Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік ұландары"»
Тәуелсіздік ұландары
Мақсаты. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал – мәтел, тақпақтар арқылы ой – өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тіл дамуына ықпал ету
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып: Құрметті «Айгөлек» тобының сүйкімді бүлдіршіндері, апайлар, әріптестер. Сіздерді бүгінгі таңда жер – жерде, ел – елде ірі көлемде тойланып жатқан Ассамблеяның 20 жылдығымен құттықтаймын.
Шаттық шеңбері
Біз бақытты балақан
Қос аяқты тең басқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәрімізде біргеміз
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл – қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің кең – байтағын ақын ағаларымыз жырын жырлап кеткен. Сол жырларды жаттап, санамызға түйіп елімізді сүйетін патриот азаматтар болу міндетіміз.
І кезең
Гүл оранған даламыз
Гүл жайнайды қаламыз
Оқып білім аламыз
Біз бақытты баламыз
Қазақ жері – Қазақстан
Мөлдіреген ашық аспан
Алыс кетсем, сағынамын
Отаным сен Қазақстан
Биік болсын шоқтығың
Атыңды айтам ән қылып
Желбірейді көк туың
Төбемізде мәңгілік
Асыл өлкем ерекше
Қазақстан – мекенім
Беп – белгілі емес пе?
Сенің ғажап екенің
Халық үшін елбасы
Әскер үшін қолбасы
Нұр ағамыз әрқашан
Елімізді қолдасын
Тәуелсіздік ұлы күнім
Тұрсын жайнап төбемізде
Жиырма бес жыл құтты болсын
Тәуелсіздік күніне
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел есіне қалған күн
Ерте ғасырдан әдеби ауыздан – ауызға жалғасып келе жатқан салт – дәстүріміздің бірі – мақал – мәтел. Ендеше келесі кезеңіміз мақал – мәтел деп аталады.
ІІ кезең Мақал – мәтел
Отан елдің анасы
Ел – ердің анасы
Отан отбасынан басталады...............
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол
Туған жердің түтіні ыстық
Адам елінде көгерер
Қоға көлінде көгерер
Өз елім өлең төсегім
Туған елдей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
Аққау көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды
Балалар сендер қай елдің азаматысыңдар?
Ендеше сендер Қазақстанның азаматы болсаңдар мына тапсырмаларды білуге тиіссіңдер
3 кезең «Кім тапқыр?»
Экранда көрсетілген суреттерден дұрыс жауабын табу
4 кезең «Кім жылдам?»
Балалар қазақ дегенде киіз үй, жылқы, домбыра елестейді. Олар егіз сияқты. Ендеше, алдарыңа берілген қиындылардан аталған суреттерді құрастырайық.
Қазақ елінде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар тату – тәтті өмір кешуде. Сол достығымыздың белгісі ретінде көріністі тамашалайық.
Көрініс. Орыс, өзбек, корей,қазақ қыздары достық жайлы көрініс қояды.
Қорыту. «Тәуелсіздік ұландары» сайысына қатысқан балалар марапатталады.