kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: "Ер есімі-ел есінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Ер есімі - ел есінде»  ертеңгілігі

Мақсаты: Балаларды ерлікке,өз Отанын сүюге, еліміздің соғысқа аттанған ерлерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Ер есімі-ел есінде"»

Тақырыбы: «Ер есімі - ел есінде» ертеңгілігі


Мақсаты: Балаларды ерлікке,өз Отанын сүюге, еліміздің соғысқа аттанған ерлерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Амансыздарма құрметті қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесі және 9 мамыр «Жеңіс күні» де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбес. Және де, отан үшін құрбан болған батырларымызды әрқашан еске аламыз. Ендеше бүгінгі «Ер есімі - ел есінде» атты ертеңгілігіміз өздеріңізге арналады. Олай болса Қазақстан мемелекетіміздің әнұранымыздан бастаймыз.

Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Тақпақтар:

1 Соғыс бұлты төнгенде,
Серік болып ерлерге.
Жаудың бетін тойтарған,
Елдің кегін қайтарған.

2 Әскеріміз айбынды,
Әскеріміз қаһарман.
Күзетеді ай нұрлы,
Күн сәулелі Отанды.

3.Шекарада күзетте,
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте,
Біз алаңсыз балалар.

4. Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасыр да қай күні.
Ұлы отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

5. Ойлап - ойлап тұрдым көп
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
жеңіс күні қай күн деп

6 Тосты бәрі құлағын;
Дұрыс десті сұрағың -
Бейбіт күннің бәрі де,
Жеңіс күні, шырағым!

7: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға


8: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып

Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Жүргізуші: Соғыс отын жақпаңдар,
Балаларды бақытынан қақпаңдар.
Жер бетінде тіршіліктің тәңірі,
Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар, -дей келе балаларды ортаға биге шақырамыз.
«Вальс» биі

Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Батырлар туралы тақпақтарымен ортаға балаларлды шақырамын

9 Сонау жылы жер - көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз,
Жаудан елді қорғаған

10 Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі,
Ұмытылмас мәңгілік.

11 Тастар көкке атылды,
Орман шулап тау құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.

12 Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн


13Пулеметті сөйлетіп
Қорғады алтын бесігін
Ұмытпаймыз өрлетіп
Мәншүк апа есімін

14 Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған

15: Әлем бізді ұққан күн
Жауды ініне тыққан күн
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн

Жүргізуші :
Талай тарих кезеңдерін өткізіп
Сырын, жырын заманына шерткізіп
66 жыл өтті міне еліміз
Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.

Ән «Ұландар күні»

Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге – дей отырып келесі өлең жырларына берейік.

16: Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын


17: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын –ер боламын!

18: Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!

19 Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын

20 Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс –құт!


21Бар сәбилер жеңіс күнін тойлайды
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

22Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата-ананың солмасыншы
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы

23 Бейбіт болып әрбір күніміз
Берекеге тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында! Соны ешқашан есімізден шығармайық. Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: "Ер есімі-ел есінде"

Автор: Балтабаева Асель Сериковна

Дата: 10.05.2018

Номер свидетельства: 468963

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "«Ер есімі ел есінде»    С. Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан   поэзия кеші"
    ["seo_title"] => string(85) "ier-iesimi-iel-iesindie-s-toraig-yrovtyn-shyg-armashylyg-yna-arnalg-an-poeziia-kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "274618"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452427495"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "«Ер есімі ел есінде»    С. Торай?ыровты? шы?армашылы?ына арнал?ан   поэзия кеші"
    ["seo_title"] => string(87) "ier-iesimi-iel-iesindie-s-toraig-yrovtyn-shyg-armashylyg-yna-arnalg-an-poeziia-kieshi-1"
    ["file_id"] => string(6) "274619"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452427502"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "« Ер есімі- ел есінде» "
    ["seo_title"] => string(25) "ier-iesimi-iel-iesindie-3"
    ["file_id"] => string(6) "205112"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429798595"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Ер есімі- ел есінде""
    ["seo_title"] => string(25) "ier_iesimi_iel_iesindie_6"
    ["file_id"] => string(6) "420988"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496900917"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Ер есімі-ел есінде""
    ["seo_title"] => string(25) "ier_iesimi_iel_iesindie_7"
    ["file_id"] => string(6) "421704"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1497422591"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства