kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіздікті? жа?а белестері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды ?аза? хал?ыны? т?уелсіздік жолында?ы ерлік к?ресімен,

?ол жеткен жетістіктерімен ?ыс?аша таныстыру. ?аншама ??рбанды?пен ?ол жеткен т?уелсіздігімізді ??рметтей,?астерлей білуге т?рбиелеу, ?аза?станны? келешегі ?шін аянбай к?ресуге ж?нее?бек етуге баулу.Патриотты? т?рбие беру.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, слайд, ?аза?стан Республикасыны? р?міздері, на?ыл с?здер, ма?ал-м?телдер,плакаттар, суреттер, т.б.

Жоспар:

Тарихи шолу
2.Т?уелсіздік ал?аннан кейінгі жетістіктер
3. "К??іл ашар" б?лім
4. Сергіту с?ті (О?ушылармен бірге)
5. ?йге тапсырма «М??гілік ел-б?л бізді? ел» та?ырыбында ой тол?ау
6. ?орытынды

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру кезе?і: О?ушылармен амандасу

М??алім: Б?гінгі ?тетін ашы? саба?ымызды? та?ырыбы: 16-желто?сан?аза?станны? т?уелсіздік к?ніне арнал?ан «Т?уелсіздікті? жа?а белестері».

?н?ран орындалады.

Т?рбиеші:: Т?уелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Т?уелсіздікхал?ымызды? бостанды?ы мен дербес даму жолында?ы сан ?асырлы? к?ресіні?тарихи н?тижесі.Биыл елімізді? Т?уелсіздігіне 23 жыл толып отыр. Т?уелсіздік ата-бабаларымызды? асыл-арманы,ма?сат-м?раты еді.Ол к?нге жетіп отыр?ан ?зімізді ба?ыттымыз деп есептейміз. Т?уелсіздік –киелі де ?астерлі ??ым. Б?ны ?зге т?сінбесе де ке? сахараны ен жайлап,еркін к?шкен ?аза? хал?ыны? ??ынары аны?. Осы жолда ?ыршынынан ?иыл?ан бозда?тарды ?мытпай,оларды? есімін д?ріптеу-бізді? азаматты? борышымыз. Т?уелсіздігіміз т??ырлы, азатты?ымыз арайлы болу ?шін Отанымыз?а кіршіксіз ?ызмет етейік!

Тарих?а шолу жасау

Н?рдаулет. ?йгілі Т?ле, ?азыбек, ?йтеке билерді? ?йыт?ы болуымен?анжы?алы Б?генбай, ?аракерей ?абанбай, Шапырашты Наурызбай,Ша?ша??лы Ж?нібек, Баян батыр, К?кжал Бара? секілді к?птеген батырлар?аза? хал?ын ?аза?ты? ханы – Абылай ханны? а? туыны? астына біріктіріп,жо??ар шап?ыншылы?ынан толы? азат етті.XVIII ?асырда ?аза? ханды?ыны? т?уелсіздігіне ?атер т?ндірген тек?ана Жо??ар ханды?ы ?ана бол?ан жо?.

А?маралО?т?стіктен Хиуа, ?о?ан, Б??арханды?тары к?з алартса, Батысы мен Солт?стігінде ?алма?тар, баш??рттар,казак орыстар ?немі шап?ыншылы? жасаумен болды.?аза? хал?ын аман алып ?алу ?шін осындай ?ысылтая? кезде?біл?айыр баста?ан ?аза? с?лтандары, билері мен бір топ батырлары Ресейимпериясыны? ??рамына кіре бастады. С?йтіп, ?аза? хал?ы т?уелсіздігіненайырыла бастады.

Диас. Ресей империясыны? отаршылды? ж?не орыстандыру саясатына?арсы ?аза? хал?ы сан рет ?лт-азатты? к?теріліске шы?ты.XІХ ?асырды? 40-50 жылдарында?ы Жан?ожа батыр баста?ан?аза?тарды? Хиуа, ?о?ан хандарды? езгісіне ?арсы к?ресі.1870 жылы Ма??ыстау ?аза?тарыны? к?терілісі.1783-1797 жылдары Сырым Дат?лы бас?ар?ан шаруалар к?терілісі.

Айжан1836-1838 жылдары Исатай Тайман?лы мен Махамбет ?теміс?лыбас?ар?ан шаруалар к?терілісі.. 1837-1847 жылдары Кенесары ?асым?лы бас?ар?ан ?лт-азатты?к?теріліс.1916 жылы ?лт-азатты? к?теріліс, 1917 жылы А?пан ж?не ?азант??керістері болды. Азамат со?ысы жылдарында шаруашылы? к?йзеліске?шырап, адамдарды? ашаршылы??а душар болуынан 950 мы? ?аза?, я?нихал?ымызды? 19 пайызы апат болды. 400 мы? ?аза? отбасы елден кетугем?жб?р болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздікті? жа?а белестері» »

Күні : 11.12.14ж

Сыныбы: 9 «ә» сынып

Сабақтың тақырыбы «Тәуелсіздіктің жаңа белестері»

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен,

қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей,қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,плакаттар, суреттер, т.б.

Жоспар:

Тарихи шолу
2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктер
3. "Көңіл ашар" бөлім
4. Сергіту сәті (Оқушылармен бірге)
5. Үйге тапсырма «Мәңгілік ел-бұл біздің ел» тақырыбында ой толғау
6. Қорытынды

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу

Мұғалім: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің жаңа белестері».

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші:: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 23 жыл толып отыр. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың асыл-арманы,мақсат-мұраты еді.Ол күнге жетіп отырған өзімізді бақыттымыз деп есептейміз. Тәуелсіздік –киелі де қастерлі ұғым. Бұны өзге түсінбесе де кең сахараны ен жайлап,еркін көшкен қазақ халқының ұғынары анық. Осы жолда қыршынынан қиылған боздақтарды ұмытпай,олардың есімін дәріптеу-біздің азаматтық борышымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, азаттығымыз арайлы болу үшін Отанымызға кіршіксіз қызмет етейік!

Тарихқа шолу жасау


Нұрдаулет . Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай,Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырларқазақ халқын қазақтың ханы – Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп,жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті. XVIII ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген текқана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ.

Ақмарал Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқархандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар,казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды. Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігіненайырыла бастады.

Диас. Ресей империясының отаршылдық және орыстандыру саясатына қарсы қазақ халқы сан рет ұлт-азаттық көтеріліске шықты.XІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Жанқожа батыр бастағанқазақтардың Хиуа, Қоқан хандардың езгісіне қарсы күресі. 1870 жылы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі. 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі.

Айжан 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлыбасқарған шаруалар көтерілісі.. 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс.1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазантөңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліскеұшырап, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғнихалқымыздың 19 пайызы апат болды. 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

Бексұлтан 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 100 мы ң қазақ қырылды.1937-1938 жылдардағы репрессияда қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып айыпталды. Сол абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

Аружан Ж 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширекғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттенкелген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ халқының наразылығынтуғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды

Серік Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17

желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттіңжарлығымен ақталды.

Кұндызай Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерінүзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

Нұрсұлтан. Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі.Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық-коммунистік жүйеніңкүйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағыныштыболып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарыныңтөгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді



Тәрбиеші сөзі

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.

Егеменді ел болды.

Төл теңгесін шығарды.

Ата заңын қабылдады.

Мемлекеттік Рәміздерін белгіледі.

:Алғашқы Президентін сайлады.

Ел таңдаған елбасы ел басқару ісінде бірден-бір стратегиялық бағытты таңдай білді.


Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктер


Мұғалім: Тәуелсіздіктің 23 жылдығы дегеніміз-өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері.Осы жетістіктерге біз маңдай терімізбен қол жеткіздік.Бірақ алдымызда әлі де алар асулар,бағындырар белестер көп. Біз өткен 23 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз ұрпақ жадысында ,есінде қалдырып,еліміздің болашақ тағдырын ,тарихын ,салты мен саласын дәріптеуіміз керек.Осы 23 жылдағы жеткен жетістіктеріміз өткен күннің жемісі болып саналады.


Енді балалар мен сендерге осы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жетістіктеріміз аясында сұрақ тар қоямын ,мұқият тыңдап жауап береміз:


1991 жылы Қазақстан елі үшін қандай жетістіктерге толы жыл болды?


(1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. 1991 ж. 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды).


1992 жылы болған елеулі оқиғалар

(2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.. 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріқұрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.


1993 жылғы жетістіктер.

(28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы –Конституция қабылданды. 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.)


1994 жыл

(30 маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Т.Мұсабаев аспанға айлық сапарға аттанды)


1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды.


1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.


1997 ж. 10 желқтсоанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды. ПрезидентЖарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.


1998 жыл халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы


1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.


2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

  Сұрақ Түркістан қаласы қай облыста ? Неге шежірелі қала дейміз?


 2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.


2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.


2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .


2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып , көптеген шаралар өткізілді


2006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл.Желтоқсанға 20 жыл.7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.


2007 жыл.Қазақ тілін қолдау жылы.


2008жыл .Халық санағы болды.Астанаға 10 жыл.


2009 жыл.Қазақстанның Украинадағы жылы.


2010 жыл.Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті.


2011 жыл.7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті.

3 сәуір кезектен тыс Президенттік сайлау.Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

16 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.

2012ж 14 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті «Қазақстан 2050 стратегиясы» жолдауын халыққа жария етті. Дәл осы жылы біз «Қазақстан ЭКСПО 17 » атты мәдени көрме ұйымдастыруға құқық алдық.

2013 жыл Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің 22 жылдығын тойлады.

2014 жыл 11 қарашада ҚР Президенті Н.Ә Назарбаева өзінің кезекті жолдауын халыққа жария етті. «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол»

Елбасы өзінің әрбір жолдауында еліміздің экономикалық жағдайы мен өз елінің дамуына зор ықпалын тигізіп отырды.


Деңгейлік тапсырма : Оқушылар жұптасып «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» тақырыбынла ассоцация құрғызып , сол жұмыстарына талдау жүргізу

Сергіту сәті (Оқушылармен бірге)

Кері байланыс

Қорытынды сөз: Осыдан 23 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл-ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім егемендігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызғы күмәнданған жандар да болған. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз – Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы - Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін жадында мәңгілік жазып кетті.Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләзаттың, Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхаметжанқызы Сәбираның, Ноғабайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері арқасында бұл күнде туымыз асқақ желбіреп тұр!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!- деп тілей отырып, мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі.

Еліміздің ертеңі үшін еш аянбай еңбек етіп, оқу оқып, білім игеру қажет. Жас Тәуелсіз мемлекеттіміздің іргетасының беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту – ең басты парызымыз деп түсінуіміз қажет.


4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат







Тәуелсіздіктің жаңа белестері

( ашық сабақ )








Сыныбы: 9 «ә» сынып


Тәрбиеші: Тулеген Мадина


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Т?уелсіздікті? жа?а белестері»

Автор: Тулеген Мадина Самет?ызы

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195987


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства