kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздіктің ақ таңы

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәуелсіздіктің ақтаны балаларға арналған ертеңгілік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздіктің ақ таңы»

Тәуелсіздік-ақ таңы. (Ертеңгілік)

Балалар музыка әуенімен сап түзеп жүреді.

Ата толғау күй әуенімен қолына ұршығын алып,әже келіп отырады.

Қолында қамшысы бар бала атқа мініп ойнап жүреді.Ол әжесіне жүгіріп келіп,мойнына асылады.

Бала: Әже не істеп отырсыз?

Әже: Құлыным мен ұршық иіріп отырмын.Кел,қасыма отыр,шаршаған шығарсың ойыннан.

Бала: Әже,біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз.Мемлекеттік Әнұранды орындадық.

Бала: Әже, «Тәуелсіздік»деген не?

Әже: Е.... құлыным «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Қайсар,батыр аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық.Өзіміздің Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар Аллаға шүкір.

Бала: Әже мен сізге тақапақ айтып берейін ба?

Әже: Айта ғой,құлыным.

Бала: Ылғи өрге өрлеген,

Бақыты бұл халықтың.

Мейіріммен тербеген,

Тәуелсіздік жарық күн!

Әже: Ой,ақылдым,өркенің өссін!

Бала: Әже мен ұйықтап алайынщы шарщадым.

Әже: Ұйықтай ғой,құлыным. ( музыка әуенімен бала ұйықтайды)

Әже тұрып кетеді. (бала түсіне Ата енеді)

Бала: Ассалаумағалайкум Ата!Сіз кім боласыз?

Ата: Мен сендердің бабаларың болам.

Ей,балақай,қазақ халқының болашағы сендерсіңдер.Қазақ деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. (Бала ұйқысынан оянады)

Бала: Әже,әже.

Әже: Құлыным,не болды? Түс көрдің бе?

Бала:Ол маған жанып тұрған тшырақ берді.

Әже: Құлыным,қандай жақсы түс көргенсің. «Шырақ»деген-бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі.

Бала: Әне,әже,жарқырап күн шықты.Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.Туымыз да желбіреп тұр.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,балалар және қадірменді қонақтар!

Егеменді еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын!

Біздің Қазақстанымыз туған еліміз,туған жеріміз егеменді ел болып Тәуелсіздік алғанына 25-жыл толыпты.

Құрметті ата-аналар,қонақтар!Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік тірегі-тұтастық»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Би: «Жүрегің қазақ»

Жүргізуші:Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке-Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

Бүгінгі ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Гимінімен бастаймыз.

Жыр-шумақтар.

Ән: «Егемен ел»

Жүргізуші:тарих парақтарына көз жүгіртетін болсақ,еліміздің бірлігін сақтаған,үш кемеңгер дүлділім өткен өмірден.Олар-қазақта қара қылды қақ бөлген Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би.

Күй әуенімен үш би келеді.

Қазыбек би:Біз қазақ мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,-найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Әйтеке би: О,Ұлы халқым!

Биікке шықсаң жолың ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң,көзің ашылады.

Менің балаларға айтпағым: Ашу деген ағын суалдан ашсаң арқырар,

Ақыл деген дария,алдын тоссаң тоқырар.

Төле би: Уа,халқым,сөз қадірін білесің,

Жаңбыр жаумаса- жер жетім,

Басшы болмаса-Ел жетім

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

Төле би:Біріншіден- бірлігі кеткен ел жаман

Екіншіден -егесіп өткен ер жаман.

Үшіншіден-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да,

Қурамайтын құрақ жок.


Қазыбек би: Өркенің өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе,.

Жүргізуші:Билесе тал шыбықтай мың бұралған,

Киінген көркіне сай тауып талғам.

Биі де,киімі де жарасымды,

Өзіндік бір үйлесім тауып алған.

Жыр-шумақтар.

Орталарыңызда республикалық байқаудың жеңімпаздары қазақтың ұлттық биі: «Шашу» биімен биші қыздарымыз.

Тәуелсіздік мерекесіне арнап кішкентай бүлдіршіндеріміз жыр шумақтарын тарту етеді.

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.


Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін,

Серпіп тастап мұнда жүрген түндігім,

Шарықтайық,шаттанайық,тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін бірге тойлайық!


Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен жылы ағыс

Егемендік-ел бақыты ертеңі,

О,халайық

Құтты болсын қуаныш.

(күй ойналып Алтын адам кіреді)

Алтын адам: Амансыңдар ма,балалар!

Жүргізуші: Амансыз ба,Алтын Адам бізге қонаққа келіп қалыпсыз Төрлетіңіз,қонағымыз болыңыз!

Алтын адам:Иә,балалар сендер мені біледі екенсіңдер. Мен сендердің бабаларың болам!Сендердің бүгінгі мерекелерің құтты болсын!

Ал,енді осындай мерекеде өнерлеріңді көрсете қойыңдар.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз,

Біз сол үйдің гүліміз,

Біз сол үйдің сәніміз.....

Ән: «Балабақша»орындайтын: «Қызғалдақ»тобының бүлдіршіндері

Алтын Адам: Бәрекелді,балалар мен сендерге ризамын,өнерлерің де тамаша екен!

Көтеріліп шаңырақ

Уықтары шаншылар,

Керегелер керіліп

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз боп көрінер.


Ал,енді балаларым мерекенің сәні ойынсыз болмас,мен сендерге көңіл-күйлеріңді көтеруге «Шаңырақ»ойынын ала келдім.

Ойын «Шаңырақ»

Тасысын шалқып әніміз

Жадырасын жанымыз.

Мерекңмен құттықтап,

Ән саламыз бәріміз.

Ән: «Отан-ана»

Ендігі кезекті жыр-шумақтарға берейік.

Өзіңдікі-Елің де,

Өзіңдікі-жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік-төрінде!

Асқар тауым-Қазақстан

Әсем әнім-Қазақстан.

Қазақстан-Отаным деп,

Әрқашанда мақтана алам.


Жүргізуші:Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала болар ма?-демекші,балалар сендермен «Шаңырақ»ойынын ойнағым келіп тұр.

Ойынның шарты:Ортада екі шаңырақ тұр.Әуен ырғағы ойналғанда екі шаңырақты айналып билеп жүру керек.Әуен тоқталғанда әр бала өз шаңырағының уығын жылдам ұстап қалуы керек. Шаңырақтағы уықты кім жылдам ұстап қалса,сол шаңырақтың ойыншылары жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміз мерекеге арнап,жыр-шумақтарын тарту етеді.

Жүргізуші:Кішкентай балғын бүлдіршіндеріміздің орындауында «Жалаушалар»биін қабыл алыңыздар.

(күй әуенімен Ата кіреді)

Ата: Есенсіңдер ме,бүлдіршіндер!мені таныдыңдар ма?

Бала: Иә,Ата мен сізді түсімде көрдім,сіз үлкен Атасыз ғой.

Ата: Иә,балалар сендер мені біледі екенсіңдер. Мен үлкен Атамын!Сендердің бүгінгі мерекелерің құтты болсын!

Ал,енді осындай мерекеде өнерлеріңді көрсете қойыңдар

Жыр-шумақтар.


Жүргізуші: Ал,енді ата , Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер,-дегендей Ата өзіңізден бата күтеміз.



Бата: Жаратқан ием,құдірет

Ақ батамды қабыл ет.

Ұлдарыма қуат бер,

Қыздарыма ұят бер.

Аман сақта жерімді

Тыныштық заман болсын,

Ел-жұртым аман болсын! Әумин!

Ата: Ал,енді кішкентай бүлдіршіндер менің де уақытым болып қалды,басқа балабақшаларға да барып мерекелерімен құттықтауым керек. Өз Отандарыңды сүйіп өсетіндеріңе,Отаным деп Қазақстанды көркейтуге күш салатындарыңа мен сенімдімін! Аман,сау болыңдар

Жүргізуші:Балалар мен қазір сендермен «Кім жылдам?»атты ойын ойнағым келіп тұр.Ойынның шартын мұқият тыңдап алыңдар.Бұл ойынға екі бала қатысады.Ортада екі орындық және лента бар.Музыка әуенімен екі бала орындықты айналып жүріп,әуен тоқтағанда орындыққа тез отырып қалып,лентаны тартып алуы керек.Лентаны жылдамдықпен кім бірінші алады,сол жеңімпаз болып аталады.

Жүргізуші:Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде.Балалары бақытты елдің ертеңі жарқын.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі.Мемлекетіміздің басты байлығы,әрі тірегі»-демекші Қазақстан еліміздің ертеңгі иесі ол-біздің бүлдіршіндеріміз.Олай болса,бүлдіршіндеріміздің орындауында «Егемен ел-Қазақстан»атты әнін қабыл алыңыздар.

Міне,осымен Қазақстанның Тәуелсіздік алған мерейлі күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі-тұтастық»атты ертеңгілімізді аяқтаймыз. Әрқашан күн сөнбесін,аспанымыз ашық болсын,заманымыз тыныш болсын,тек Қазақстанда ғана емес,бүкіл әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын.Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздіктің ақ таңы

Автор: Тулегенова Гульбану Аркабаевна

Дата: 27.12.2016

Номер свидетельства: 373768

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Т?уелсіздікті? а? та?ы»"
    ["seo_title"] => string(20) "tuielsizdiktinaktany"
    ["file_id"] => string(6) "258763"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448558110"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім""
    ["seo_title"] => string(45) "tuielsizdiktilieghimielimdiepsokkanzhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "281433"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453533366"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Мемлекеттік р?міздер-Т?уелсіздікті? кепілдемесі "
    ["seo_title"] => string(55) "miemliekiettik-r-mizdier-t-uielsizdiktin-kiepildiemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "156056"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421348227"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы"
    ["seo_title"] => string(36) "zhieltok_san_t_uielsizdiktin_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "358993"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479156914"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Т?уелсіздікті? жа?а белестері» "
    ["seo_title"] => string(35) "t-uielsizdiktin-zhan-a-bieliestieri"
    ["file_id"] => string(6) "195987"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427988686"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства