Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Мақсаты: Оқушылардың сабаұта алған білімдерін анықтап жүйелеу, танымдылығын, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу, әр пәндер бойынша білім қабілеттерін тексеру, 3 сыныптар арасында көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, нақыл сөздер
Жүргізілу барысы:
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Матаматика елінде
Есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешіп, аңдысып
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Әр сабақтың бәрі бар.
Ал, сайскер балалар,
Білімдеріңді сынаық,
ХХІ ғасыр көшбасшысын табайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! 3 сынып оқушылары арасындағы жүргізіліп отырған сайысымызға қош келдіңіздер!
Әділқазылар алқасын сайлау.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы- барлығының
Қатты істейтін миы бар.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылыұ пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Әр сабақтың сырыңа.
Қадамдарың оң болсын
Сәт- сапар енді тілейік!
Сайыскерлерді ойын ережесімен таныстырп өту.
Сайысқа барлығы 8 оқушы қатысады. Ойын:
І айналым ТАНЫСТЫРУ
ІІ айналым БӘЙГЕ
ІІІ айналым ТІЛ-ӨНЕР сайысы
ІV айналым «ҚЫЗЫҚТЫ ПӘНДЕР»
V айналым ЖОРҒА айналымдарынан тұрады. ІІ айналымнан кейін, ұпайы ең аз деген 2 оқушыдан шығып отырады.
І айналым ТАНЫСТЫРУ
1. «ЖҮЙРІКТЕР» 3 «А»
2. «БІЛІМДІЛЕР» 3 «Ә»
ІІ айналым БӘЙГЕ
Бәйнге айналымы бойынша жалпы 20 сұрақ қойылады, дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Ұпайы ең аз 2 оқушыны ойыннан шығару.
ІІІ айнылым ТІЛ- ӨНЕР
Бұл айналымның ережесі бойынша сайыскерлерге мақал- мәтелдер қойылады, жалғасын табу, сондай- ақ жұмбақ жасырылады, шешуін тауып орыс тіліндегі аудармасын айту, дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
Атадан кім озады?
3. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар- қыруар іс өнер.
Су астында өыстайды.
Өзі қалып орнында
Бізді алға көшірді.
Елеңдеп қорқып тұрады.
10. Сөзі дана үйі жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ
Ұпайы ең аз 2 оқушыны ойыннан шығару.
ІV айналым «ҚЫЗЫҚТЫ ПӘНДЕР»
Бұл айналымда әр пән бойынша сұрақтар қамтылып, 10, 20, 30 ұпайларымен белгіленген 9 ұяшық беріледі. Таңдаған ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтың ұпайын иеленеді.
Сол жақтағы «10»
Сын есім дегеніміз не?
Ортадағы «10»
Адамға ең қажетті жағдайлар
Оң жақтағы «10»
Әріпті өрнек дегеніміз не?
Сол жақтағы «20»
9 санының квадраты қанша?
Ортадағы «20»
Абай атамыздың табиғат жайындағы өлеңдерін ата
Оң жақтағы «20»
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сол жақтағы «30»
«Оқу инемен құдық қазғандай» мақалдың мәнін тусіндір.
Ортадағы «30»
904 және 600 сандарының айырмасына 58 санын қос.
Оң жақтағы «30»
ЖАҒДАЯТТЫҚ СҰРАҚ
Ұпайы ең аз 2 оқушыны ойыннан шығару.
V. Жорға ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫН (ЭССЕ)
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы Л А У
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт