kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сыпайылық" күніне тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сыпайылық" күніне орай естияр топ балаларымен тәрбие сағаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сыпайылық" күніне тәрбие сағаты»

Сыпайылық адамгершілік айнасы

 Мақсаты: «сыпайылық» туралы түсініктерін кеңейту. 
    Міндеттері: 
-    сыпайылық туралы түсініктерін кеңейту; 
-    жағымды қарым – қатынас дағдыларын дамыту; 
-    әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. 

Шаттық щеңбері 
Балалар ортаға жиналып, Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен айтып, бір – бірімен амандасады. Көшелерден біз өттік 
Ата  көрсем 
Жақын кеп 
Сәлем берем ізетпен: 
«Ассалаумағалейкум!», - деп 
Алдан әже жолықса, 
Бөгелемін әдейіліп:
Сәлемдесем сол тұста: 
«Есенсіз бе, әжей», - деп. 
Кім кезіксе көшеде
«Аға, тәте, көкеге, 
«Сәлеметсіз бе.

    Әңгімелесу
    Мұғалім  «әдеп», «дептілік» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, әңгімелесу жүргізеді.
    Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер? 
    Әдепті балалар қандай болады? 
    Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
    Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім төмендегідей қорытындылайды. 
    Әдепті сөздер – сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз, т.с.с. Әдепті балалар әдепті сөздерді үнемі қолданады. 
    Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала, ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкендерге, жасы кіші балаларға орын береді. Ата – анасының айтқанын орындайды. Әдепті бала айналысындағыларыменжақсы қарым – қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады. Өіне міндеттелген жұмыстарды атқарады. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді. 
    
Әңгімелеу
    Мұғалім балалармен В. Осееваның «Сиқырлы сөз» атты әңгімесін оқып, талдайды.
    Қария Павликке қандай сиқырлы сөз айтты. 
    Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға болама? 
Неліктен?
    Павликке қария кездеспесе не болар еді деп ойлайсыңдар?
    Сендерге осындай жағдайлар болды ма?
    Мұғалім балалардың жауаптарынан соң, мәтінді төмендегідей қорытындылайды. 
    Қария Павлике өтінемін деген сиқырлы сөз айтты. Павликті әдепсіз деп айтуға болмайды. Өйткені ол өз қатесін түсініп, қарияның тілін алып, сиқырлы сөзді айту арқылы өзінің отбасымен табысты. Егер қария кездеспесе, онда Павлик ешкіммен жылы сөйлесе алмайтын еді. 
    Әдепті балалар үлкендерді тыңдап, айтқандарын екі етпей орындап, жылы сойлеседі. Әдепті балалар біреуден бір нәрсе сұрағысы келсе, Павлик сияқты көзіне тура қарап, ақырын, жайлап сұрағын жеткізеді және өтінемін деген сөзді айтуды ұмытпайды. 

    Ойын «Әдепті сөздер» 
    Балар шеңберге отырып, допты лақтырып – қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздерді айтады. 
-    Рақмет. 
-    Сәлем! 
-    Қалың қалай?
-    Сәлеметсіз бе? 
-    Амансыз ба? 
-    Қош келдіңіз! Сізді көргеніме өте қуаныштымын! 
-    Кешіріңіз! Өтінемін. 
-    Сау болыңыз! Қош болыңыз! Кездескенше!

 

Шығармашылық жұмыс «Әдептілік ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырып, бөлменің көрнекті жеріне іліп қояды. 

Әдептілік ережелері 
Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. 
Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. 
Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. 
Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. 
Ескертусіз үйден, балабақшадан кетіп қалмайды. 

Дәйексөз
Мұғалім балаларға «Әдепті бала – жақсы бала» деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. 

Ғажайып сөздер
Біз - әдепті, сыпайы боламыз. 
Әдепті бала – жақсы бала. 

Қорытындылау
-    Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жүректен жүрекке 
Мұғалім балалардың есте сақтауларын дамыту мақсатында Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен қайталатады. Бұл өлеңнің мәтіні шаттық шеңберінде берілген

























МҚКҚ «Айгөлек» Петровка балалар бақшасы





Сыпайылық тәрбие айнасы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Сыпайылық" күніне тәрбие сағаты

Автор: Кусаинова Гульмира Турарбековна

Дата: 08.10.2020

Номер свидетельства: 559438

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Т?рбие са?аты: "?депті бала - арлы бала, ?депсіз бала - сорлы бала""
    ["seo_title"] => string(50) "trbiiesagatydieptibalaarlybaladiepsizbalasorlybala"
    ["file_id"] => string(6) "272725"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452056005"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Т?рбие са?аты: "?депті бала - арлы бала, ?депсіз бала - сорлы бала""
    ["seo_title"] => string(51) "trbiiesagatydieptibalaarlybaladiepsizbalasorlybala1"
    ["file_id"] => string(6) "272726"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452056012"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""?дептілік" т?рбие са?аты."
    ["seo_title"] => string(25) "dieptilik-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "313258"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459444840"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты ?дептілік-?демілік"
    ["seo_title"] => string(29) "trbiiesagatydieptilikdiemilik"
    ["file_id"] => string(6) "274326"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452359760"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""?демілік - ?дептілік"  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "diemilikdieptiliktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "270706"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451235216"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства