Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
«Тәуелсіздік-ел тірегі»
Музыка ойнап тұрады. Ортаға балалар жалаумен шығады.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты ертеңгілігімізге қош келдініздер. Осындай мерекеде баршаңыз бақытты өмір сүріңіздер. Отан сүйгіш азаматтары болыңыздар. Слайд көрсету. (Рәміздер мен Қазақстан қалаларын көрсету)
Отан туралы тақпақтар айту.
Нұрилла: Құт даламыз-асыл ән,
Қараймын да тасынам.
Қазақстан картасы
Құшақтай кең ашылған.
Ерасыл: Отан-деген Атамекен
Отан-деген туған жер
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан туған ел.
Айару: Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай тереміз
Кең өлкенің қырларын
Жүр аралап келейік.
Жанболат: Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Мансұр: Отан сенің ата-анаң
Отан досың-бауырың
Отан-өлкең, Астанаң
Отан-туған ауылың
Кәусар: Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанам
Ұранға алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
Шапағат: Тәуелсіз мен білсем
Той-мейрамнан басталар
Ел мен жердің байлығын
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт