» Тақпақтар: : Баламын мен бүгінде Кіп-кішкентай баламын Ертең менде өскенде Ел қорғауға барамын : Туған жердің әр тасы Маған ыстық қашаннан Бұйраланған аршасы Қорғайтын –ер боламын!
: Елін жерін сүйетін Ертеңі үшін күйетін Рухы биік ұланбыз Болашаққа сенетін!
Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? -Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б - Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік) Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал –мәтелдер қалдырған.
: Отанда –опасызға орын жоқ Ерлік –бірлікте емес жүректе : Ерлік –тәрбиеден туады Үлкенді ізетте Кішіні күзетте көр Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі не? - Бейбітшілік болсын! - Соғыс болмасын! - Достық болсын! - Адамдар бір –бірімен тату, дос болсын! - Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне би ұсынамыз.
Би: «Катюша» «Вальс»
Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге Өзіңмен нені болса көрем бірге Қалайша қабырғама батпас менің Басына қатер болды төнген күнге – дей отырып келесі өлең жырларына берейін. Ағалар саптан шықпасын Аналар қабақ шытпасын Бақытқа жетіп бар адам Сәбилер тыныш ұйықтасын
Тыныштық! Жаса тыныштық! Осы сөз бізге тым ыстық Көркейе берсін еліміз Көркейе берсін ырыс –құт! Бекзат: Жер бетінде тыныштық Баянды бақыт адамға Орнатуға далаға Сәбилік таза көңілмен Ант етеміз!