Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіз елдің көшбасшысы».»
Тұңғыш президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы».
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздердің мағынасын кеңінентүсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді Бейнетаспадан қазақ елі, тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.
Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалды.
Қазақстан Республикасының картасын көрсету.
Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан – ғасыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері – бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Көркем сөз: «Бұл біздің- Қазақстан!»
Оқушыларға сұрақтар:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті кім?
Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елордасы қандай қала?
Астана бас қала
Қазақстан, егемен, тәуелсіз сөздеріне сөйлем құрастыру.