kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз мерекесіні? сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіні? сценариі. ?олдану?а ?сынылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесіні? сценарийі»

Наурыз жоралғыларын қайталау. Оқушылардан бүгінгі айтылған, орындалған  наурыз жоралғыларын  сұрау.

Наурыз жоралғылары:

Құшақтасып көрісу,

Төс қағыстыру.

Қыдыр атаның енуі.

Саумалық айту.

Наурыз көже.

Селт еткізер.

Ағаш отырғызу.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған әзірлеме .

19.03.2016ж.                               «Қош келдің, Наурыз!»

Музыка ойнап турады

Жаршы:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Наурыз тойы басталды! Бір орында тұрмаңыздар!
Естімегендер естіңдер!
Тыңдамағандар тыңдаңдар!
Наурыз тойын бастаймыз!
2. Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!
3. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жарлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
Ал, кәнеки, халайық,
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап - шырқап алайық!
(Әтеш шақырады).

Адамдардың орындықтары жолынан сүйінші сұраған кішкентай бүлдіршіндер мен Жер Ана шығады. (кішкентай қыздар билеп Бәйшешек болып ашылады)

Жүргізші:

Қасиетті Жер – Ана - алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі.


Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.


Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Адам өзінің туын - өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.

Жүргізуші: Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып күтіп баптағаннан көбейе түседі.

Жүргізуші: Біздің мерекемізге қош келдің! Қасиетті Жер Ана!

Жер Ана: Қош көрдік! Қош көрдік!
Құт - береке Наурыз айым келді деп
Жер түледі жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен, кең далам
Толықсиды жырға бөлеп, елжіреп
Аспанымда ақша бұлттар аунайды
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз мейрам
Аңқылдаған қазағымнан аумайды
Армысыздар алты алаштың айбынды ұрпағы! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Күн мен түн теңеліп жер анаға жылу сыйлаған Наурыз мерекесі құтты болсын. Әз наурыз еліміздің керегесі кең тереземізді өзгелермен тең етсін.

Жүргізуші 1: Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады!

 Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Думандатып мектебімді,
Наурыз тойын тойлайық

Жүргізуші :Жаңа жылды, Наурыздың  22 - сі халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағат еткен. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса,

« нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

  Ән»Жарапазан» ( Сахариева Балшекер)

Жүргізуші :Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

Жүргізуші : «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған.

Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді. Қызыр ата келмес бұрын үй-жайымызды тазарлап, бір-біріміздге саумалық айтайық.


Жүргізуші: Наурыз мерекесіндегі сәлемдесу  түрі қалай аталады? Балалар, Наурыз мерекесінің  ең негізгі  жоралғысы – құшақтасып көрісу, жаңа тілек тілеу.

(Балалар құшақтасып көріседі, төс қағыстырады)

Наурыздың тағы бір жоралғысы – «Саумалық» айту. Наурыз келгенін бір-біріне хабарлау «саумалық» деп аталады. Саумалық  өлеңмен айтылады Ал, ендеше, саумалық айтып  көрейікші. (9-сынып ұл-қыздары)

Ұлдар:

Саумалық, саумалық,

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?.

Қыздар:

Иә, нәурізек келді!

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Ұлдар:

Иә, көк тас еріді.

Екі топ бірге:

Ескі жыл кетті,

Жаңа жыл келді.

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

2 жүргізуші:- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ендеше, Наурыз мерекесіндегі амандасудың бір түрін көрейікші.Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің



Ән « Наурыз »  Макульбекова Меруерт

Жүргізуші: 1 - жүргізуші:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2 - жүргізуші:
Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22 - ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
3 - жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.

(Сахнада әжелер аластауға кіріседі)
Жүргізуші : Әже, не істегелі жатырсыздар? (біреуінен сүрайды)
Әже: Балам - ау, алас - алас бәле жаладан сақтасын! Жаңа жыл басталғалы жатыр, Наурыз келді, жамандықтан елімізді сақтасын деп аластағалы жатырмыз.

(сахнға 7 шырақ ұстаған ұлдар шығады)
Әжелер адыраспанмен аластайды.
Әжелер:
Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді.
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
Менің ұрпақтарымды аман ет!
Пәле жаладан сақтай гөр!
Жамандық әрі кет, әрі кет!

(Халыққа қарап иіледі де, сахнадан шығып кетеді


Аластау (Кулзипа апай, Райгүл апай, Биғаным апай, Камал С, Гүлжан апай, Гүлнар апай,Карлығаш Уашевна)

2 - жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)
3 жүргізуші: Қанекей әжелер, шашуларыңызды шашыңыздар!
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!

2 Жүргізуші:
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл - көсір.
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.

Терме айтылады: Самал.

Жүргізуші: Қараңыздар! анау келе жатқан Қыдыр ата емес пе?
Мерей: Иә дұрыс айтасың, Мерей, Қызыр ата ғой келе жатқан.
Жүргізуші: Асалаумағалекум, Ата! Наурыз тойы құтты болсын! Қош келдіңіз!
«Қызыр Ата» келеді (залдың ортасымен) келіп дастарханға жайғасады.

Қызыр ата: Уағаликумассалам, балалар, ағайын! Бүгінгі күн мен түні, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін! Жер - ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін! Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз - бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!
(Осы кезде 7 келіншек шығып, Қызыр атаның алдына 7 түрлі дәм қояды) (олар да отырады)

Келіншектер тобынан :
Ау, аман ба жарандар,
Келе жатыр жылымыз.
Мейрамдаймыз мұны біз,
Жас балаша нұрланып.
Жадырайды күніміз
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар,
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық, тұрыңдар.
Жүргізуші: Қадірлі жиналған қауым, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанибет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жөргегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастайтын, ерекше күн деп саналған. ..............................

Әже: Иә, балалар, дәл осы күні күн мен түн теңеледі екен.
(Сахнаға күн мен түн келеді. Екеуі әуенмен ары-бері жүріп тартысқандай көрініс береді)

Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн : Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі: Бірдей болып бізде

            Теңелеміз бүгін 

Түн: Ал ертен күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап

(Түн шығып кетеді)

Күн (халыққа қарап):

Сәлем, ана, ұстаздар,
Айналайын балалар,
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда
Уақыт іздеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға,
Наурыз айы туыпты,
Әне Наурыз келеді,
Әсемдеңдер жер енді!
(ортаға әсем әуенмен Наурыз қыз келеді)

Наурыз ару: Сәлем анам алтын күн,
Сәлем қарты халқымның,
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым!
Келіншектер тобы:
Қош келіпсің аманбыз,
Арман тойы анамның,
Қуанышы ғаламның,
Құтты болсын қадамың,

Келіншектер тобы:
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Бейбітшілік тойы деп,
Қол соғады барша жұрт!
Наурыз Ару:
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз,
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз.
Наурыз Ару:
Күн мен түн тең келеді,
Күнде ұзарып мен енді,
Гүл мен жерді жайнатып,
Гүлден, Наурыз, сен енді.

Наурыз Ару::
Жайнатамын гүл гүлде,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.


Жүргізуші: Рахмет, Наурыз Ару, Күн ана тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

Дастарханға жайғасыңыздар!

2 - жүргізуші: ата салтын сақтай отырып, арамыздағы ел ішіне сыйлы, құрметті ақсақалымыз - Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңыз да бар болар?
Қыдыр ата:
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақылың серік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын,
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин!

Қыдыр ата: Қош болыңдар, балалар! Мен енді басқа ауылға барып ақ дастархандарына бата берейін. Наурыз қыз, Күн, Түн жүріңдер бірге ел аралап, жақсы тілек айтайық. (Шығып кетеді)
Наурыз қыз ,Күн мен Түн кетеді Қыдыр атамен.
Жүргізуші: Қазақ халқының салт- дәстүрі молшылық. Соның бірі «Тұсау кесу» рәсімі.Тұсауды баланың аяқ алысы жақсы, нық болу үшін кеседі. Тұсауды еті тірі, жүрісі түзу адамға кестіреді. 

Жүргізуші 

Тұсау кесудің үш түрі бар : 

  1. Малдың тоқ шегімен кескенім Тоқшылық болсын дегенім

  2. Көк шөппен кескенім Көктей көгерсін дегенім

  3. Ала жіппен кескенім Адал болсын дегенім


(Жерге ақ мата төселеді. Отырған келіншектер арасынан Екі жеңгесі келіп баланы жетектеп ортаға шығарады.) 

Әже: (Айжан апай)

Ал мен немеремнің тұсауын, барлық ұлтпен тату бол деп – тіл-көзден аман болсын, біреудің ала жібін аттамасын деп, ала жіппен кесемін. 

Қаз,қаз балам Қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін – деп, әже немересінің тұсауын кеседі. Ұстап тұрған жеңгелері, бірі-екішісіне қарай қарсы келіп тілектерін айтады 

1 жеңге : Тұсауың кесілді құлама

Тізеңді жаралап жылама

Құлындай құлпырып жүгірші

Қанекей, өзіңді сына да – алдынан екінші жеңге қолын созып тұрып, қаз-қаз басып келе жатқан сәбидің алдына тұрып тілегін айтады.

2 жеңге : Ұзақ болсын еншалла өмірің

Тасысын шаттықтан көңілін

Жарқырап күн санап өсе бер

Жарқылдап семсердей сенімің - деп жеңгенің біреуі «Орамал тон болмайды, жол болады деп» әжеге орамал ұсынады. 

Ән « »


Жүргізуші :Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

(Сахнада атасы мен немересі)

Бала: Ата, Осы жайнап тұрған көп ағаштарды қалай осірген? Наурызда ағаш егу дегенді түсіндіріп беріңізші?

Ата: Айналайын, балам! "Бір тал кессең - он тал ек" деген парасатты бабаларымыздың өнегелі жолын ұрпақ санасында . Ендеше, ежелден Наурыз мейрамында Ағаш егу дәстүрге айналған. «..........................................................................................................................................................................................................................

Жүргізуші 1: Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. 
Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз! 
Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!

Қош сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Наурыз мерекесіні? сценарийі

Автор: Бактыбаева Асем Бакзоловна

Дата: 05.06.2016

Номер свидетельства: 332638

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "8 Наурыз мерекесімен"
    ["seo_title"] => string(22) "8nauryzmieriekiesimien"
    ["file_id"] => string(6) "319310"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460799129"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Сценарий на праздник "Наурыз" "
    ["seo_title"] => string(29) "stsienarii-na-prazdnik-nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "167257"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423063903"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "8 наурыз мерекесіні? сценарийі"
    ["seo_title"] => string(32) "8nauryzmieriekiesininstsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "319739"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460947939"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "8 наурыз мерекесіні? сценарийі"
    ["seo_title"] => string(33) "8nauryzmieriekiesininstsienariii1"
    ["file_id"] => string(6) "319740"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460947954"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "8-наурыз мерекесіне арнал?ан  Ерте?гілік " Айналайын а? мамам!""
    ["seo_title"] => string(67) "8-nauryz-mieriekiesinie-arnalg-an-iertien-ghilik-ainalaiyn-ak-mamam"
    ["file_id"] => string(6) "306802"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458203939"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства