kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Батыс ?аза?стан облысы Теректі ауданы Жайы? НОББМ

Нажмите, чтобы узнать подробности

                 Батыр апаларды? рухымен сырласу.

Міне, Же?іс к?ні де жа?ындап ?алды.Аталарды? ?анымен, ?ыршынынан ?иыл?ан жастарды? ерте ?зілген ??мырымен, а?ырап ?ал?ан ананы? к?з жасымен, ?кесін іздеп, а?са?ан баланы?  сар?ай?ан са?ынышымен келген Же?іс. Тым ?ымбат?а т?сті- ау, Же?іс! Со?ыс бозда?тарын жалма?ан талай ша?ыра? ортасына т?сті, ??мыр бойы жары? тосумен ?ткен жас жесірлер ?мірін ?ксумен ?ткізді. ?ыз?алда?тай ?ыс?а ??мыр кешкен, жауына о? болып атылып,"елім","ж?ртым" деп со??ан ж?регін жау?а тос?ан батыр апаларымызды?  рухына бас иемін. Ал, б?гінгі жас ?рпа?, батыр апаларымызды? к?зсіз ерлігін ?айталай алар ма едік ?

  " Болат ?айнауда шыны?ады,

  Батыр майданда шыны?ады"-дейді халы? даналы?ы.

Кеше ш?кірттерім батыр апаларымыз М?нш?к М?метова мен ?лия Молда??лова ?мірінен деректер жинап, со?ыста?ы ерлік істері туралы шы?арма жазып келіпті. Б?ріде батыр апаларындай елін ?ор?а?ан ?лтжанды, Отанын с?йген ?л-?ыздары болып ?скісі келеді.

-М?нш?к пен ?лия апалар нені армандады екен ?-деп с?ра? ?ойды бір ш?кіртім.

?рине, олар а? к?гершін аспанда ?алы?тап  ?ш?ан  бейбіт ?мірді а?сады,сол ?шін ??рбан болды. Біра?, о?ушымны? осы с?ра?ы жанымды жай таптырмады. Армандарына жете алма?ан, ?ыз?алда?тай ??мыр кешкен, аяулы батыр апаларым,мен сіздермен сырластым.

Сендер ?нсіз с?йлеп т?рды?дар. Жансыз суреттегі жанарлары?да ?анша м?лдір м??, ?мірге і?к?рлік, елге са?ыныш, Отан?а адалды? сезімі жатты десе?ші.

?лияны?  а??у арманы:

-Ия, біз ?ыз?алда?тай ??лпыр?ан,?мірге ?ашы?, жау?азындай жа?а ашыл?ан г?л едік. Біз де а? селеулі ке? далада желмен жарыса ж?гіріп, г?л теріп,бозбала жігіттерге ?рлана к?з тастауды, бір ?лкен ша?ыра?ты? отын жа?ып,бесік тербетуді армандаушы едік. Біз ?лі ашылма?ан г?л едік,ата-анамызды? ?лпештеген балапаны едік. Біз о?у бітіріп,елімізге пайдамызды тигізіп, хал?ымыз?а е?бек етсек  деп армандайтын едік.

         Мен А?т?бені? ?лиясы болсам,М?нш?к А? Жайы?ты? аяулы ?ызы еді. Оны?да мені? де ж?регім "Отан" деп со?атын.

 Ия, біз ?мірге ?лердей ?ашы? едік. Мен ?обданы? суына,М?нш?к Жайы?ты? суына шомылып шашын тарап, енді ?ана бой жетіп келе жатыр едік. А??у-арман!  А??у-арман бізді алыс?а жетелейтін,  ж?регіміз л?пілдеп, ?мірге енді ?ана ?адам бас?ан едік. Біра?.  Біра?.

         С?м со?ысты сендер к?рмендер, жас ?рпа?! С?м со?ысты? ажал о?ы ?аза?ты? екі ?ызын бірдей жалмады.Біз "Отан" деп со??ан ж?регімізбен бірге,еліміз ?шін жанымызды бердік.

         "Отан" ?шін от?а т?стік, а??у арманымыз аппа? ??с болып бейбіт елде ?мір с?ріп жатыр?ан б?гінгі жас ?рпа?ты? басына ба?ыт болып ?онды.

                   Хал?ым!

Же?іс к?ні ?атарлары?да ?аза?ты? ?ос аруы М?нш?к пен ?лия бірге т?р деп,  ойларсыздар!

Жа?а шы??ан г?лдерде, самал желде, жымы?да?ан ж?лдыздарда,м?лдіреп а??ан суларда, жа?а жауып ?ткен а? жа?бырда, к?лде ж?зген а??уларда М?нш?к пен ?лияны?  "елім" деп со??ан ж?регіні? л?пілі бар деп білесіздер!

Біз ?кінбейміз! Себебі Т?уелсіз к?к байра?ы желбіреген елім бар, бізді Же?іс к?ні келген сайын еске алатын хал?ымыз бар!

Хал?ымыз барда, біз бірге жасай береміз!

М?нш?кті?  а??у арманы:

-Ия біз ?мірге і?к?р сезіммен ?ашы?, а??у арманымыз алыс?а жетелеген,алдымыз?а сан т?рлі ма?сат ?ой?ан, жаны н?зік, ж?регі ?айсар, бойында намыстын оты жан?ан ?аза?тын ?аршадай ?ыздары едік. Кесте ?ста?ан,г?л терген ?олдарымызбен ?ару ?стаймыз деп ойла?ан жо? едік.Біз де а? боса?аны атта?ан а? келін атанып,?аза?тын нар?ас?а азаматтарыны? аяулы жары болса? деп  армандаушы едік. Арайлап ат?ан та?мен бірге т?рып, шашымызды ?ріп,м?лдір б?ла? суына а?ша бетімізді жуып,г?л терсек дейтін едік. Арманымыз к?п еді-ау,шіркін! О?у бітірсек, хал?ымызды? бір к?десіне жарап,?ызмет етсек, м??алім, д?рігер болса? деуші едік. Біра?.Біра?, с?м со?ыс б?кіл а??у арманымызды к?л-тал?ан етті.Біз батыр апаларымыз-Назымны?, Т?мар патшайымны?, Заринаны? ерлігін ?айталады?.Біз кектеніп т?рып жау?а о? атты?, намысты ту ?ылып, жанымыздан жас,т?німізден ?ан а?ызып, Отан ?шін жан бердік! А??у арман жаралан?ан аппа? ??с болып аспан?а ?шты.

         Біз ?кінбейміз, жас ?рпа?! Біз сия?ты миллионда?ан жастарды? ?ыршыннан ?иыл?ан жаны елімізге Же?іс туы болып желбіреп оралды ?ой!

Т?уелсіз елімізде "і?г?лап" ?мірге есік аш?ан ?рбір с?би ?нінде, жа?а отау ??р?ан жастарды? шатты? ?ні?де,бесігін тербеткен ананы? ?лдиінде, к?ктемде ?и?улап ту?ан жерге орал?ан  ??старды? ?анаттарында М?нш?кпен ?лияны? "елім" деп со??ан ж?регіні? л?пілі бар деп білесіздер!Біз ?мірден ерте кеттік деп ?кінбейміз! Себебі, ?н ?ранын шары?тат?ан, к?к байра?ын желбіретіп, ?ыран ??сы к?гінде ?алы?та?ан

Т?уелсіз елім бар, бізді Же?іс к?ні келген сайын еске алатын хал?ымыз бар!

Хал?ымыз барда бізде бірге жасай береміз!

Аналары?  сыр шертеді:

?ыз?алда?тай ?ыс?а ??мыр кешкен, ?ыршыннан ?иылып, ерте ?зілген ?ос г?лім мені?, ?лия мен М?нш?гім!

Сендерді с?м со?ыстан аман оралады  деп к?тіп едім, жолдарынды тосып ж?р едім.

Бір-бір ?йді? ба?ы болып,ба?ыт шамын жа?атын кезде, жауды? о?ынан ажал ??штындар, г?лдерім!  Сендер жау?а о? боп атылдындар,?мірлері?нен Отан алдында?ы борышты жо?ары ?ойып, ??рбан болдындар!  Ер жігітті? ?олынан келер ерлікті,сендер де жасадындар ?ой, ?лия мен М?нш?гім! ?ара жол?а ?арай –?арай к?зім талды, сендер со?ыстан оралмадындар ?ой! ?айтейін тым жас кетті?дер, жау?а жай о?ындай жар?ылдап тиіскен, ел намысын ту еткен, ?ос батыр ?ызы ?аза?ты?!

?лия А?т?беде, М?нш?к Орал к?шесінде ескерткіш болып, бейбіт ?мірді? са?шысы болып ?лі т?р?андай! Батыр болып ?сіп келе жатыр?ан, кейінгі ?рпа??а ?арап, жанымды ж?батамын.

Елі? барда, жері? барда,  ?аза? деген ха?ы? барда м??гі жасай бересіндер, ару ?ыздар, батыр ?ыздарым-М?нш?к пенен ?лия!

         Мен б?гін т?ні бойы М?нш?к пенен ?лия апаларды? рухымен сырластым.Та?ертен сырт?а шы?сам, Же?іс к?ні ?арса?ында ба?шада?ы аа?ызыл ?ыз?алда? г?лдерім ?ауызын ашып, самал желмен дір-дір етіп тербеліп т?р.Жапыра?тарына м?лдір шы? тамшылары т?рып, ?лия мен М?нш?кті? а?ты? демі бітіп бара жат?анда?ы ?ара к?здерінен ?зілген бір тамшы к?з  жасындай.

"Ел ?шін т?ккен ерлер ?анын ж?т?ан

  Ерлерді ?мытса да, ел, жер ?мытпас.

  Ар?анны? селі, желі, ш?лі,,белі,

  Ерлерді ?мытса да, ел де ?мытпас",- деп ?лты ?шін жанын берген ?айран Ма?жан Ж?мабаев а?ын атамыз жырла?андай, есімдері? ?мытылмайды батыр апаларым!

Омарова Айымг?л Н?рлыбек?ызы-бастауыш сынып м??алімі.

Батыс ?аза?стан облысы

Теректі ауданы.

Жайы? НОББМ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Батыс ?аза?стан облысы Теректі ауданы Жайы? НОББМ»



Батыр апалардың рухымен сырласу.

Міне, Жеңіс күні де жақындап қалды.Аталардың қанымен, қыршынынан қиылған жастардың ерте үзілген ғұмырымен , аңырап қалған ананың көз жасымен, әкесін іздеп, аңсаған баланың сарғайған сағынышымен келген Жеңіс... Тым қымбатқа түсті- ау, Жеңіс! Соғыс боздақтарын жалмаған талай шаңырақ ортасына түсті, ғұмыр бойы жарық тосумен өткен жас жесірлер өмірін өксумен өткізді. Қызғалдақтай қысқа ғұмыр кешкен, жауына оқ болып атылып,"елім","жұртым" деп соққан жүрегін жауға тосқан батыр апаларымыздың рухына бас иемін. Ал, бүгінгі жас ұрпақ, батыр апаларымыздың көзсіз ерлігін қайталай алар ма едік ?



" Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады"-дейді халық даналығы.

Кеше шәкірттерім батыр апаларымыз Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова өмірінен деректер жинап, соғыстағы ерлік істері туралы шығарма жазып келіпті. Бәріде батыр апаларындай елін қорғаған ұлтжанды, Отанын сүйген ұл-қыздары болып өскісі келеді.

-Мәншүк пен Әлия апалар нені армандады екен ?-деп сұрақ қойды бір шәкіртім.

Әрине , олар ақ көгершін аспанда қалықтап ұшқан бейбіт өмірді аңсады ,сол үшін құрбан болды. Бірақ, оқушымның осы сұрағы жанымды жай таптырмады. Армандарына жете алмаған, қызғалдақтай ғұмыр кешкен, аяулы батыр апаларым,мен сіздермен сырластым...

Сендер үнсіз сөйлеп тұрдыңдар... Жансыз суреттегі жанарларыңда қанша мөлдір мұң, өмірге іңкәрлік , елге сағыныш, Отанға адалдық сезімі жатты десеңші...

Әлияның аққу арманы:

-Ия, біз қызғалдақтай құлпырған,өмірге ғашық, жауқазындай жаңа ашылған гүл едік. Біз де ақ селеулі кең далада желмен жарыса жүгіріп, гүл теріп ,бозбала жігіттерге ұрлана көз тастауды, бір үлкен шаңырақтың отын жағып,бесік тербетуді армандаушы едік... Біз әлі ашылмаған гүл едік ,ата-анамыздың әлпештеген балапаны едік... Біз оқу бітіріп,елімізге пайдамызды тигізіп, халқымызға еңбек етсек деп армандайтын едік.

Мен Ақтөбенің Әлиясы болсам,Мәншүк Ақ Жайықтың аяулы қызы еді... Оныңда менің де жүрегім "Отан" деп соғатын.

Ия, біз өмірге өлердей ғашық едік. Мен Қобданың суына,Мәншүк Жайықтың суына шомылып шашын тарап, енді ғана бой жетіп келе жатыр едік. Аққу-арман! Аққу-арман бізді алысқа жетелейтін, жүрегіміз лүпілдеп, өмірге енді ғана қадам басқан едік... Бірақ... Бірақ...

Сұм соғысты сендер көрмендер, жас ұрпақ! Сұм соғыстың ажал оғы Қазақтың екі қызын бірдей жалмады.Біз "Отан" деп соққан жүрегімізбен бірге ,еліміз үшін жанымызды бердік.

"Отан" үшін отқа түстік, аққу арманымыз аппақ құс болып бейбіт елде өмір сүріп жатырған бүгінгі жас ұрпақтың басына бақыт болып қонды.

Халқым!

Жеңіс күні қатарларыңда қазақтың қос аруы Мәншүк пен Әлия бірге тұр деп , ойларсыздар!

Жаңа шыққан гүлдерде, самал желде, жымыңдаған жұлдыздарда,мөлдіреп аққан суларда, жаңа жауып өткен ақ жаңбырда, көлде жүзген аққуларда Мәншүк пен Әлияның "елім" деп соққан жүрегінің лүпілі бар деп білесіздер!

Біз өкінбейміз! Себебі Тәуелсіз көк байрағы желбіреген елім бар, бізді Жеңіс күні келген сайын еске алатын халқымыз бар!

Халқымыз барда, біз бірге жасай береміз!



Мәншүктің аққу арманы:

-Ия біз өмірге іңкәр сезіммен ғашық, аққу арманымыз алысқа жетелеген,алдымызға сан түрлі мақсат қойған, жаны нәзік, жүрегі қайсар, бойында намыстын оты жанған қазақтын қаршадай қыздары едік... Кесте ұстаған ,гүл терген қолдарымызбен қару ұстаймыз деп ойлаған жоқ едік.Біз де ақ босағаны аттаған ақ келін атанып,қазақтын нарқасқа азаматтарының аяулы жары болсақ деп армандаушы едік... Арайлап атқан таңмен бірге тұрып, шашымызды өріп,мөлдір бұлақ суына ақша бетімізді жуып,гүл терсек дейтін едік... Арманымыз көп еді-ау,шіркін! Оқу бітірсек, халқымыздың бір кәдесіне жарап ,қызмет етсек, мұғалім, дәрігер болсақ деуші едік... Бірақ...Бірақ, сұм соғыс бүкіл аққу арманымызды күл-талқан етті.Біз батыр апаларымыз-Назымның, Тұмар патшайымның, Заринаның ерлігін қайталадық.Біз кектеніп тұрып жауға оқ аттық, намысты ту қылып, жанымыздан жас ,тәнімізден қан ағызып, Отан үшін жан бердік! Аққу арман жараланған аппақ құс болып аспанға ұшты...

Біз өкінбейміз, жас ұрпақ! Біз сияқты миллиондаған жастардың қыршыннан қиылған жаны елімізге Жеңіс туы болып желбіреп оралды ғой!

Тәуелсіз елімізде "іңгәлап" өмірге есік ашқан әрбір сәби үнінде, жаңа отау құрған жастардың шаттық әніңде,бесігін тербеткен ананың әлдиінде, көктемде қиқулап туған жерге оралған құстардың қанаттарында Мәншүкпен Әлияның "елім" деп соққан жүрегінің лүпілі бар деп білесіздер!Біз өмірден ерте кеттік деп өкінбейміз! Себебі, Ән ұранын шарықтатқан, көк байрағын желбіретіп, қыран құсы көгінде қалықтаған

Тәуелсіз елім бар, бізді Жеңіс күні келген сайын еске алатын халқымыз бар!

Халқымыз барда бізде бірге жасай береміз!

Аналарың сыр шертеді:

Қызғалдақтай қысқа ғұмыр кешкен, қыршыннан қиылып, ерте үзілген қос гүлім менің , Әлия мен Мәншүгім!

Сендерді сұм соғыстан аман оралады деп күтіп едім, жолдарынды тосып жүр едім...

Бір-бір үйдің бағы болып ,бақыт шамын жағатын кезде, жаудың оғынан ажал құштындар, гүлдерім! Сендер жауға оқ боп атылдындар,өмірлеріңнен Отан алдындағы борышты жоғары қойып, құрбан болдындар! Ер жігіттің қолынан келер ерлікті ,сендер де жасадындар ғой, Әлия мен Мәншүгім! Қара жолға қарай –қарай көзім талды, сендер соғыстан оралмадындар ғой! Қайтейін тым жас кеттіңдер, жауға жай оғындай жарқылдап тиіскен, ел намысын ту еткен, қос батыр қызы қазақтың!

Әлия Ақтөбеде, Мәншүк Орал көшесінде ескерткіш болып, бейбіт өмірдің сақшысы болып әлі тұрғандай! Батыр болып өсіп келе жатырған, кейінгі ұрпаққа қарап, жанымды жұбатамын.

Елің барда, жерің барда, қазақ деген хақың барда мәңгі жасай бересіндер, ару қыздар, батыр қыздарым-Мәншүк пенен Әлия!

Мен бүгін түні бойы Мәншүк пенен Әлия апалардың рухымен сырластым.Таңертен сыртқа шықсам, Жеңіс күні қарсаңында бақшадағы аақызыл қызғалдақ гүлдерім қауызын ашып, самал желмен дір-дір етіп тербеліп тұр.Жапырақтарына мөлдір шың тамшылары тұрып, Әлия мен Мәншүктің ақтық демі бітіп бара жатқандағы қара көздерінен үзілген бір тамшы көз жасындай...

"Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді ұмытса да, ел, жер ұмытпас.

Арқанның селі, желі, шөлі,,белі,

Ерлерді ұмытса да, ел де ұмытпас",- деп ұлты үшін жанын берген қайран Мағжан Жұмабаев ақын атамыз жырлағандай, есімдерің ұмытылмайды батыр апаларым!

Омарова Айымгүл Нұрлыбекқызы-бастауыш сынып мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы.

Жайық НОББМ




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Батыс ?аза?стан облысы Теректі ауданы Жайы? НОББМ

Автор: Омарова Айымгул Нурлыбековна

Дата: 14.01.2016

Номер свидетельства: 276595


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства