Просмотр содержимого документа
«Тәуелсәздік күніне арналған сценарий»
Тақырыбы:
Тәрбие сағатының мақсаты:
-Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әніне жазылған «Менің елім»әнімен ашылды. «Сарыарқа»күй ойналып тұрады.
1- жүргізуші Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер және оқушылар! Сіздерді келе жатқан еліміздің Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз! Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата-бабаларымыздың арманы міне, бүгінде орындалып жатыр. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығын атап өтер тұста сол желтоқсан оқиғасына да міне 25 жыл толып отыр.
2-жүргізуші: Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
1-жүргізуші: Рахмет
І бөлім: Қазақстан-кеше...
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
ІІ бөлім: Қазақстан-бүгін...
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
ІІІ бөлім: Қазақстан-ертең...
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
2-жүргізуші Осы ұлы мейрамға арналған 5-10 –сынып оқушыларының арасында өтетін «Тәуелсіздік таңның нұры» сайысына қош келіпсіздер!
2)Отансыз адам - ... бұлбұл. (ормансыз-лес-forest)
3)Ер қанаты - ...(ат-лошадь-horse)
4)Ел көркі - ..., өзен көркі – тал. (мал-животное-animal)
5)Ел құлағы ...(елу-пятьдесят-fiffty)
6)Әкенің қадірін, балалы болғанда ... (білесің-знать-to know)
7)Халық күші алып ... (күш-сила-power)
8)Адал ұл ер боп туса ... тілегі. (ел-страна-country)
9)Отан ... ыстық. (от-огонь-fire)
10)Ер туса – елдің көркі,
Қыз туса - ...көркі. (жер-земля-world)
2-кезең. «Қазақстан туралы жалпы шолу» Қазақстан тарихына байланысты тапсырма, әр топқа мәтін беріледі, бос нүктелердің орнына жылдарды немесе сөздерді қоясыздар, кім бірінші болады.
1-ші топ тапсырмасы
Тәуелсіздік шежіресі
1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.
1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубакіров ғарышқа самғады.
1993жТұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.
1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.
1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997ж. Елорда Астанаға көшірілді.
2006ж. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
2010ж. ЕҚЫҰ самммиті
2-ші топ тапсырмасы
Тәуелсіздік шежіресі
1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.
1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ерлік көрсетті.
1992 жылы Қазақстан дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ мүше болды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілді.
1995 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды.
1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды.
1999 жылы ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды.
3-ші топ тапсырмасы
Қазақстан туралы жалпы шолу.
Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9-орын алады.Қазақстан аумағы 2,7 млн.шаршы шақырым.Қазақстан территориясы пайдалы қазбаларға бай.
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері-Елтанба,Жалау және Әнұраны бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы Президент резиденциясының,министрлер кабинеті,министрліктер,мемлекеттік комиттер,Ұлттық Ғылым Академиясы,жергілікті әкімшілік пен мәжіліс ғимараты,Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық және сауда мекемелері үйлнрінде көтеріледі.
Мемлекетіміздің астанасы-1997 жылы Астана қаласына көшірілді.Бүгінгі Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып саналады. Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінген. Республиканың батысында Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасса,солтүстігін Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары алып жатыр.Республиканың оңтүстік аймағында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облысы орналасқан республиканың орталық бөлігін ең ірі облыс- Қарағанды алып жатыр.
2-жүргізуші.
3-кезең «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» келесі сайыс мемлекеттік рәміздерге арналады
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
2-Жүргізуші Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)
«Өлең-сөздің патшасы»
1-топ:
Отаным Қазақстан туған елім,
Кең екен ғой қаншама дархан жерің.
Қасиетті қара жерді қалың жаудан
Қорғап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің
Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,
Табиғат та тербелед тірі жандай
Көкірегіңде тізілген тауларыңның
Арасынан батқан түн, атар таңдай
Кіндік қан тамған жерім Қазақстан,
Мендей ұрпақ саған арнап жазар дастан.
Елін сүйген ержүрек ұрпақтары,
Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан.
Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,
Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.
Тік ұстап туымызды, еңселі боп,
Орындайық бабалардың аманатын.
2-топ:
Қазақ жері- қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері- қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған- жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.
Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
Елдігіміз кең әлемге танылып,
Желбіреген аспан түстес Көк тумыз.
Талай зұлмат сорды бастан кештік біз,
Ақ ниетпен келгенге де, кеткенге
Айнымастан қолын созған достықпыз.
3-топ:
Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
Тілім менің- қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің.
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
Тілім менің- асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің.
Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
Тілден бұрын кетеді жалын демім.
Тілім менің- қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың, түгі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл қасіретім.
1-жүргізуші.
Келесі сайыс – Бәрін білгім келеді!деп аталады Қазақстан Республикасының тарихи шежіресіне арналған тақырыптағы сұрақтар әр топ ұяшық таңдап, ондағы жасырылған сұрақтарға жауап береді.(слаид)
2-жүргізуші.
Келесі кезең «Сиқырлы ұяшық» сайысы ұяшықты таңдап суретке сипаттама беру
1-топ: «Бәйтерек» (биіктігі, белгісі)
2-топ: «Қазақ елі»монументі (биіктігі, құс мүсінінің салмағы)
3-топ: «Думан» ойын-сауық орталығы ( орталыққа толық сипаттама)
1- жүргізуші соңғы тапсырма картадан Қазақстанның бұрынғы астаналары көрсет?
Орынбор
Қазақстанның бүрынғы Астаналары
Ақмешіт Алматы
Верный
2- жүргізуші Әділқазыларға сөз кезегін берейік
Қортынды:
1- жүргізуші: Еліміздің ертеңі, болшағы - сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық .
2- жүргізуші: Құлақ түрем елімнің тынысына ,
Мақтанам, қуанамын табысына ,
Елбасы мен халқымыз аман болса ,
Айналар Орта Азия « Барысына»
Тәуелсіздік шежіресі
___________________ Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда _____ құрылды.
__________ Мемлекеттік ____________ бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкер ________________ ғарышқа самғады.
_____________Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.
Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде ___-орын алады.Қазақстан аумағы _____ млн.шаршы шақырым.Қазақстан территориясы _____________________бай.
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері-_____________,_____________ және _____________ бар.
Мемлекетіміздің астанасы-_________ жылы ________ қаласына көшірілді.Бүгінгі ____________ қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып саналады. Ол ______әкімшілік территориялық облысқа бөлінген. Республиканың батысында ________, __________, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасса,солтүстігін ____________, _____________, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары алып жатыр.Республиканың оңтүстік аймағында ___________, ___________________, _______________ және ____________ облысы орналасқан республиканың орталық бөлігін ең ірі облыс- _____________алып жатыр.
1-топ:
Отаным Қазақстан туған елім,
Кең екен ғой қаншама дархан жерің.
Қасиетті қара жерді қалың жаудан
Қорғап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің
Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,
Табиғат та тербелед тірі жандай
Көкірегіңде тізілген тауларыңның
Арасынан батқан түн, атар таңдай
Кіндік қан тамған жерім Қазақстан,
Мендей ұрпақ саған арнап жазар дастан.
Елін сүйген ержүрек ұрпақтары,
Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан.
Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,
Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.
Тік ұстап туымызды, еңселі боп,
Орындайық бабалардың аманатын.
2-топ:
Қазақ жері- қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері- қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған- жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.
Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
Елдігіміз кең әлемге танылып,
Желбіреген аспан түстес Көк тумыз.
Талай зұлмат сорды бастан кештік біз,
Ақ ниетпен келгенге де, кеткенге
Айнымастан қолын созған достықпыз.
3-топ:
Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
Тілім менің- қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің.
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
Тілім менің- асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің.
Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
Тілден бұрын кетеді жалын демім.
Тілім менің- қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың, түгі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл қасіретім.
«Думан» ойын-сауық орталығы – күмбезді кеңістік, океанариум және кинозал Қазақстан үшін ойын-сауық индустриясында тағы бір жаңа модель – «Думан» орталығы, онда барлық отбасыңызбен демалуға болады. Үш мың километр қашықтықтан әкелінген Оңтүстік теңіздерінің тамшысы – океанариум қайталанбас, Қазақстандағы алғашқы және жалғыз аттракцион, «Думан» ойын-сауық орталығының жан жүрегі болып табылады. Ол: Океанариум, 3DКинотеатр, дәмхана және сауда залы желілері, серуендеуге және демалуға арналған орталық аймақ, «Джунгли» аттракционы, боулинг, казино, көп функционалды және қонақ үй кешені сынды бірнеше аймақтан құрылған біртұтас құрылым. Күмбезді залдан Сіздер: Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қорғанын, Галикарнас кесенесін, Азаттық мүсінін және тағы басқа көптеген дүниелерді көре аласыздар. Акватеатрдан қызықты теңіз көріністерін тамашалауға, жаныңда жүзіп жүрген акулаларды көруге болады. Кино залдағы дауыстың қаттылығы және арнайы көзілдіріктер көрермендерге өздерін экранда болып жатқан оқиғаның ортасында жүргендей әсер қалдырады.
Астана – Бәйтерек» кешені
«Астана - Бәйтерек» монументі – бұл Астананың белгісі болып табылатын теңдесі жоқ құрылыс. 97 метр биіктікте шолу алаңы орналасқан одан Сіз Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал ағаштың басына орнатылған алтын күн де, ішкі сәулеті де символ мәнді, үш аймаққа бөлінген және әлемнің үш негізін бейнелейтін салынып жатқан Қазақстанның жаңа астанасының көрінісін тамашалай аласыз. Металлдан, шыныдан және бетоннан жасалған «бәйтерек» әдемі, салынуы бойынша күрделі архитектуралық ғимарат: биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрылымы бес жүз діңгек қадамен ұсталынған. Күн сәулесінің әсерінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» шыныдан жасалған диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна шар дүние жүзінде алғашқы рет рекордты биіктікті бағындырды. Жас Астанада бой көтерген аталған монумент архитектуралық жаңарудың, Астананың, Қазақстанның символы болып табылады. «Астана-Бәйтерек» монументі бұл дүниеде жоқ аналогтардың әмбебап ғимараты, оны салу идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтікі. «Астана-Бәйтерек» монументінің маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы сияқты, оны «Аялы Алақан» – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі шығармашылық композициясынан көруге болады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді1997 жылды көрсететін Астананың мемлекеттің жаңа астана болғанын және осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа кезең нүктесі.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті .
Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.