Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік күніне арналған сценарий»
Тақырыбы:«Жайна бер, жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!»
жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың қолында Қазақстан туы, жалаушалар, Тәуелсіздікке арналған көрме. Балалар безендірілген залға кіреді.
Мақсаты: Балалардың Отан, КР Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айту, отаншылдық әндер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға колдарына ту, ұстап, саппен кіреді.
Әнұранды орындайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білукерек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- әнұран, көк ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан Тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің Президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Төқаев Жүргізуші: - ия, дұрыс балалар, ал тұңғыш Президенті кім болды?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: - жақсы балалар!
Жүргізуші: Еліміздің ел ордасы қай қала?
Балалар: Нұр-Сұлтан қала, ол -бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Ал, енді Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақ кезеңі (балалар тақпақ айтады)
Жүргізуші : кәнеки, балалар, ал енді ойынға кезек берейік.
Екі командаға бөлініп , «Пазл жинаймыз»
Шарты: Ту пазлын жинау керек. Қандай команда бірінші жинап болса, сол жеңімпаз болады.
Жүргізуші: өте керемет! Барлығың тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар!
Ұлдар сайысы - «Бәйге»
Ойын : «Қазақстан туын тап»
Балаларға көрініс «Самрук және Айдахар туралы аңыз» - сценка для «Легенда о птице Самрук и драконе Айдахаре»