Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім»»
№4«Қызғалдақ» ортатобының
Тәуелсіздік мерекесінеарнаған «Тәуелсіздік тірегім,елім депсоққан жүрегім» атты мерекелік
ертеңгілігі.
Мақсаты:
Бүлдіршіндерге Тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік қалыптастыру. Бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие беру.
Іжүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, ұстаздар! Алдымызда еліміздің салтанатты да мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік күні келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі баршаңызға құтты болсын! Осы біздің «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен дайындалған «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты мерекеге қош келдіңіздер! Олай болса
бүлдіршіндерімізді ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
(музыка әуенімен балалар ортаға шығады)
ІІ жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке – «Тәуелсіздік күні!». 1991 жылғы 16 желтоқсан. Бұл күні – қазақ
халқының ұлттық тарихында алтын әріппен жазылған күн. Бұл күн - сөнген шырақтың қайта жанған күні. Ал бүгінгі қазақ елі – ата-бабалар аңсаған тәуелсіз, егемен ел.
Шарықта, шарла көкте көк байрағым, Арманым – Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа, Өлеңмен алтын шашақ ,шоқ байладым. Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным, Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
(әнұран орындалады)
Іжүргізуші: Естіртем бар әлемге үніңді де,
Туған ел, арт, көтерем жүгіңді де. Отаным Қазақстан өрге басқан, Тәуелсіз мен қазақпын бүгін міне.
Темірхан
Құтты болсын ағайын,
Тәуелсіздік мереке,
Тілейміз біз сіздерге
Ырыс,бақыт,береке.
Әлия
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп, халқымыз әрқашан
Кетпесін туған жердің берекесі.
Еркежан
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
ІІжүргізуші: Балалар, мерекелі күндері барлық қалаларында мемлекеттік рәміздерін безенірген. Осы мерекеміз өтіп жатқан ортамызды біз де жалаушалармен безендірейік. (Құмыраға жалаушаларын салады)
І жүргізуші: Біздіңхалық тәуелсіздікке жету үшін көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Басқа мемлекеттер сияқты біздің еліміздің де өз рәміздері бар.Қане өзіміздің рәміздерімізді атап беріңдерші.
Балалардың жауабы: Әнұран, Елтаңба, Ту. Бұл мемлекеттік рәміздер сияқты біздің еліміздің қасиетті белгілері біздің республикамыздың азаматтары оны біліп, сақтап, құрметтеу керек.
ІІжүргізуші: Шуағынан сәуле шашқан күні бар,
Екпіндеген ақ қыранның үні бар.
Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай
Қазағымның желбіреген туы бар.
І жүргізуші: Шаттанғанда шырқалады әнұран.
Мақтанғанда шырқалады әнұран.
Ту,елтаңба – егемендік белгісі
Осылармен әлем бізді таныған.
Ясин
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді елімнің,
Болашағы бірлікте.
Аружан
Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған,
Аға, әпкелеріміз.
ІІ жүргізуші: Қазақ елі, желбіреп көк байрағың, Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады, Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Биханым
Өзіңдікі елің де,
Өзіндікі жерің де,
Өзіңді – өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.
Ермухамед
Тәуелсіздік байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел – Қазақстан
Көркіне – көркі жарасқан.
Самат
16-шы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
І жүргізуші: Балалар, сендер Отан, Қазақстан туған жер туралы тақпақтар көп біледі екенсіңдер! Жарайсыңдар! Ал мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Ясин
Отан – оттан да ыстық.
Мансур
Өз елің – алтын бесігің
Інжу
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Еркежан
Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Аружан
Отан – ана, отан – пана,
Қазақстан туған ел.
Бексултан
Отанды сүю отбасынан басталады.
ІІ жүргізуші: Еліміз тәуелсіздік
алғаннан кейін сарыарқаның
төрінде елбасымыздың қалауымен
Астананың символы есебінде
Бәйтерек монументі бой көтерді.
- Ертеде бәйтеректің басында қасиетті Самырық деген құс болыпты. Ол бәйтеректің ең
басына жұмыртқа салады.Бірақ оны айдаһар жеп қояды.Бірде бәйтерек басына өрмелеп бара жатқан айдаһарды көрген Ертөстік оны жебемен көзінен атады.Сөйтіп Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман
алып қалады. Сол бәйтерек Есілдің сол жағалауында Астанада бой көтерді.
(балалар бәйтеректі құрап шығады)
Еркежан
Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы
Неткен ұлы, неткен кең
Қазағымның даласы.
Алим
Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,
Қазақ елің, қазақ жерін Қазақстан.
ІІжүргізуші: Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Туған елім, көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
«Менің отаным» әні
Іжүргізуші:
Нариман
Отан ұран,Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Алдияр
Отан елім, Отан жерім, Отан суым
Отан қуат нәр береді.
Әлия
Отан-ана, Отан өлкең, Қазақстан туған ел.
Аль Мансур
Отан деген – атамакен
Отан деген – туған жер.
Іжүргізуші: Қазақстан менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған.
Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті кемелді,
Жайна мәңгі – Қазақстан Гүлстан!
ІІ жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.
Мерейін құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Қамықпаған қиындықтың жүгінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз!Тәуелсіздік күнімен!
Ата-аналармен балалардың біріккен шығармашылық жұмысы; «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында сурет салу А4 қағазға!
Іжүргізуші: Бүгін , міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.
ІІ жүргізуші: Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбәр таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін. Сау болыңыздар!